Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Бердібек Соқпақбаев – 100 жыл

Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.

Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналады.

Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай әзірленген «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты виртуалды көрмені ұсынамыз.

 

Көрмені қараңыз…

 

Бейнелеу өнерiнiң алтын дiңгегi

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға халқымыздың ұлы суретшісі, қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай әзірленген «Бейнелеу өнерiнiң алтын дiңгегi» атты виртуалды көрме-экспозицияны ұсынамыз.

 

 

 

Көрмені қараңыз…

Мотивация – жетістікке жеткізетін күш

   Қазіргі таңда әр адам жетістікке жетсем екен, батыл қадамдармен өмірімді өзгертсем, дұрыс орта тапсам, табысты болып кетсем, мінезімді өзгертсем және көптеген осындай сұрақтарға жауап іздеп жүрген жан аз емес. Құрметті оқырмандар Сіздердің назарларыңызға «Мотивация – жетістікке жеткізетін күш» атты виртуалды көрмемізді  ұсынамыз. Виртуалды көрмеден ұсыңған кітаптар арқылы көптеген сұрақтарыңызға жауап таба аласыздар.

Виртуалды көрмемізге қош келдіңіз!

 

 

Көрмені қараңыз…

Дарынымен дараланған дарабоз

                

Кие дарып, құт қонған Әулиеата өңірі ешқашан қаламы қарымды, қадамы алымды қаламгерлерге кенде болған емес. Жуалыда туып, алаш аспанында жұлдызы жанған Шерағаның ізін жалғаған хас таланттар ортамызда жүр.

Сарысудың самал желінен жанға қуат алған белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, ауданның Құрметті азаматы, балаларға арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасқа толуына орай «Дарынымен дараланған дарабоз» атты виртуалды көрмемізді ұсынамыз!

 

Көрмені қараңыз…

Шынның жүзі – Шераға

Шерхан Мұртаза. Бұл есімнің халық жадында жатталғанына елу жылдан асып кетті. Сол елу жылда әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан Мұртазаның жұлдызы еш көмескіленбей, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті.

Құрметті оқырмандар, біздің кітапхана сіздерге арнап шындықтың шырақшысы атанған қайсар мінезді қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Шынның жүзі – Шераға» атты виртуалды көрмесін әзірледі.

 

Көрмені қараңыз…

Рәміздерім – елдігімнің белгісі

Елдің ел, мемлекеттің мемлекет екенін, дербестігі мен өз шекарасы барын айғақтайтын басты нышан – оның рәміздері.

Символикалық тұрғыда әр елдің рәміздерінде сол елге тән болмыс тарихи детальдар көрініс табады.

Оған Қазақстанның көк байрағын мысал етуге әбден болады. Тудың түсі, қалықтаған қыран бейнесі, жарқыраған күн мен одан сәуледей таралған 32 шуақ, тігінен салынған ою-өрнек – бәрі-бәрі бір-бірімен астасқанда, ұлттық көрінісімізден бірден хабар береді. Елдіктің нышаны саналатын Елтаңбадағы белгілер де ерекше.

Шаңырақ, қанатты пырақ, жұлдыз бір-бірімен үйлесім тапқан.

Сіздердің назарларыңызға 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай әзірленген «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» атты виртуалды көрмені ұсынамыз!

Көрмемізге сәтті сапар!

Көрмені қараңыз….

 

 

2022 жылғы Мерейгер кітаптар

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға 2022 ж. мерейгер кітаптарға арналған виртуалды көрмемізді ұсынамыз.

Әр кітаптың өз тарихы, оның жарыққа шыққан күні, шыққан жылы бар. Осы уақыттан бастап кітаптың жасы есептеле бастайды. Адамдар сияқты кітаптардың да мерейтойлары бар.

Жазушылар мен ақындар өз туындыларымен адамдарды таңдандырып, сүйсіндіре алса, олар мәңгі ұмытылмайды. Ал кітаптардың мерейтойын тойлау оларды тағы да бір оқып шығуға себеп болмақ.

Сіздерге сәтті сапар біздің виртуалды көрмемізге!

Көрмені қараңыз…

Кітаппен өмір шуақты

Құрметті балалар!

      Әдеби кітапты оқу арқылы, Сіздер сезімге, ерекше көңіл-күйге, эстетикалық сұлулыққа бөленіп, танымдық, энциклопедиялық кітаптар арқылы білім алып, ой-өрістеріңді дамытасыздар. Кітап оқуүлкен мәдениет пен интеллектуалдық  жетістіктердің  іргетасы.

     Кітап күнделікті өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналуы керек. Кітап оқу сіздерді  ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілеттеріңізді, есте сақтауды, қиялдарыңызды дамытады, танымдық қызметтеріңізді  анықтайды.

    Балалар, Сіздерді шетел әдебиеті жазушыларының «Кітаппен өмір шуақты» атты көрмесімен танысуға шақырамыз.

 

Көрмені қараңыз…

«Кітап – құпиялы ұлы ғажайып әлемі»

Құрметті  балалар!

Барлықтарыңызға мәлім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, осыған орай біздің кітапхана сіздерге арнап  «Кітап – құпиялы ұлы ғажайып әлемі» атты  виртуалды көрмесін әзірледі.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Виртуалды көрмемізге сәтті сапар!

Көрмені қараңыз…

Қазақ хандығына 550 жыл

Біз өз мемлекеттілігіміздің та­рихын санауда 550 жылдықпен шек­теліп қалмай, өз жерімізде арғы-бергі замандарда дәуірлеп өткен мемле­кет­термен тарихи тамырластық және са­бақтастықты сақтауға тиіспіз.

Мә­селен, 545 жылы Ашина Бумын қаған Түркі Елін, Қағанатты құрды.

Демек, алдағы 2015 жылы түркілер тарихын­дағы тұңғыш мемлекеттің құрыл­ғанына 1470 жыл толады. Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға ықпал ететін осындай айтулы даталарды мерекелеуге бағыт­талған іс-шаралар бір жылмен шек­телмей, үйлесімді түрде 2016 жылы Қа­зақстан Респуб­ликасының Тәуел­сіздігінің 25 жыл­дығына жалғасуға тиіс.

Осылайша, қазақстандықтар бо­йында мем­лекеттік ой-сана бекиді және егемендігіміздің қуатты тұғырына айналады.

Асқар ОМАРОВ, түрколог

Көрмені қараңыз…