Мәшһүр Жүсіп Көпеев – 165 жыл
Қазақ тарихында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Жас кезінде Шығыс әлемінің білімімен сусындаған, кейіннен орыс тілін меңгеруі арқылы Батыс өркениетінің де ғылыми жаңалықтарымен танысқан ол тарих, этнология (шежіре нұсқалары), фольклористика (жинастырған ауыз әдебиет үлгілері), әдебиет (ақындығы), тіл тарихы, этнография (қазақ халқының салт – дәстүрі туралы шығармалары), философия, медицина (емшілік, дәрілік өсімдіктер туралы), космология ғылым салаларына арналған еңбектерді жазып қалдырды.