Филиалдар



М. Әуезов атындағы филиал
103627  кітап қоры бар, ірі қалалық кітапханалардың бірі. Мерзімді басылымдардың бай қоры бар: экономикалық, заңнамалық, педагогикалық, психологиялық журналдар мен газеттер кеңінен қамтылған, сондай-ақ «адам жаны үшін» басылымдары бар. Кітапханада балалар бөлімі жұмыс жасайды, негізгі мақсаты – балаларды оқуға ынталандыру.
Меңгеруші: Агигаева Қарлығаш Айтанқызы
Мекен -жайы: Абай көшесі, 127
Телефон: 45-15-74
Жұмыс уақыты: 9.00-19.00
М.Шолохов атындағы филиал
Білімгер жастардың көп жылдан бері тартылатын орны – М. Шолохов атындағы кітапхана болып табылады. Кітапхананың негізгі постулаты: ақпарат – бұл билеуші (фактор). Кітапхана  аса маңызды, керекті және дер кезінде берілетін ақпаратты  бағалай білетін  білімгерлерге үнемі толы болады, оқырмандарға толық көлемде ақпарат ұсынады. Кітапхана ұстанымы – кәсіптік компетентті, белсенді және өзіне сенімді жас буынға көмек көрсету.
Кітапхананың кітап қоры — 40018 дана.
Меңгеруші: Тасмағамбетова Айнаш Садуовна
Мекен -жайы: «Қаратау» ы.а., 34 үй.
Телефон: 57-47-73
Жұмыс уақыты : 9.00-19.00
Ғ. Мұратбаев атындағы филиал
Кітапхана ісінде жаңа әдістер мен жұмыс түрлерін пайдалану – кітапхана ұжымы қызметінің басты шарты. Кітапхана  қаланың жоғары оқу орындары мен мектептерінде жалпы білім беру процесіне белсенді түрде қатысады. Бұл кітапханада ықшам ауданның жас оқырмандарына қызмет көрсететін балалар бөлімі жұмыс істейді.
Кітапхананың кітап қоры – 38704 дана.
Меңгеруші: Ахумбекова Жаңагүл Тоқмырзаевна
Мекен-жайы: «Жайлау» ы.а., 5 үй.
Телефон: 34-63-47
Жұмыс уақыты: 9.00-19.00
№4 кітапхана
Кітапхана  Облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығында орналасқан. Оның жұмысы болашақ аналарға, жас әйелдерге және балаларға ақпараттық көмек көрсетуге бағытталған. Оқырмандар кітапхананың келелі, қажетті және өз уақытында толық көлемде ұсынатын ақпараттарын жоғары бағалайды.
Кітапхананың кітап қоры – 9077 дана.
Меңгеруші: Жолина Гүлжанар Жаңбыршықызы
Мекен-жайы: 13 (Бәйтерек) 8 үй
Телефон: 53-22-56
Жұмыс уақыты: 9.00-19.00
№ 5 кітапхана 
Кітапхананың ұстанымы мынадай: кітапханаға келген әрбір адам оқуға әуестерген оқырманға айналуы үшін еңбектену. Оған мүмкіндік мол. Кітапханаға жаңа компьютерлер қойылған, мәтіндерді сканерлеу құрылғысымен, кескіндер, аудио және видео құжаттарымен жабдықталған электронды зал жұмыс істейді. Электронды зал қорындағы құжаттар коллекциясы әртүрлі, әр оқырман өзіне керекті, маңызды ақпаратты таба алады.
Кітапхананың кітап қоры – 24184 дана.
Меңгеруші: Қалжанова Жанар Жақсылыққызы
Мекен -жайы: Пушкин көшесі, 57
Телефон: 43-64-11
Жұмыс уақыты: 9.00-19.00
№ 6 кітапхана
Кітапхана 2008 жылы ашылған. Оның техникалық арсеналында ADSL технологиясы бойынша Интернетке қол жеткізілген, заманауи компьютерлік паркі, интерактивті тақта, кітапхананы басқа филиалдар жүйесімен байланыстыратын аймақтық желі, көшірме техникасы бар. Филиалда ОКЖ-де құрылған библиографиялық және толықмәтінді ДҚ жинақталған. Кітап қоры – 28801 дана.
Меңгеруші: Бекпатшаева Айгерім Шалқарбайқызы
Мекен-жайы: Рахимов көшесі, 55
Телефон: 34-95-17

Жұмыс уақыты: 9.00-19.00

№ 7 кітапхана

Кітапхана Құмшағал шағын ауданында орналасқан, онда оқу залы және абонемент бөлімдері халыққа қызмет көрсетеді. Кітапхана әр түрлі бағыттар: өлкетанулық, өнегелік, патриоттық тәрбие және т.б. бойынша жұмыс  жүргізе отырып, маңызды мәдени – ағарту орталығына айналады. Кітап қоры – 11761 дана.

Меңгеруші: Көбеева Ләззат Темиртасовна

Мекен – жайы: Құмшағал шағын ауданы, А.Байтұрсынов көш. №1 үй.

Телефон: 55-00-45

Жұмыс уақыты: 9.00-19.00