Кітапханашыдан сұра



ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОКЖ ВИРТУАЛЬДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) ОКЖ-ның онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға Абай атындағы Орталық кітапхананың Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі, сондай-ақ кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жауап береді.

Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі – тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.

 

Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?

Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Одан басқа нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.

Сұраққа берілген жауаптарда:

– ОКЖ электронды каталогі немесе Интернет мәліметтері дереккөздеріне

сілтеме;

– әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);

– сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;

– құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.

Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.

 

Шектеулер

Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.

Біз физика, математика, құқық т.б пәндері бойынша есептерді шешумен айналыспаймыз. Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.

Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.

Егер Сіз бірнеше сұрақ жіберген болсаңыз, біз өз қарауымызша оның біреуіне ғана жауап береміз.

 


Сұрақ қою


Сіздің сұраңызға жауап кейін хабарлама арқылы келеді
  • Anonymous 16 Қараша 2023
    Вопрос

    Ответ