Кітапханашыдан сұра
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОКЖ ВИРТУАЛЬДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) ОКЖ-ның онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға Абай атындағы Орталық кітапхананың Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі, сондай-ақ кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жауап береді.
Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі — тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.
Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?
Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Одан басқа нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.
Сұраққа берілген жауаптарда:
— ОКЖ электронды каталогі немесе Интернет мәліметтері дереккөздеріне
сілтеме;
— әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);
— сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;
— құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.
Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.
Шектеулер
Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.
Біз физика, математика, құқық т.б пәндері бойынша есептерді шешумен айналыспаймыз. Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.
Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.
Егер Сіз бірнеше сұрақ жіберген болсаңыз, біз өз қарауымызша оның біреуіне ғана жауап береміз.
Сұрақ қою
-
9 ноября 2026
Здравствуйте! Исследую семейную историю и ищу краеведческие публикации о Захаре Ефремовиче Кононыхине (6 апреля 1915 — 18 июля 1994). Встречаются варианты фамилии Каноныхин и отчества Ефимович.Помогите, пожалуйста, найти публикации, позволяющие установить его преподавательскую биографию: точное учебное заведение, годы и предмет работы, а также семейные сведения, если они названы в опубликованном тексте. Подойдут библиографическая справка со ссылками, страницы краеведческого сборника, юбилейная заметка или некролог с указанием газеты, даты и страницы.Если в фонде есть подшивки «Знамени труда», адресные ориентиры — юбилей около 6 апреля 1975 или 1985 года и некролог во второй половине июля 1994 года. Это направления поиска, а не утверждение, что такие публикации выходили. Если выполнение или копирование платные, прошу сначала сообщить условия и стоимость. БлагодарюДобрый день, Дмитрий! К сожалению, нам не удалось найти никаких сведений по вашему запросу. Мы тщательно проверили наши краеведческие базы данных, каталоги и картотеки. Также были внимательно изучены подшивки газеты «Знамя труда» за 1965, 1975 и 1985 годы, но упоминаний там не обнаружилось. Номера за 1994 год в наших фондах не сохранились, поэтому мы на всякий случай проверили первое полугодие 1993 года (второе полугодие не сохранилось), однако и это не принесло результатов. Нам очень жаль, что мы не смогли вам помочь. Что касается личных дел в школах, то, по имеющейся у нас информации, они хранятся в учебных заведениях в течение 10 лет, после чего их передают в архив на хранение. Всего вам доброго! -
3 ноября 2026
ПоллардЭ. Рефлективті оқыту негіздері кітабы бар маҚұрметті оқырман! Сұранысыңызға рақмет! Поллард Э. автордың «Рефлективті оқыту негіздері» атты кітабы қазіргі уақытта кітапханамыздың қорында жоқ. Сіздің сұранысыңыз назарға алынды. Алдағы уақытта кітапхана қорын толықтыру барысында аталған басылымның болуы ескерілетін болады. Кітапхана қорына түскен жағдайда, Сізге хабар беретін боламыз. Кітапханамызға қызығушылық танытып, қызметімізді пайдаланғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! -
23 октября 2026
* Фёдор Достоевский* Франц Кафка* Харуки Мураками* Рю Мураками* Кобо Абэ* Стивен Кингосы жазушылардын китаптары бармаҚұрметті, Шах! Сіз іздеген әлем әдебиетінің алыптары: Ф. Достоевский, Ф. Кафка, Харуки Мураками, Рю Мураками, Кобо Абэ және С.Кинг сияқты бірегей сөз зергерлерінің туындылары біздің кітапханамыздың қорында бар екенін зор қуанышпен хабарлаймыз. Осы авторлардың кітапханамызда бар кітаптары төмендегі әдебиеттер тізімінде көрсетілген. Біздің есігіміз сіз үшін әрдайым ашық!- Достоевский, Ф.М. Ағайынды Карамазовтар [Мәтін] : роман - Астана: Аударма, 2004. - 928 б. / ОИФ, аб-ЦБ, ф.5
- Достоевский, Ф.М. Ақ түндер [Мәтін] : сентиментальды роман : қиялшылдың естелігінен; [ауд. Д. Исабеков]. - Қарағанды: Qasym, 2024. - 96 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.4, ф.8, ф.16
- Достоевский, Ф.М. Бишаралар [Мәтін] : роман [ауд. С. Талжанов]. - Қарағанды: Qasym, 2022. - 214 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.4, ф.6 (аб), ф.16
- Достоевский, Ф.М. Нақұрыс [Мәтін] : роман ; ауд. Н. Сыздықов. - А.: Жазушы, 1983. - 616 б. / аб-ЦБ
- Кафка, Ф. Құбылу [Мәтін] : [ауд. Ә. Әбіласанұлы]. - А.: Мазмұндама, 2023. - 420 б. / ОИФ, ф.4
- Акутагава, Р. Тозақ азабы [Мәтін]: новеллалар Лексингтондағы елестер : әңгімелер / Харуки Мураками. - Астана: Аударма, 2011. - 344 б. / аб-ЦБ, ф.16
- Абэ, Кобо. Құм құрсауындағы әйел [Мәтін] Бөтен бет : романдар Жапон жаны : роман / Кэндзабуро Оэ.-Астана: Аударма, 2006. - 480 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.4, ф.5, ф.6 (аб), ф.16
- Кинг, С. Жасыл миль [Мәтін] : роман ; ағылшын тіл. ауд. М. Сембайқызы. - Астана: Фолиант, 2023. - 376 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.4, ф.5, ф.6 (аб), ф.7, ф.8, ф.16
- Кинг, С. Өлі аймақ [Мәтін] : роман ; ауд. Г. Айшихова.-Астана: Фолиант, 2026. - 488 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.3, ф.4, ф.5, ф.6(аб), ф.7, ф.8, ф.10, ф.11, ф.12, ф.13, ф.15, ф.16, ф.17, ф.18, ф.20
- Кинг, С. Сол [Мәтін]. 1 т. Өткеннің елесі ; ауд. З. Әбдешев. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. - 696 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.4, ф.6 (аб), ф.7
- Кинг, С. Сол [Мәтін]. 2 т. Қауышқан шақ ; ауд. З. Әбдешев. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022. - 892 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф.4, ф.6 (аб), ф.7
- аб-ЦБ, ч/з-ЦБ, Өнер ОИФ, АБҚЕб, КПАб, М/О - Абай ат. Орталық кітапхана, «Самал» м.а., 36 үй
- аб-а, ч/з-а, д/о-1 - М. Әуезов атындағы кітапхана, Абай даң., 127 үй
- № 3 - Ақбұлым алабының кітапханасы, Жібек Жолы көшесі №97
- № 4 - «Бәйтерек» м.а., 8 үй
- № 5 - «Тараз-Болашақ» колледжі, Пушкин көш., 57 үй
- № 6- Қалалық мәдениет үйі, Рахимов көш., 55 үй
- № 7 - Құмшағал ш.а, Ордабасы көш., Мәдениет үйі (кітапхана)
- № 8, д/о-2 - Ғ. Мұратбаев атындағы филиал, 3 м.а., 5 үй
- № 10 - Бектобе алабының кітапханасы, Жамбыл көшесі №136
- № 11- Жалпақтөбе алабының кітапханасы, Жалпақтөбе көшесі №163
- № 12 - Қоңыртөбе алабының кітапханасы, Күлтобе көшесі №7
- № 13 - Қызыл жұлдыз алабының кітапханасы, Қ. Тортаева көшесі №70
- № 15 - Сұлутөр алабының кітапханасы, Қ. Пірімқұлов көшесі №12
- № 16 - Ұлы Дала ш.а кітапханасы, 15 ш.а., 136 үй
- № 17 - Талас алабының кітапханасы, Достық көшесі №18
- № 18 - Түрксіб алабының кітапханасы, Р. Рүстемов көшесі №1
- № 20 - Шайқорық алабының кітапханасы, Сихымбай баба көшесі №17а
-
13 октября 2026
Битама Мырзамбетұлының электронды ктаптары керек едіСәлеметсіз бе! Сұранысыңыз бойынша Битама Мырзамбетұлының электронды кітаптары қорымызда бар. Оларды келесі сілтемелер арқылы тауып, жүктей аласыз:- Электронды каталог арқылы. Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, іздеу жүйесіне автордың есімін жазу арқылы екі кітапты да таба аласыз:
- «Өлкетанудың алтын сөресі» айдары арқылы (Тек «Арман-ай» повесі бар): Бұл кітаптың электронды нұсқасын мына тікелей сілтемеден бірден жүктеп алуыңызға болады:
- Мырзамбетұлы, Б. Арман-ай [Мәтін] : повестер. - Тараз: Рысбаева және Ко, 2002. - 109 б.
- Мырзамбетұлы, Б. Ой-тоғыс [Мәтін]. - Тараз: Тараз университеті, 2005. - 136 б.
-
22 сентября 2026
Сәлеметсіз бе сіздерде Абайдың Толық адам ілімі деген кітап және Абай жолы 1 том бармаСәлеметсіз бе, Жанель! Сіз сұратқан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының І томы төменде көрсетілген тізімге сәйкес кітапхана филиалдарымыздан табылды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының «Толық адам» іліміне қатысты кітап сұраған едіңіз. Алайда Абай Құнанбайұлының «Толық адам» деген атаумен жеке кітабы жоқ екенін хабарлаймыз. «Толық адам» ұғымы - ақынның шығармалары мен қара сөздерінде кеңінен көрініс тапқан философиялық ой-тұжырымдарының бірі. Дегенмен, осы тақырыпқа арналған бірқатар зерттеу еңбектері кітапхана қорында бар. Атап айтқанда:- Жұртбай, Т. «Толық адам. Бір кемел»;
- Жұртбай, Т. «Толық адам. Сол шыншыл: хақ және жалғыз»;
- Мырзахметұлы, М. Абайтану. 175 жыл, 10 т;
- Ыбырай, С. «Жарым адамнан - толық адамға».
- Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1 кітап - А.: Жазушы, 2002. - 296 б. / аб-ЦБ, ф. 16, ф. № 4, ф. № 5
- Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1 кітап - А.: Жеті жарғы, 1997. - 320 б. / аб-ЦБ
- Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1 кітап - А.: Жазушы, 2013. - 376 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, д/о-1, д/о-2, ф. № 4, 5, 6 (аб), 7 (Кумшагал), 8, 16.
- Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1 кітап. - А.: Жазушы, 2007. - 368 б. / аб-ЦБ, аб-а, д/о-1, ф. 5, ф. № 6 (аб), ф. № 7 (Кумшагал), 16.
- Әуезов, М. Абай жолы [Мәтін] : роман-эпопея. 1 кітап. Абай - А.: Жазушы, 1990. - 606 б. / аб-ЦБ, д/о-2, ф.№ 8, 16,
- Әуезов, М. Шығармалар жинағы [Мәтін]. 20 т. 3 т. Абай : роман-эпопея. [1 кітап] - А.: Жазушы,1979. - 424 б. / аб-ЦБ, аб-а, ф.№ 7 (Кумшагал)
- Әуезов, М. Шығармалары [Мәтін]. 1 т. Абай жолы : роман-эпопея. 1 кітап-Астана: Фолиант, 2013. - 424 б. / аб-ЦБ, аб-а, ф.№ 5, 6 (аб), 8
- Жұртбай, Т. Толық адам. Бір кемел [Мәтін] : Абайдың ішкі (батин) әлемі: әдеби-салыстырмалы рисала. 2 кітап - А.: Атамұра, 2023. - 272 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а.
- Жұртбай, Т. Толық адам. Сол шыншыл: хақ және жалғыз [Мәтін] : Абайдың сыртқы (заһир) әлемі: әдеби-салыстырмалы рисала. 1 кітап - А.: Атамұра, 2023. - 256 б. / ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, ф. № 5, 6 (аб), ч/з-ЦБ
- Мырзахметұлы, М. Абайтану. 175 жыл [Мәтін]. 10 т. [Абайдың адамгершілік мұраттары] / Мекемтас Мырзахметұлы. - Алматы: Қазығұрт, 2020. - 340 б. / ОИФ, аб-ЦБ, № 4, 5, 6 (ч/з), ф. № 7 (Кумшагал), 8, 16, ч/з-ЦБ , ч/з-а
- Ыбырай, С. Жарым адамнан - толық адамға [Мәтін] : Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2021. - 208 б. ОИФ, аб-ЦБ, аб-а, д/о-1, д/о-2, ф. № 4, 5, 6 (аб), (ч/з), ф. № 7 (Кумшагал), ф. № 8, ч/з-ЦБ , ч/з-а