Құрылымы



Абай атындағы Орталық кітапхана

Директор
Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімі
Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі
Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі
Қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Директор
Саулебаева Ұлбосын Тәліпбекқызы
Мекен-жайы:  «Самал» ы.а., 36 үй.
Тел.: (872622) 31-87-93
 
Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімі 
Ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық, қалалық көпшілік кітапханалар орталығының үйлестіру және оқыту рөлін атқарады.
 Бөлімнің негізгі жұмысы – аймақтық кітапханалық саясатты қалыптастыру, қала кітапханаларын дамытуға ықпал ету.
Бөлімнің басымдылықты жұмыс бағыты:
—         кітапханалар жүйесін дамыту және бекіту;
—         аймақтық зерттеулер жүргізу;
—         кітапхана мамандарының кәсіптік деңгейін көтеру және дайындауды ұйымдастыру;
—         кітапхана саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
Бөлімнен сіздер:
— кітапханалар жұмысының жоспарын, кітапханалық бағдарламалар, жобалар құрастыруда кеңестер;
—  әртүрлі тақырыптарға семинарлар өткізу бойынша ұсыныстар;
— әртүрлі құжаттар пакетін;
—  кітапхана жұмысын ұйымдастырудағы барлық мәселелер бойынша бөлімнің қорын пайдалана аласыздар;
— кітапханалардың практикалық  жұмыстары бойынша ауызша кеңестер ала аласыздар.
Меңгеруші: Тұрлыбаева Ғалия Төлеубекқызы
Тел.: (872622) 34-63-54
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00
 Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі
Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі ОКЖ-нің кітапханалық қорын қоғам дамуының, экономика, ғылым мен мәдениеттің әртүрлі мәселелері бойынша қалыптастырудың және жетілдірудің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл классикалық әлемдік, заманауи көркем, салалық, анықтамалық әдебиеттер.
Басымдылығы өлкетану сипатындағы әдебиеттерді мемлекеттік тілде жинақтау болып саналады: Қазақстан тарихы, география, өнеркәсіптегі жетістіктер, экономика, мәдениет саласы бойынша.
Бөлімнің атқаратын жұмысының бірі – іріктеу, тапсырыс, оқырмандар сұранысын ескере отырып, құжаттар әзірлеу.
Бөлім көпшілік кітапханалардың Орталықтандырылған жүйесінің Орталық каталогін жүргізеді: Электронды, Есептік, Алфавиттік, Жүйелі, Алфавитті-пәндік көрсеткіш.
Меңгеруші: Қожакова Малика Мусиновна
Тел.: (87262) 318483
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00
 Ақпараттық — библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
       Бөлім қызметкерлері оқырмандарға ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызмет көрсетеді. Бөлім қазақ және орыс  тілдеріндегі  жетекші анықтамалық картотекаларды ұйымдастырумен және оны жүргізумен айналысады: дәстүрлі, сондай — электронды каталог пен картотекаларды, электронды ДҚ — ды, ғаламтор ресурстарын қолдана отырып, тақырыбы бойынша және әр түрлі үлгідегі библиографиялық анықтамаларды орындайды; ОКЖ филиалдарына ақпараттық және анықтамалық — библиографиялық қызметтерді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетеді.
          Бөлім ресурстары:
       — Электронды каталог
       — «Заң», «Оңтүстік меридиан», «Реферат», «Педагогикалық инновациялар» т.б. толық мәтінді ДҚ.
       — Медиаколлекция
       — Карточка түріндегі мақалалардың  жүйелік картотекасы
         Бөлім келесі қызметтерді көрсетеді:
       — Электронды  каталогтан ақпарат іздеу бойынша кеңестер
       — Курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарға тақырыптық іріктеу және әдебиеттердің библиографиялық тізімі
       — Виртуалды анықтамалық қызмет
       — ЭДҚ — на қол жеткізу
  Меңгеруші: Именова Людмила Мустафаевна
Тел: (872622) 31-87-92
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00
   Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі
    Бөлім жаңалықтар енгізу, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңарту, оны қолдау жұмысымен айналысады; аймақтық есептеу техникалары жүйесіне серверлік және телекоммуникациялық құрылғыларға әкімшілік қызмет жасайды, есептеу техникалары құралдарына желілік және телекоммуникациялық құрылғыларға алдын — ала күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Сондай — ақ кітапханашыларға есептеу техникасы құралдарын, ақпарттық жүйені және бағдарламалық кешенді пайдалану жөнінде кеңестер береді; пайдаланушыларға ғаламтор желісі, есептеу техникалары құралдарын тікелей пайдалануға байланысты қызметті ұсынады, ғаламтор желісінде кітапхананың ақпараттық қызметтерін құрады.
       Бөлім қызметтері:
     — Internet — ке қол жеткізу
     — өз бетінше жұмыс жасау үшін компьютерлер ұсыну
     — құжаттарды сканерлеу
     — мәтіндерді теру және  басып шығару
     — құжаттарды электронды жеткізу
   Меңгеруші: Кулумбетова Айжан Музалбекқызы
Тел.: (872622) 31-87-92
Жұмыс уақыты: 09.00-19.00
 Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі
Бөлім:
— оқырмандардың әлеуметтік-кәсіптік құрамының бірыңғай қорды пайдалануын ескере отырып, ОКЖ құрылымдық бөлімдерінің кітап қорын қалыптастырады;
— Ішкі жүйелік алмасу (ІЖА), Кітапханааралық абонемент (КАА) арқылы  басқа кітапханалардың  және ОКЖ-нің бірыңғай қорын пайдалана  отырып, оқырмандардың сұранысын орындау.
— ОКЖ-нің бірыңғай қорын сақтауды ұйымдастырады, кітап басылымдарын жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Меңгеруші: Жолшибекова Гульсым
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00
Абай атындағы ОҚК-ның оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Абонемент
 Абонементте кітаптар үйге беріледі. Білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, анықтамалықтар, оқулықтар, көркем әдебиет оқырмандарға ұсынылады.
Оқу залы
Мазмұны және көлемі жағынан бірегей қоры бар: сөздіктер, энциклопедиялар, оқулықтар және оқу құралдары, білімнің әртүрлі саласы бойынша монографиялар, сондай-ақ көркем әдебиеттер. “Казахстаника” қоры оқырмандарға қызмет көрсетеді. Оқу залы қызметкерлері оқырмандар үшін әртүрлі іс-шаралар өткізеді (тақырыптық кештер, тұсаукесерлер, Ақпарат күні, Библиография күні, кітап көрмелерін ұйымдастырады, әдебиеттерге шолу жасайды)
Өнер бойынша әдебиеттер бөлімі
Бөлімнің қорында 3400 дана кітап және аудиовизуальды материалдар бар. Мұнда декоративті- қолданбалы өнер, ән, Қазақстанның,  жақын және алыс шетелдердің  театр өнері туралы  кітаптар бар. Оқырмандар – оқытушылар, білімгерлер, оқушылар, шығармашылық мамандық иелері (суретшілер, сазгерлер, хореографтар т.б.). Бөлім жанында өнер  әуесқойларларына арналған «Шабыт» клубы жұмыс жасайды.
Қызмет көрсету  бөлімінің кітапқоры — 141546 дана.
Меңгеруші: Дөңесова Гүлжазира Қойшыбайқызы
Тел.: (872622) 31-87-90
Жұмыс уақыты: 09.00 -19.00
Тараз қ. ОКЖ филиалдары
М. Әуезов атындағы филиал
 М. Шолохов атындағы филиал
 Ғ. Мұратбаев атындағы филиал
№4 филиал
№ 5 филиал
№ 6 филиал
№ 7 филиал