Пайдалану ережесі
Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің кітапханалары құжаттардың ұйымдастырылған қорына ие және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға ұсынатын ақпараттық, мәдениет, білім мекемесі.
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Тараз қаласы ОККЖ кітапханаларының пайдалану ережелері кітапханалық қорға қолжеткізу тәртібін, негізгі қызмет тізімдерін, кітапхана көрсететін және оларды ұсыну шарттарын, кітапхана мен оқырмандар құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін – оқырмандарға қызмет көрсетудің жалпы тәртібін айқындайтын құжат болып табылады.
Оқырмандар құқығы
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Қаланың әрбір тұрғыны жынысына, жасына, ұлтына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси сеніміне, дініне қарамастан кітапханалардың кітапханалық қызмет көру құқығына ие.xa0 Балалар мен жасөспірімдер жасындағы оқырмандар кітапханалардыңxa0 балалар бөлімінде және орталық кітапхана мен филиалдардың бөлімдерінде кітапханалық қызмет көру құқығына ие.
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Жасының ұлғайғанына немесе денсаулық жағдайларына сәйкес келе алмайтын тұлға ОККЖ-і қорынан стационардан тыс қызмет көрсету түрі арқылы құжаттарды алуға құқылы.
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Барлық пайданалушылар өздерінің қажеттілігі мен мүддесіне сәйкес кітапханаларға еркін қол жеткізуге және таңдау құқығына ие.
xa0
Барлық пайдаланушылар кітапханалардан
төмендегі аталған ақпараттарды тегін алу құқығына ие:
-xa0xa0xa0xa0 электронды немесе кәртішкелік түрде ұсынылған каталогтар мен картотекалар жүйесі арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпарат алуға;
-xa0xa0xa0xa0 кітапханалық есепте тұрған кітапханалық xa0қормен басқа да құжаттарды уақытша пайдалануға;
-xa0xa0xa0xa0 кітапхана, кітаптармен ақпаратты өз бетінше пайдалану дағдысын игеру және білуде практикалық көмек алуға;
-xa0xa0xa0xa0 әдебиеттерді пайдалану мерзімін белгіленген тәртіпте ұзартуға;
-xa0xa0xa0xa0 баспасөз шығармаларын және ақпараттың басқа да көздерін іздестіру мен таңдауда кеңестік көмек алуға;
-xa0xa0xa0xa0 жүйе ішіндегі кітапханааралық абонементі бойынша кітаптар және басқа да баспасөз басылымдары мен құжаттарын алуға.
Басқа да қосымша қызмет оқырмандарға ақылы түрде көрсетіледі. Ақылы қызмет көрсетудің тәртібі мен ерекшелігі ақылы қызмет туралы ережеде айқындалады.
Қосымша ақылы қызмет тізімі мен құны ОККЖ КММ директорыxa0 бекітетін прейскурантта көрсетіледі.
xa0
Оқырман міндеті
Оқырмандар міндетті:
— кітапхана қорынан алынған кітаптарға, басқа да басылымдар мен материалдарына ұқыпты қарауға;
— оларды белгілі мерзімде кері қайтаруға;
— оқырман формулярына тіркелмеген басылымдарды ғимараттан алып шықпауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 баспа құжаттарына белгі қоймауға, сызбауға, парақты жыртпауға немесе бүктеуге, ашық қолжетімді қордың тәртібін бұзбауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 каталогтар xa0мен картотекалардан кәртішкелерді суырып алмауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 ОККЖ мүлкіне ұқыпты қарауға, кішіпейіл болуға және қоғамдық тәртіп ережесін бұзбауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 арнайы киім шешу орнында сыртқы киімін xa0және сөмкесін қалдыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 кітапхана ережесімен танысуға;
Кітапты, басқа да баспа өнімдерін алу кезінде оқырман оларды мұқият қарап, егер қандай да бір ақауды байқаса, дереу кітапханаға хабарлауы тиіс.
Жыл сайын оқырман өзін куәландыратын құжатты және оған барлық бекітілген әдебиеттерді көрсете отырып, қайта тіркеуден өтуі тиіс. Кітаптарды, xa0басқа да баспа өнімдерін пайдалану мерзімін бұзған жағдайда, оқырманға кітапхананың уақытша пайдалану құқығын айыру түріндегі белгіленген тәртіпте әкімшілік шара қолданады.
Кітапты басқа да баспа өнімдерін жоғалтқан немесе қасақана емес жағдайда бүлдіргенде оқырман оларды сондай басылым мен немесе кітапханашы теңдей дәрежеде деп танығанымен алмастыруға міндетті.
ОККЖ кітапханаларын пайдалану ережесін бұзған, немесе оған зиян келтірген оқырман кітапхананың пайдалану ережесінде белгіленген мөлшерде өтейді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
xa0
Қызмет көрсетілмейтін оқырмандар:
-xa0xa0xa0xa0xa0 мас күйінде;
-xa0xa0xa0xa0xa0 сырт келбеті жалпы қабылданған гигиеналық тәртіпке сәйкес келмейтін xa0және өзге оқырмандарға қолайсыздық тудыратын;
-xa0xa0xa0xa0 оқырманға қызмет көрсету аясында ұялы үнсандықты пайдалануға тиым салынады;
Кітапхана міндеттері
Кітапханалар міндетті:
-xa0xa0xa0xa0xa0 пайдаланушылардың ОККЖ қорындағы ақпараттар мен құжаттарға еркін қолжеткізу құқығын жүзеге асыруы үшін барлық жағдайды жасауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 жаңа жазылған оқырмандарды ОККЖ кітапханаларын пайдалану ережелерімен таныстыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 оқырмандар сұраныстарын зерттеп, неғұрлым толық қанағаттандыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 оқырмандарға жоғары мәдениетті қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 ұсынылатын қызметтің барлық түрі бойынша оқырмандарды дер кезінде xa0ақпараттандыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 егер оқырманға қажетті басылым болмаған жағдайда оларды КААxa0 бойынша немесе басқа кітапханалардан құжаттарды электронды тасымалдау xa0қызметі арқылы сұрастыруға;
-xa0xa0xa0xa0 каталог пен картотекаларды пайдалануға, ұсынуға, басқа да библиографиялық ақпараттандыру түрлерін жүзеге асыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 кеңестік жұмыс жүргізуге, қажетті басылымдарды іздестіруде көмек көрсетуге;
-xa0xa0xa0xa0xa0 кітапты насихаттауды жүргізуге, оқырмандарды кітап оқуға тартуға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 әдебиеттердің тақырыптық көрмелерін ұйымдастыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 xa0библиографиялық шолулар жасауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 ақпарат күндерін, әдеби кештер, оқырмандар конференциясын өткізуге;
-xa0xa0xa0xa0 озат компьютер технологиясын енгізу жолымен оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық xa0қызмет көрсетуді жетілдіруге;
-xa0xa0xa0xa0xa0 xa0берілген кітаптарды, басқа да басылымдардың кітапханаға дер кезінде қайтарылуын жүйелі бақылап отыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0 оқырманды жыл сайын қайта тіркеуді жүргізуге;
-xa0xa0xa0xa0 кітапханалық қорларды сақтауға және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
-xa0xa0xa0xa0xa0 кітапханашы босатылатын кітаптың жай күйін тексеруге міндетті.
xa0
ОККЖ кітапханаларына оқырмандарды жазу ережесі
Кітапханаға жазу оқырмандардың жеке басын куәландыратын (төлқұжат, жеке куәлігі) құжаттарын ұсыну, он төрт жасқа дейінгі балалар — жеке басын куәландыратын (туу туралы куәлік) құжаттар және олардың заңды өкілдері (ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлға) негізінде жүргізіледі.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, еңбек ардагерлері кезектен тыс қызмет көрсету құқығына ие.
Әрбір оқырманға арнайы оқырман формуляры толтырылады. Ол — кітапхананы пайдалану құқығын айқындайтын, оқырманға кітапxa0 берілген күні мен фактісі және оны кітапханашының қабылдағанын растайтын құжат болып табылады. Кітапханаға жазылу кезінде оқырман формулярды рәсімдеуге қажетті мәмілелерді хабарлайды.
Кітапханаларға жазылу кезінде пайдаланушы ОККЖ кітапханаларды xa0пайдалану ережелерімен танысуы және оларды орындау туралы міндетін оқырман формулярына өз қолын қою арқылы куәландыруы тиіс. Тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған, фамилиясын өзгерткен және басқа да өзгерістер болған жағдайда пайдаланушы бұл туралы кітапханаға хабарлауы тиіс.
xa0
Абонементті пайдалану ережесі
Абонемент — белгілі бір мерзімге және белгілі жағдайда кітапханадан тыс пайдалану үшін құжаттарды беру қызметін жүзеге асыратын кітапхананың құрылымдық бөлімшесі.
Қалада тұрақты тіркелген барлық азамат ОККЖ-де жазылу ережесі бойынша тіркеліп, абонементті пайдалану құқығына ие және абонементті xa0пайдалану тегін.
Пайдаланушының бір мезгілде үйге, бес баспадан аспайтын туынды немесе басқа да материалды 30 күн мерзіміне дейін алуына болады.
Қажет болған жағдайда оқырман 30 күн өткен соң да шығармаларды пайдалану мерзімін ұзартуға құқылы.
Жоғары сұраныстағы әдебиет оқырманға ұзарту құқығынсыз 14 күнге дейінгі мерзімге беріледі.
Оқырман мынадай жағдайда абонементті xa0пайдалану құқығынан айырылады:
xa0
-xa0кітапқа ұқыпсыз (кітапханашының формулярға белгісімен әлденеше рет ескерткен жағдайда) қарағаны үшін 3 ай мерзімге дейін;
-xa0кітапхана қорынан кітапты тіркеусіз өз бетінше алып шыққаны үшін -1 жыл мерзімге дейін.
Оқырман әрбір абонементтен алған құжат үшін қол қоюға міндетті. Кітапты оқырман тікелей кітапханашыға тапсыруы тиіс. Құжаттың қайтарылғандығы кітапханашының қолымен белгіленеді.
xa0 Оқырманға кітап басқа да материалды беру пайдалану мерзімі аяқталған кітаптарды, басқа даxa0 құжаттарды қайтарғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Оқырмандардың пайдалану ережесі
Оқу залы – кітапхана ғимаратында құжаттарды пайдалану мүмкіндігін xa0ұсынатын кітапханалардың xa0құрылымдық бөлімшесі.
Оқу залы жеке басының куәлігін растайтын құжатын ұсынуы бойынша барлық келушіге тегін қызмет көрсетіледі.
Энциклопедиялар, анықтамалық басылым, сирек және құнды кітаптар сондай-ақ КАА бойынша алынған басылымдар тек оқу залында беріледі. Оқу залынан кітапты немесе басқа да құжаттардың көшірмесін жасау үшін алып шығуға тиым салынады. Әрбір құрылымдық бөлімше үшін ОККЖ КММ-і директоры бекіткен кітаптар тізіміне сәйкес бірқатар басылым, сондай–ақ тозған басылымдар көшіруге жатпайды.
Тігіндіден газетті, сондай-ақ тақырыптық папкіден материалдарды шығарыпxa0 алуға оқырманға тиым салынады.
Оқу залында шулауға, өзгелердің жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне тиым салынады.
Жеке компьютермен жабдықталған кітапхана бөлімшелерінің пайдаланушылары үшін жұмыс ережесі
Жеке компьютерді пайдалану жұмысына осы ережемен танысқан пайдаланушы формулярына xa0қолын қойған оқырман жіберіледі.
Ұсынылған қызметке есеп айырысу ОККЖ КММ-і көрсететін ақылы қызмет прейскурантына xa0сәйкес жүргізіледі.
Компьютерді Интернет желісіне қосуды тек ОККЖ қызметкері жүргізеді.
Пайдаланушының құқығы:
— өз бетінше бағдарламалық қамсыздандыру түрін таңдауға (ОККЖ-нің өнеркәсіптік компьютерлерінде қондырылған);
— ОККЖ қызметкерлері тарапынан кеңестік көмек алуға;
— ОККЖ дерекқорларымен жұмыс жасауға;
— «Заң», «Закон» құқықтық электронды дерекқормен жұмыс жасауға.
xa0
Пайдаланушы міндетті:
— жеке компьютерде жұмыс дағдысын білуге;
— вирусқа қарсы диагностика жасау үшін жеке ақпараттық электронды тасымалдаушы құралын ұсынуға;
— компьютер жұмысындағы анықталғанxa0 қолайсыздық туралы компьютер залының операторына хабарлауға;
— тазалықты, тәртіпті, тыныштықты сақтауға;
Пайдаланушыға тиым салынады:
xa0
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 ОККЖ компьютер xa0және ұйымдастыру техникасын ашуға немесе компьюдердің және КАА-ң кез келген бөлігіне соққы жасауға;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 компьютер қондырғысын өзгертуге, жеке компьютердің қатты дискісінен бөлімдерді алып тастауға, монитор экранының параметрлерін өзгертуге, өзінше жүйелі әкімшіліктендірумен айналысуға;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 өз бетінше кез келген қамсыздандыру бағдарламасын xa0қондыруға;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтық құқық нысаны болып табылатын материалдарды Интернет желісінен көшіріп алуға;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 қолданыстағы заңнамада тиым салынған, моральды-этикалық нормаларға қайшы келетін ақпарттармен жұмыс істеуге;
-xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 компьютер залының операторының келісімінсіз өз бетінше материалдарды сканерлеуге, көшіруге;
-xa0xa0xa0xa0xa0 мас немесе есірткі қолданған күйінде жеке компьютерде жұмыс істеуге;
Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі кітапханалары пайдаланушыларының жауапкершілігі
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Осы ережені бұзған, кітапханаларға залал келтірген оқырмандар мен пайдаланушылар Қазақстан Республикасы заңнамасында және Тараз қаласы ОККЖ кітапханаларды пайдалану ережесінде қарастырылған шеңберінде жауапкершілікке тартылады.