Қызмет бағыттары



Ел Прзиденті Қ.К.Тоқаев: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық ролі ешқашан мәнін жоғалтпайды»xa0xa0 деп атап көрсеткен болатын.

Уақыт толқынында адамзаттың тұрмысына қарай жаңарып, санасына қарай кемелденіп келген кітапхана келбетіxa0 қазір мүлде басқа бағытта өзгерді. Озық ақпараттық технологиялар дәуірлеген қазіргі заман ағымыменxa0 қатар дамып, уақыт талабынаxa0 қарай оқырмандарға xa0әдеби дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүйелі түрде қызмет көрсетіп келе жатқан кітапхана, қоғам сұранысына сайxa0 орталық екенін дәлелдеп келеді.

Оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық орталық ретінде Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі 2025 жылы келесі бағыттарда жұмысxa0 жүргізуді жоспарлауда. Олар:

— «Қазақстан – 2050» стратегиясын», Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын және xa0үстіміздегі жылғы xa0«Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»xa0» xa0аттыxa0 Жолдауын насихаттау,

— «Өз жеріңді танып біл»xa0 жаңа бастамасы аясында кітапханадағы кітап қорын насихаттау мақсатындаxa0 мектеп оқушыларын өз өңірінің тарихымен таныстыру үшін кітапханаларға саяхат ұйымдастыру;

— «AMANAT» партиясының «Қазақстан кітапханалары — заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңына айналдыру мақсатында Абай атындағы Орталық кітапханасы, М. Әуезов атындағы кітапханасы, М. Шолохов атындағы және №4, №5, №6 кітапханаларындағы Коворкинг-білім беру орталықтарының жұмысын жалғастыру;

— Әдебиет, кино және театр сүйгіш балалардыxa0xa0 бірлесіп түрлі тақырыптарда көрген киноларыxa0 туралы әсерлеріменxa0 пікір алмасу арқылы қызығушылықтарын тудыру, көркемдік дүниетанымымен қабылдауды,xa0 xa0әдеби сөздік қорды кино көріп, кітап оқу xa0арқылы молайту, іскерлік пікірталастар жүргізуге дағдыларын қалыптастыру, xa0 өлкемізде мәдени-ағартушылық қызметті кеңейту мақсатында М. Әуезов атындағы

кітапханасының балалар бөлімінің жанынан ашылған шағын кинозал жұмысын жалғастыру;

-xa0 «Ақпараттық білім беру» орталығында xa0мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге ақпараттық білімге қол жетімділігін арттыру барысында «Компьютерлік сауаттылық негіздері» білім бағдарламасы бойыншаxa0 компьютерді пайдалануды үйрету;

— Қазақстан Республикасындағыxa0тілxa0саясатын іске асырудыңxa02020 – 2025xa0жылдарға арналғанxa0мемлекеттікxa0бағдарламасы;

-«Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту», «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» Жобаларын жалғастыру, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру;

— Оқырмандарға рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымыз, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы насихаттау мақсатында бір жылда «Жүз кітап оқып, ой бөлісемін» оқырман бенефисінің іс-шарасын жалғастыру;

— Республика күні қарсаңында оқырмандарды кітап оқуға тарту, оның ішінде көркем әдебиетті оқыту арқылы ұлтымыздың тілін,дінін, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын үйрену, шешендік және астарлы сөздердің мән-мағынасын түсіндіру мақсатындағы «Көркем әдебиет- ұлтымыздың құнды жауһарлары»xa0 байқауын жандандыру;

— Кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өткізілетін іс-шараларды жалғастыру;

-xa0Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамдарын кеңейту, көркемсөз бен табиғаттың үндестігін сезіндіру арқылы шығармашылық әуелеттерін ашу, танымдықxa0 белсенділіктерін арттыру мақсатында «Кітап оқы, талқыла, суретте» Жобасын жалғастыру;

— Отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру,xa0 ұлттықxa0 дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал жасау мақсатында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығымен бірлескен «Кітап және отбасы» Жобасын жалғастыру;

  • Жастарға үлгі болар, өлкемізде әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, өз ісінің мамандары мен елімізге танымал тұлғаларменxa0 оқырмандарды кездестіру,xa0 үлгі болар тұлғаларды насихаттау, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауғаxa0 үйрету, сала бойынша әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Киелі өлкенің кілті – біздің қолымызда»xa0 Жобасын жалғастыру;
  • Жергілікті «Jambyl» телеарнасынан оқырмандарға кітапханаxa0 қорына келіп түскен жаңа әдебиеттердіxa0 таныстыру мақсатында «Жаңа кітаптарға-жарқын жол» Жобасын жалғастыру,
  • ОККЖ Web-сайтына «Балауса балалық шақ» — «Детское время» атты айдары бойынша, кіші және орта жастағы қолданушылардың назарына балалар әдебиеттерін ұсыну, жыл бойы айдарды қызықты мәліметтермен толықтырып отыру (балалар әдебиетінің ақпаратты бюллетені, виртуалды көрмелер т.б.)

Кітапханалар қызметінің негізгі міндеттері:

— Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басты ұстанымы ақпаратқа кез-келген оқырманның қол жетімділігін қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу;

-жасөспірімдер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;

кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуғаxa0 қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;

— жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

— Мектеп және оқу орындарының бағдарламаларындағы әртүрлі пәндерге арналған қосымшаxa0 кітаптарды насихаттау;

— оқырмандар арасында отандық әдебиеттердің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында Республикалықxa0 «Бірxa0 ел – бірxa0 кітап»xa0 акциясына қатысу;

— кітап қорын жаңа көркем әдебиеттермен, мерзімді және мультимедиялық басылымдармен тұрақты түрде толықтырып,xa0xa0 «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» Жобасы бойыншаxa0 мәтіндерді цифрлау жұмысын жалғастыру және жергілікті авторлардың шығармаларын сайтқа орналастыруды жалғастыру;

— Кітапхананы жаңарту «модернизациялау» жұмысын жандандыру бойынша қала тұрғындарының ақпараттық шығармашылық бағыттағы талап – тілегін орындау үшін, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Құжаттарды электронды тасымалдау», «Виртуалды анықтамалық қызмет»,xa0 Жобаларыныңxa0 жұмысын жалғастыру;

— «Оңтүстік меридиан»xa0 өлкетану Жобасы бойынша кітапханалық ресурстарды – дерекқорларды толықтыру;

— ОККЖ Web-сайтындағыxa0 жұмыстыxa0xa0 жетілдіру: ақпараттың сапасы мен жаңалығы, оның жеделдігі,xa0 пайдаланушылармен байланыс аясын кеңейту;

-Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық «WEB-RABIS» бағдарламасын кітапхана жұмысына енгізу;xa0 xa0«RWБИС»xa0 бағдарламасымен де жұмысты жалғастыру;

-xa0 Республикалық онлайн конференцияларға, әдістемелік зерттеулерге

мүмкіндігінше қатысу;

-xa0xa0xa0 Әдеби көркем шығармалар арқылы жастарды, жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу, ой-өрісті дамыту, сөйлеу мәдениетін үйрету мақсатында «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту»;

— жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттықxa0 құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениеттіxa0 болып тәрбиеленуіне үлес қосып,xa0 жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту мақсатында «Жастар — кітап әлемінде» атты Жобаларының жұмысын жалғастыру;

-Ғұлама тұлғаларымызды және олардың еңбектерін оқырмандарға насихаттау мақсатында ақын, ойшыл, энциклопедист — ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидың 1005 жылдық, қазақтың ұлы ғалымы, географ, тарихшы, шығыстанушы, этнограф, фольклоршы Ш.Уалихановтың 190 жылдық, қазақ халқының ұлыxa0 ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық, қазақтыңxa0аса көрнекті ағартушысы, жазушы,қоғам қайраткеріxa0 Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойларына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, ҚР Конституцияның 30 жылдығына xa0іс-шаралар ұйымдастыру;

— мемлекеттік тіліндегі басылымдарды, оның ішінде балаларға арналған кітап қорларын көбейтуді жалғастыру;

-xa0 ақпараттық-библиографиялықxa0 жұмыстыxa0 кеңейту;

— Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, облыстық музеймен, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығымен қаладағыxa0 оқу орындарымен, мектептермен және басқа да мекемелермен бірлескен жоспар бойынша іс-шараларды өткізу;

-xa0 Кітапханашылардың кәсіби дайындығы қазіргі талаптарға сәйкес келу үшін әрбір маманxa0 бүкіләлемдікxa0 кітапхана ісін жетілдірудің замануи тенденциялары туралы білуі үшін, мамандарды республикалық, облыстық конференциялары мен кеңес, семиналарға қатысуын қамтамасыз ету және жүйеде семинар – тренингтер, сабақтар өткізіп, шеберлік мектебі жұмысын өз деңгейінде жалғастыру;

-xa0 Жас мамандардың кәсіби білімін арттыру;

— Жергілікті газеттермен, телеарналармен дәстүрлі қалыптасқан байланысты жалғастыру;

-xa0 Кітапхананың негізгі қызметінен тыс ақылы қызметті жалғастыру;

-xa0 Қоғамдықxa0 жұмыстарғаxa0 белсене қатысу;

-xa0 Жұмыс тәртібі мен кітапхана тазалығын үнемі назарда ұстау;

-xa0 Еліміздегі елеулі оқиғаларға дер кезінде үн қосу.