Кітапханашыдан сұра
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОКЖ ВИРТУАЛЬДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) ОКЖ-ның онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға Абай атындағы Орталық кітапхананың Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі, сондай-ақ кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жауап береді.
Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі — тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.
Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?
Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Одан басқа нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.
Сұраққа берілген жауаптарда:
— ОКЖ электронды каталогі немесе Интернет мәліметтері дереккөздеріне
сілтеме;
— әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);
— сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;
— құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.
Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.
Шектеулер
Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.
Біз физика, математика, құқық т.б пәндері бойынша есептерді шешумен айналыспаймыз. Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.
Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.
Егер Сіз бірнеше сұрақ жіберген болсаңыз, біз өз қарауымызша оның біреуіне ғана жауап береміз.
Сұрақ қою
-
2 июня 2026
Кітап жазғызып алуға болама определенный срокқа дейінСаламатсыз ба, құрметті оқырман! Сізге жауап берген қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Нұрпейсова Гульнур. Кітап алудың өзінің ережесі бар. Көркем әдебиет - бір айға беріледі. Сұранысқа ие кітаптар (мотивациялық, психология) - екі аптаға беріледі. Жалпы мектепке арналған оқулықтар - бір, екі аптаға беріледі. Тарихи кітаптар - екі аптаға. Кітап алу үшін жеке құжатыңызбен келіп, жазыласыз. Кітапты таза, ұқыпты, уақытылы өткізу керек. Кітапхана жұмыс істеу уақыты 9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс жасайды, жексенбі демалыс күн. -
2 июня 2026
Саламатсыздар ма! «Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы қай кітапханаңызда бар?Саламатсыз ба! «Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы кітапханамыздың келесі филиалдарында бар: 1. Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері" атты ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы [Мәтін] : 15-16 қараша 2007 ж., Түркістан қаласы. - А.: Арыс, 2008. - 250 б. / ОИФ, аб-ЦБ, ф. 16, ч/з-ЦБ , ч/з-а -
29 мая 2026
Саламатсыздар ма! Елен Әлімжанның “Жанұран” туындысы керек еді, болса қай кітапханада барын көрсетсеңіздер! Алдын ала рақмет!Саламатсыз ба, Айнур! Жазушы Елен Әлімжанның «Жанұран» туындысы жеке кітап болып кітапхана қорында жоқ. Бірақ, бұл шығарма автордың «Тақталас» атты кітабының құрамына енген, ол кітап қорымызда бар. Төменде қай кітапхада барын көрсеттік. Әлімжан, Е. Тақталас [Мәтін] : (пьесалар, бірқақпайлар) - Тараз: Сенім, 2006. - 256 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф. 16, ф. № 5. -
4 мая 2026
Сәлеметсіз бе?Кітапханада educon кітаптары бар ма?Сәлеметсіз бе, Тогжан! Қазіргі уақытта кітапханамыздың қорында “Educon” баспасынан шыққан кітаптар жоқ екенін хабарлаймыз. Дегенмен, бізде ҰБТ-ға дайындалуға арналған басқа баспалардың оқу құралдары жеткілікті. Кітапханаға келіп, өзіңізге қажетті пәндер бойынша материалдарды пайдалана аласыз. Сонымен қатар, “Educon” кітаптарын Kaspi.kz сияқты маркетплейстер арқылы онлайн тапсырыс беріп алуға мүмкіндігіңіз бар. -
13 апреля 2026
Сәлеметсіздер ме! Кітапханаларыңызда Джеймс Клирдің «Атом әдеттері» атты кітабы бар ма?Сәлеметсіз бе Алимжан! Джеймс Клирдің «Атом әдеттері» атты кітабы қорымызда бар, төменде қай кітапханадан алуға болатынын көрсеттік: Клир, Д. Атом-әдеттер [Мәтін] : жақсы әдетті үйрен, жаман әдеттен жирен : кішкентай әдеттер, үлкен нәтижелер| ; [ауд. Б. Хасанова]. - А.: Мазмұндама, 2023. - 244 б.ОИФ, аб-ЦБ, ф. № 4, ф. № 6 (аб)