Загрузка...

Қызмет бағыттары



Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. Елбасы Н. Назарбаев «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында өзіндік бірегей орнымызды алу үшін, бірегей ұлт болғымыз келсе, біз тағы бір жобаны іске асыруымыз қажет, ол – жаһандану әлеміндегі қазіргі заманғы қазақ мәдениеті», – деп атап көрсеткен болатын. Мәдениет саласының ең негізгі бір бағыты кітапхана ісі. Кітапхана – мәңгілік елдің рухани мұрасын дамытатын, сақтайтын және насихаттайтын ақпараттық орта. Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін, кемел келешегін зерделеп, жаңа заман тарихын қалыптастыратын білімді де білікті, рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеп, көздеген мақсаттарына бағыт-бағдар беретін мәдени мекен. Қазақ елінің рухани тұғырын мәңгілікке негіздеп, болашаққа бағдар жасаған уақытта – рухани білім ошақтары кітапханалардың өрлеу, жаңару, кезеңін қалыптастырып, оқырман талабына сай жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін кітапхана ісінде  жүзеге асыру.  Өйткені кітап  – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы.

  Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі 2022 жылы келесі бағыттарда жұмыс  жүргізуді жоспарлауда: Олар:

  • «Қазақстан – 2050» стратегиясын», Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын және үстіміздегі жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты жаңа Жолдауын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын,  «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:
  • «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында кітапханадағы кітап қорын насихаттау мақсатында  мектеп оқушыларын өз өңірінің тарихымен таныстыру үшін кітапханаларға саяхат ұйымдастыру;
  • «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңына айналдыру мақсатында Абай атындағы Орталық кітапханасы, М. Әуезов атындағы кітапханасы, М. Шолохов атындағы және №6 кітапханасындағы Білім беру (Коворкинг) орталықтарының жұмысын жалғастыру
  • Әдебиет, кино және театр сүйгіш балаларды   бірлесіп түрлі тақырыптарда көрген кинолары туралы әсерлерімен  пікір алмасу арқылы қызығушылықтарын тудыру,  көркемдік дүниетанымымен қабылдауды,   әдеби сөздік қорды кино көріп, кітап оқу  арқылы молайту, іскерлік пікірталастар жүргізуге дағдыларын қалыптастыру,   өлкемізде мәдени-ағартушылық қызметті кеңейту мақсатында М. Әуезов атындағы кітапхансының балалар бөлімінің жанынан ашылған шағын кинозал жұмысын жалғастыру;
  • «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында

Абай атындағы Орталық кітапханасы, М. Әуезов атындағы кітапханасы, №5 кітапханасы, №6 кітапханасындағы «Цифрландырылған ақпараттық орталықтардың»  жұмыстарын жалғастыру;

  • «Ақпараттық білім беру» орталығында  мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге ақпараттық білімге қол жетімділігін арттыру барысында «Компьютерлік сауаттылық негіздері» білім бағдарламасы бойынша  компьютерді пайдалануды үйрету;
  • Қазақстан Республикасындағы тілсаясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • «Мәдени мұра» бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту жөніндегі тұжырымдамасы;
  • Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңында көрсетілген кітапханалық бағдарламаларды жүзеге асыру.
  • «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығын жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ашық аспан астында өтетін «Жазғы оқу залы», «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту», «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» Жобалары аясында көптеген мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Оқырмандарға рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымыз, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы насихаттау мақсатында бір жылда «Жүз оқырманға – жүз кітаптан оқыту» оқырман бенефисінің іс-шарасын жалғастыру;
  • Оқырмандардың талап тілегін толық қанағаттандыру мақсатында кітапхана қорынан табылмаған кітаптарды  қала тұрғындарының үй кітапханасынан  тауып беру үшін,  үй кітапханасы бар тұрғындармен достық қарым-қатынаста болып, серіктестік құру;
  • Кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өткізілетін іс-шараларды жалғастыру;
  • Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамдарын кеңейту, көркемсөз бен табиғаттың үндестігін сезіндіру арқылы шығармашылық әуелеттерін ашу, танымдық  белсенділіктерін арттыру мақсатында «Кітап оқы, талқыла, суретте» Жобасын жалғастыру;
  • отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру, ұлттық  дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал жасау  «Анаға тағзым» орталығымен бірлескен «Анаммен бірге оқимын» Жобасын жүзеге асыру
  • Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, жас аналарға және жасөспірім қыздарға ұлы тұлғалардың даналығын дәріптеу мақсатында «Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде «Ұлы даланың дара тұлғалары» жобасы аясында жергілікті «Jambyl» телеарнасының «Ұлағат» айдарын әдебиеттерді насихаттау жұмысын жалғастыру;
  • ОККЖ Web-сайтына «Балауса балалық шақ» – «Детское время» атты айдар қосу, кіші және орта жастағы қолданушылардың назарына балалар әдебиеттерін ұсыну, жыл бойы айдарды қызықты мәліметтермен толықтырып отыру (балалар әдебиетінің ақпаратты бюллетені, виртуалды көрмелер т.б.)

Кітапханалар қызметінің негізгі міндеттері:

  • Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басты ұстанымы ақпаратқа кез-келген оқырманның қол жетімділігін қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу;
  • жасөспірімдер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;

– кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға  қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;

  • жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.
  • Мектеп және оқу орындарының бағдарламаларындағы әртүрлі пәндерге арналған қосымша кітаптарды насихаттау;

– оқырмандар арасында отандық әдебиеттердің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында Республикалық  «Бір  ел – бір  кітап»  акциясына  қатысу;

– кітап қорын жаңа көркем әдебиеттермен, мерзімді және мультимедиялық басылымдармен тұрақты түрде толықтырып,   «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» Жобасы бойынша  мәтіндерді цифрлау жұмысын жалғастыру және жергілікті авторлардың шығармаларын сайтқа орналастыруды жалғастыру;

  • Кітапхананы жаңарту «модернизациялау» жұмысын жандандыру бойынша қала тұрғындарының ақпараттық шығармашылық бағыттағы талап – тілегін орындау үшін, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Құжаттарды электронды тасымалдау», «Виртуалды анықтамалық қызмет», Жобаларының  жұмысын жалғастыру;
  • «Оңтүстік меридиан» өлкетану Жобасы бойынша кітапханалық ресурстарды – дерекқорларды толықтыру;

– ОККЖ Web-сайтындағы  жұмысты   жетілдіру: ақпараттың сапасы мен жаңалығы, оның жеделдігі,  пайдаланушылармен байланыс аясын кеңейту;

– автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық «WEB-RABIS» бағдарламасын кітапхана жұмысына енгізу;

–  «RWБИС»  бағдарламасымен де жұмысты жалғастыру

–  Республикалық онлайн конференцияларға, әдістемелік зерттеулерге мүмкіндігінше қатысу;

  • Әдеби көркем шығармалар арқылы жастарды, жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу, ой-өрісті дамыту, сөйлеу мәдениетін үйрету мақсатында «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту»;

– жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық  құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті  болып тәрбиеленуіне үлес қосып,  жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту мақсатында «Жастар – кітап әлемінде» атты Жобаларының жұмысын жалғастыру;

-Ғұлама тұлғаларымызды және олардың еңбектерін оқырмандарға насихаттау мақсатында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық, қазақтың көрнекті ақыны Дулат Бабатайұлының  220 жылдық, Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының  220 жылдық мерейтойларына іс-шаралар ұйымдастыру;

–      Қазақстан Республикасының   рәміздеріне  30 жыл   толуына орай жастарға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту мақсатында мәдени іс-шаралар өткізу арқылы әдебиеттерді насихаттау;

– мемлекеттік тіліндегі басылымдарды, оның ішінде балаларға арналған кітап қорларын көбейтуді жалғастыру;

–  ақпараттық-библиографиялық  жұмысты  кеңейту;

– Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, облыстық музеймен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, қаладағы  оқу орындарымен, мектептермен және басқа да мекемелермен бірлескен жоспар бойынша іс-шараларды өткізу;

–  Кітапханашылардың кәсіби дайындығы қазіргі талаптарға сәйкес келу үшін әрбір маман  бүкіләлемдік  кітапхана ісін жетілдірудің замануи тенденциялары туралы білуі үшін, мамандарды республикалық, облыстық конференциялары мен кеңес семиналарға қатысуын қамтамасыз ету және жүйеде семинар – тренингтер, сабақтар өткізіп, шеберлік мектебі жұмысын өз деңгейінде жалғастыру;

–  Жас мамандардың кәсіби білімін арттыру;

– Жергілікті газеттермен, теледидармен дәстүрлі қалыптасқан байланысты жалғастыру;

–  Кітапхананың негізгі қызметінен тыс ақылы қызметті жалғастыру;

–  Қоғамдық  жұмыстарға  белсене қатысу;

–  Жұмыс тәртібі мен кітапхана тазалығын үнемі назарда ұстау;

–  Еліміздегі елеулі оқиғаларға дер кезінде үн қосу.