Қызмет бағыттары
КІТАПХАНАЛАР ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН АЙҚЫНДАЙТЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
БАҒЫТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
2026 ЖЫЛ
Бүгінде кітапхана тек кітап қоры мен ақпарат көзі ғана емес, ол қала тұрғындарының білімін кеңейтетін, рухани құндылықтарды насихаттайтын, шығармашылық пен мәдениетті тоғыстыратын заманауи көпшілік кеңістік. Цифрлық технологиялардың дамуы, оқырмандардың ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерінің өзгеруі кітапхана қызметін жаңа деңгейге шығаруды талап етеді. Осыған орай Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі 2026 жылға арналған стратегиялық бағыттар мен міндеттерін айқындай отырып, қоғамның заманауи талаптарына сай жұмыс істеуді басты мақсат етіп отыр. Алдағы жылы кітапхана қызметі ақпараттық кеңістікті кеңейтуге, оқырманмен жұмыс формаларын жаңғыртуға, мәдени ағартушылық іс-шараларды заманауи бағытта ұйымдастыруға бағытталады. Сонымен қатар, кітапхана мамандарының кәсіби әлеуетін көтеру, қоғаммен өзара тиімді байланыс орнату да негізгі басымдықтардың бірі болмақ.
Оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде 2026 жылы келесі бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлауда. Олар:
— Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын және үстіміздегі жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан; өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау,
— «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында кітапханадағы кітап қорын насихаттау мақсатында мектеп оқушыларын өз өңірінің тарихымен таныстыру үшін кітапханаларға саяхат ұйымдастыру;
— «AMANAT» партиясының «Қазақстан кітапханалары — заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңына айналдыру мақсатында Абай атындағы Орталық кітапханасы, М. Әуезов атындағы кітапханасы, «Ұлы дала» шағын ауданының кітапханасы және №4, №5, №6 кітапханаларындағы Коворкинг-білім беру орталықтарының жұмысын жалғастыру;
— Әдебиет, кино және театр сүйгіш балаларды бірлесіп түрлі тақырыптарда көрген кинолары туралы әсерлерімен пікір алмасу арқылы қызығушылықтарын тудыру, көркемдік дүниетанымымен қабылдауды, әдеби сөздік қорды кино көріп, кітап оқу арқылы молайту, іскерлік пікірталастар жүргізуге дағдыларын қалыптастыру, өлкемізде мәдени-ағартушылық қызметті кеңейту мақсатында М. Әуезов атындағы кітапханасының балалар бөлімінің жанынан ашылған шағын кинозал жұмысын жалғастыру;
— «Ақпараттық білім беру» орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге ақпараттық білімге қол жетімділігін арттыру барысында «Компьютерлік сауаттылық негіздері» білім бағдарламасы бойынша компьютерді пайдалануды үйрету;
-«Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту», «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» Жобаларын жалғастыру, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру;
— Оқырмандарға рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымыз, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы насихаттау мақсатында бір жылда «Жүз кітап оқып, ой бөлісемін» оқырман бенефисінің іс-шарасын жалғастыру;
— Республика күні қарсаңында оқырмандарды кітап оқуға тарту, оның ішінде көркем әдебиетті оқыту арқылы ұлтымыздың тілін,дінін, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын үйрену, шешендік және астарлы сөздердің мән-мағынасын түсіндіру мақсатындағы «Көркем әдебиет- ұлтымыздың құнды жауһарлары» байқауын жандандыру;
— Кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өткізілетін іс-шараларды жалғастыру;
— Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамдарын кеңейту, көркемсөз бен табиғаттың үндестігін сезіндіру арқылы шығармашылық әуелеттерін ашу, танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында «Кітап оқы, талқыла, суретте» Жобасын жалғастыру;
— Отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал жасау мақсатында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығымен бірлескен «Кітап және отбасы» Жобасын жалғастыру;
- Жастарға үлгі болар, өлкемізде әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, өз ісінің мамандары мен елімізге танымал тұлғалармен оқырмандарды кездестіру, үлгі болар тұлғаларды насихаттау, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, сала бойынша әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Киелі өлкенің кілті – біздің қолымызда» Жобасын жалғастыру;
- Жергілікті «Jambyl» телеарнасынан оқырмандарға кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерді таныстыру мақсатында «Жаңа кітаптарға-жарқын жол» Жобасын жалғастыру,
- ОККЖ Web-сайтына «Кітапхана балаларға ұсынады» — «Детское время в библотеке» атты айдары бойынша, кіші және орта жастағы қолданушылардың назарына балалар әдебиеттерін ұсыну, жыл бойы айдарды қызықты мәліметтермен толықтырып отыру (балалар әдебиетінің ақпаратты бюллетені, виртуалды көрмелер т.б.)
Кітапханалар қызметінің негізгі міндеттері:
— Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басты ұстанымы ақпаратқа кез-келген оқырманның қол жетімділігін қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу;
-жасөспірімдер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;
кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;
— жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.
— Мектеп және оқу орындарының бағдарламаларындағы әртүрлі пәндерге арналған қосымша кітаптарды насихаттау;
— оқырмандар арасында отандық әдебиеттердің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысу;
— кітап қорын жаңа көркем әдебиеттермен, мерзімді және мультимедиялық басылымдармен тұрақты түрде толықтырып, «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» Жобасы бойынша мәтіндерді цифрлау жұмысын жалғастыру және жергілікті авторлардың шығармаларын сайтқа орналастыруды жалғастыру;
— Кітапхананы жаңарту «модернизациялау» жұмысын жандандыру бойынша қала тұрғындарының ақпараттық шығармашылық бағыттағы талап – тілегін орындау үшін, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Құжаттарды электронды тасымалдау», «Виртуалды анықтамалық қызмет», Жобаларының жұмысын жалғастыру;
— «Оңтүстік меридиан» өлкетану Жобасы бойынша кітапханалық ресурстарды – дерекқорларды толықтыру;
— ОККЖ Web-сайтындағы жұмысты жетілдіру: ақпараттың сапасы мен жаңалығы, оның жеделдігі, пайдаланушылармен байланыс аясын кеңейту;
-Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық «WEB-RABIS» бағдарламасын кітапхана жұмысына енгізу; «RWБИС» бағдарламасымен де жұмысты жалғастыру;
— Республикалық онлайн конференцияларға, әдістемелік зерттеулерге
мүмкіндігінше қатысу;
— Әдеби көркем шығармалар арқылы жастарды, жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу, ой-өрісті дамыту, сөйлеу мәдениетін үйрету мақсатында «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту»;
— жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту мақсатында «Жастар — кітап әлемінде» атты Жобаларының жұмысын жалғастыру;
-Ғұлама тұлғаларымызды және олардың еңбектерін оқырмандарға насихаттау мақсатында қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы, ғалым, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық, екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық, қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық, Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошмұхамбет (Қошке) Дүйсебайұлы Кемеңгеровтің 130 жылдық мерейтойларына іс-шаралар ұйымдастыру;
— мемлекеттік тіліндегі басылымдарды, оның ішінде балаларға арналған кітап қорларын көбейтуді жалғастыру;
— ақпараттық-библиографиялық жұмысты кеңейту;
— Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, облыстық музеймен, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығымен қаладағы оқу орындарымен, мектептермен және басқа да мекемелермен бірлескен жоспар бойынша іс-шараларды өткізу;
— Кітапханашылардың кәсіби дайындығы қазіргі талаптарға сәйкес келу үшін әрбір маман бүкіләлемдік кітапхана ісін жетілдірудің замануи тенденциялары туралы білуі үшін, мамандарды республикалық, облыстық конференциялары мен кеңес, семиналарға қатысуын қамтамасыз ету және жүйеде семинар – тренингтер, сабақтар өткізіп, шеберлік мектебі жұмысын өз деңгейінде жалғастыру;
— Жас мамандардың кәсіби білімін арттыру;
— Жергілікті газеттермен, телеарналармен дәстүрлі қалыптасқан байланысты жалғастыру;
— Кітапхананың негізгі қызметінен тыс ақылы қызметті жалғастыру;
— Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу;
— Жұмыс тәртібі мен кітапхана тазалығын үнемі назарда ұстау;
— Еліміздегі елеулі оқиғаларға дер кезінде үн қосу.