Кітапханашыдан сұра



ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОКЖ ВИРТУАЛЬДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) ОКЖ-ның онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға Абай атындағы Орталық кітапхананың Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі, сондай-ақ кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жауап береді.

Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі — тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.

 

Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?

Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Одан басқа нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.

Сұраққа берілген жауаптарда:

— ОКЖ электронды каталогі немесе Интернет мәліметтері дереккөздеріне

сілтеме;

— әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);

— сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;

— құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.

Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.

 

Шектеулер

Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.

Біз физика, математика, құқық т.б пәндері бойынша есептерді шешумен айналыспаймыз. Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.

Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.

Егер Сіз бірнеше сұрақ жіберген болсаңыз, біз өз қарауымызша оның біреуіне ғана жауап береміз.

 


Сұрақ қою


Сіздің сұраңызға жауап кейін хабарлама арқылы келеді
  • Алимжан 13 апреля 2026
    Сәлеметсіздер ме! Кітапханаларыңызда Джеймс Клирдің «Атом әдеттері» атты кітабы бар ма?

    Сәлеметсіз бе Алимжан! Джеймс Клирдің «Атом әдеттері» атты кітабы қорымызда бар, төменде қай кітапханадан алуға болатынын көрсеттік: Клир, Д. Атом-әдеттер [Мәтін] : жақсы әдетті үйрен, жаман әдеттен жирен : кішкентай әдеттер, үлкен нәтижелер| ; [ауд. Б. Хасанова]. - А.: Мазмұндама, 2023. - 244 б.

                                                                                                                   ОИФ, аб-ЦБ, ф. № 4, ф. № 6 (аб)

  • Альбина 13 апреля 2026
    Здравствуйте, мне нужна книга Конан Дойла «Затерянный мир» на казахском языке

    Здравствуйте, Альбина! Книга Конан Дойла «Затерянный мир» на казахском языке есть, она называется «Жоғалған әдем», ниже указали в каких библиотеках вы можете ее найти.
    1. Дойл, А.К. Жоғалған әлем [Мәтін] : [роман] - А.: Мазмұндама, 2021. – 288 б.

     ОИФ, аб-ЦБ, д/о-1, д/о-2, ф.16, ф. №4, ф. №5, ф. №6 (аб), ф. №7)

  • Аружан 13 марта 2026
    Сәлеметсіздер ме! Маған «Кибербуллинг қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр» атты тақырыпқа әдебиеттер тізімін жасап бересіздер ма?

    Сәлеметсіз бе Аружан! Сіздің тақырбыңыз бойынша төиенде әдебиеттер тізімін жібердік.
    1. Азбергенова, С.Ж. Буллинг пен кибербуллингтің психологиялық әсерлері [Мәтін] : [қазіргі заманда буллинг пен кибербуллинг мәселесі туралы] / Азбергенова Сандугаш Жаксыбековна // Тәрбие сағаты. - 2025. - № 7-9. - 23 б.   / о-з ОК
    2. Әбсадықұлы, С. Біз неге вейпке, буллингке, вандализмге бейімбіз? [Мәтін] / Сәулембай Әбсадықұлы // Aq jol. - 2024. - 25 мамыр (№59). - 6 б. / о-з ОК
    3. Әділжан, Б. Кибербуллинг: Қатыгездік қайдан, қауіп неден? [Мәтін] / Бану Әділжан // Egemen Qazaqstan. - 2022. - 31 наурыз (№60). - 1, 10 б. / о-з ОК
    4. Әлеуметтік желінің 10 ережесі [Мәтін] // Алтын босаға. - 2025. - № 1. - 5 б. / о-з ОК
    5. Байсагызова, А. Мектептегі буллинг: себептері, салдары және алдын алу жолдары [Мәтін] / Айгуль Байсагызова // Жантану мәселелері. - 2025. - №4. - 21-25 б.   / о-з ОК
    6. Балаға телефонды қай жасында алып берген дұрыс? [Мәтін] // Алтын босаға.kz. - 2025. - №1. - 8 б.  / о-з ОК
    7. Жақсылық, А. Кибершабуыл - жаңа заманның залалы [Мәтін] / Арайлы Жақсылық // Aq jol. - 2024. - 3 тамыз (№ 88). - 7 б.  /о-з ОК
    8. Жұмахан, Н. Қолдау іздегенді қорлауға бола ма? [Мәтін] : [әлеуметтік желілердегі кибербуллинг мәселесі туралы] / Нұрлыхан Жұмахан // Ұлан. - 2024. - 21 мамыр (№21). - 6 б. / о-з ОК
  • библиотека колледжа Болашак 23 февраля 2026
    Здравствуйте, нужен материал для доклада на конференцию о Шахмардане Есенове, на казахском языке.

    Здравствуйте, ниже приводим список литературы.
    1. Оразалықызы, Г. Шахмардан Есенов [Мәтін] : ғұмырнамалық деректі хикаят - А.: Қазақстан, 2014. - 376 б. / ОИФ, аб,ч/з-ЦБ, аб,ч/з-а, ф. 16, ф. № 4, 5, 6 (аб, ч/з), ф. № 7, 8.
    2. Бақтиярұлы, М. Тауларға таулар иығын сүйеп тұрады [Мәтін] : [талантты геолог, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Шахмардан Есеновтің туғанына – 90 жыл] / Мұрат Бақтиярұлы // Айқын. - 2017. - 18 қазан (№ 157). - 6 б. / ч-з ЦБ
    3. Кішібеков, Д. Қазақтың Қанышы мен Шахмарданы [Мәтін] : [геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаев және қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы Шахмардан Есенов жайлы] / Досмұхамед Кішібеков // Айқын апта. - 2017. - 11 қараша (№ 171). - 10 б. / ч-з ЦБ
    4. Пірназар, С. Ел байлығын еселеген Есенов [Мәтін] : [геолог-академик Шаһмардан Есеновтің туғанына 90 жыл толды] / Серік Пірназар // Астана ақшамы. - 2017. - 5 қазан (№ 118). - 6 б. / ч-з ЦБ
    5. Ысымұлы, А. Кенсалдық [Мәтін] : [геолог, Қазақстан Ғылым академиясының президенті, Одаққа танылған ірі тұлға, әлемдік ауқымдағы істерге араласқан қоғам қайраткері. Шахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл] / Ақайдар Ысымұлы // Егемен Қазақстан. - 2017. - 20 қазан (№ 202). - 7 б. / ч-з ЦБ
  • Сагинбаева Г. 13 февраля 2026
    Здравствуйте! Отправьте пжл УДК и ББК «Сборник домашних заданий» 4 класс (с русским языком обучения), по предмету «Естествознание»/ Составители: Сагинбаева Г.Д., Кушерова Ж.Е.

    Здравствуйте, специалисты отдела комплектования проставили индекс на вашей работе. Документ отправили вам по эл почте. Всего доброго!
    УДК 373.3:502(072)
      С13
    ББК 74.262
      С13