Кітапханашыдан сұра
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОКЖ ВИРТУАЛЬДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) ОКЖ-ның онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға Абай атындағы Орталық кітапхананың Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі, сондай-ақ кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жауап береді.
Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі — тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.
Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?
Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Одан басқа нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.
Сұраққа берілген жауаптарда:
— ОКЖ электронды каталогі немесе Интернет мәліметтері дереккөздеріне
сілтеме;
— әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);
— сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;
— құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.
Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.
Шектеулер
Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.
Біз физика, математика, құқық т.б пәндері бойынша есептерді шешумен айналыспаймыз. Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.
Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.
Егер Сіз бірнеше сұрақ жіберген болсаңыз, біз өз қарауымызша оның біреуіне ғана жауап береміз.
Сұрақ қою
-
19 сентября 2026
Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция бар ма сіздерде?Сәлеметсіз бе, Ербол! Өкінішке орай, кітапханамыздың қорында Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты кітабы жоқ.
-
19 сентября 2026
Сәлеметсізбе Маған «Әлімжанов, Б. Мейірімді Асқар [Мәтін] : ертегі / Баянғали Әлімжанов. — Астана: Фолиант, 2024. – 120 б.» кітабы керек еді электронды нұсқасы оқуғаСәлеметсіз бе, Диана! Сіз сұраған Б. Әлімжановтың «Мейірімді Асқар» (ертегі. - Астана: Фолиант, 2024. - 120 б.) кітабының электронды нұсқасы қорымызда жоқ. Дегенмен, бұл туындының баспа нұсқасын кітапханамыздың келесі филиалдарынан алып оқи аласыз:
Абай қалалық кітапханасы – ОИФ
Мұхтар Әуезов кітапханасы: Абай даң., 127 үй - балалар бөлімі
Ғани Мұратбаев кітапханасы, 3 м.а., 5 үй – балалар бөлімі
Ақбұлым алабының кітапханасы: Жібек Жолы көшесі №97
Бектобе алабының кітапханасы: Жамбыл көшесі №136
Жалпақтөбе алабының кітапханасы: Жалпақтөбе көшесі №163
Қоңыртөбе алабының кітапханасы: Күлтобе көшесі №7
Қызыл жұлдыз алабының кітапханасы: Қ.Тортаева көшесі №70
Сұлутөр алабының кітапханасы: Қ.Пірімқұлов көшесі №12
Талас алабының кітапханасы: Достық көшесі №18
Түрксіб алабының кітапханасы: Р.Рүстемов көшесі №1
Шайқорық алабының кітапханасы: Сихымбай баба көшесі №17а
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келуді ұмытпаңыз. Сау болыңыз! -
18 сентября 2026
Здравствуйте. Можно ли взять книгу на дом у вас? И что нужно оставлять?Здравствуйте, Настя! Стать читателем нашей библиотеки очень просто! Для записи вам понадобится только документ, удостоверяющий личность (до 16 лет свидетельство о рождении, старше 16 лет - удостоверение личности). После оформления вы сможете выбирать любые понравившиеся книги и брать их домой в отделе абонемента. Все издания выдаются на определенный срок. Подробные условия выдачи книг, правила пользования фондом и сроки возврата вы сможете узнать у библиотекаря прямо во время записи. Режим работы городской библиотеки: все дни, кроме воскресенья с 9.00 до 19.00, без перерыва на обед. Добро пожаловать! -
10 сентября 2026
Сәлеметсіздер ме! Маған қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Асылы Осман туралы толық ақпарат және ол кісі туралы жарық көрген мақалалар қажет еді. Осы жөнінде мәлімет бере аласыздар ма?Сәлеметсіз бе, Майя! Сізге жауап берген - библиограф Айнур Сабитова. Сұранысыңыз бойынша қоғам қайраткері Асылы Осман туралы мақалалар тізімін ұсынамыз. Егер қажет болса, мақалалардың толық мәтінін WhatsApp нөміріңізге жібере аламыз. Осман Асылы – ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, тіл білімі саласына елеулі үлес қосқан білікті маман. Осман Асылы 1941 жылы 13 тамызда Грузияның Ахалқалақ ауданындағы Хавет ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын және Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ғалымның еңбек жолы ғылыммен тығыз байланысты. 1969–1993 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарып, қазақ тіл білімі мен тіл мәселелерін зерттеуге өз үлесін қосты. 1993–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Тіл комитетінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы, басқарма бастығы қызметтерінде еңбек етті. Осман Асылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар, қоғамдық-мәдени өмірге де белсене араласып, «Тұран» Әзірбайжан мәдени орталығының вице-президенті қызметін атқарды. Оның ғылыми және қоғамдық қызметі ұлттық тіл, мәдениет пен ұлтаралық татулық құндылықтарын дәріптеумен сабақтасып келеді. Ғалым еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Парасат» орденімен және ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған. 1997 жылдан бері зейнет демалысында.- Жолдыбай, О. Әділет салтанат құрып келеді [Мәтін] : [қазағым барда мен бармын, Асылы Османның ой-пікірі] / Олжас Жолдыбай // Almaty aqshamy. - 2023. - 19 қаңтар (№ 7). - 7 б.
- Осман, А. Ана тілін аялаған Оңдасынов [Мәтін] : [қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов жайлы] / Асылы Осман // Ana tili. - 2024. - 19 қыркүйек (№ 37). - 7 б.
- Осман, А. Елдік мүдде бәрінен биік [Мәтін] : [1 наурыз - Алғыс айту күні, татулық пен ынтымақ - ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы] / Асылы Осман // Almaty aqshamy. - 2025. - 28 ақпан (№ 19). - 1, 8 б.
- Осман, А. Түлкібастан түлеп ұшқан қас түлек [Мәтін] : [музыка зерттеушісі, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Пернебек Момынұлы туралы] / Асылы Осман // Қазақ әдебиеті. - 2022. - 8 сәуір (№ 14). - 21 б.
- Ашимбаев, Д. Р. Кто есть кто в Казахстане [Текст] / Ашимбаев Д. Р. - Изд. 4-е, доп. - Алматы: Credo, 1999. - 600с.
- Казахстан [Текст] : национальная энциклопедия. Т. 4 : М - С / [гл. ред. Б. Аяган]. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006. - 560с.
-
2 сентября 2026
Сәлеметсіздер ме! Ғалым, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың газет-журналдарда жарық көрген мақалаларын іздеп жүр едім. Қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалары болса, ұсынсаңыздар. Алдын ала рақмет.Сәлеметсіз бе, Олжас! Сіздің сұранысыңыз бойынша ғалым, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларының тізімін төменде ұсынамыз.- Байбосынов, К. "Көк базардың" астында - Көне Тараз [Мәтін] : [көне Тараз тарихы] // Жамбыл-Тараз. - 2006. - 6 қаңтар (№ 2). - 1, 3 б.
- Байбосынов, К. "Телеграммы" из прошлого [Текст] : [в Жамбылском областном краеведческом музее г. Тараза хранятся каменные находки с тюркскими надписями] // Знамя труда. - 2005. - 23 апреля (№ 49). - 4 б.
- Байбосынов, К. Ақыртас ежелгі өркениетіміздің алтын көмбесі [Мәтін] : [Ақыртас ежелгі өркениетіміздің алтын көмбесі] // Ақ жол. - 2005. – 19 мамыр (№ 68-70). - 5 б.
- Байбосынов, К. Вестник времени : [об историко-краеведческом музее] // Знамя труда. - 2002. - 8 августа. - 6 б.
- Байбосынов, К. Городище Барысхан - ровесник древнего Тараза // Тараз-Хабар2000. - 2002. - № 5. - 4 б.
- Байбосынов, К. Ғасырлар тереңiнен маржан терсек... : [Мұражайға - құнды мұра] // Жамбыл-Тараз. - 2004. - 5 ақпан (№ 6). - 3 б.
- Байбосынов, К. Ждем меценатов : [об археологических исследованиях г. Тараза с 1867 по 2002 гг.] // Знамя труда. - 2005. - 9 апреля (№ 42). - 6 б.
- Байбосынов, К. Загадки древних курганов // Знамя труда. - 2000. - 9 февраля. - 5 б.
- Байбосынов, К. Из глубины веков : [о бронзовых и керамических светильниках, хранящихся в Жамбылском историко-краеведческом музее] // Знамя труда. - 2004. - 30 декабря (№ 162). - 2 б.
- Байбосынов, К. История художественной резной глины таласской долины [Текст] // Знамя труда. - 2006. - 28 ноября. - 4 б.
- Байбосынов, К. Каменные изваяния обретают приют [Текст] : [о древних каменных изваяниях, получивших постоянную прописку в областном краеведческом музее г. Тараза.] // Жамбыл-Тараз. - 2002. - 9 августа. - 2 б.
- Байбосынов, К. Открывая тайну древнего Тараза [Текст] : [об археологических исследованиях древнего городища Тараз] // Знамя труда. - 2006. - 5 октября. - 5 б.
- Байбосынов, К. Петроглифы в урочище Унгурли [Текст] : [о письменных исторических памятниках в местности Момбайсазы Дальнего Жайсана Шуского района] // Знамя труда. - 2007. - 12 июля (№ 78). - 5 б.
- Байбосынов, К. Сигнальные башни таласской долины [Текст] // Знамя труда. - 2007. - 16 января. - 2 б.
- Байбосынов, К. Тайна бугров – курганов // Знамя труда. - 2002. - 21 марта. - 5 б.
- Байбосынов, К. Тайны нижнего Барысхана : [история древних городов Великого Шелкового пути - г.Тараз] // Знамя труда. - 1996. - 20 января. - б.
- Байбосынов, К. Тайны орнекской долины [Текст] : [памятники культуры и истории на Великом Шелковом пути] // Знамя труда. - 2006. - 30 августа. - 3 б.
- Байбосынов, К. Тайны прошлого Тараза [Текст] : [о религиях в средневековом Таразе] // Знамя труда. - 2006. - 30 ссентября. - 2 б.
- Байбосынов, К. Тараз открывает свои тайны [ТЕКСТ] : [об археологических раскопках на территории центрального рынка г. Тараза] // Знамя труда. - 2007. - 4 августа (№ 88). - 3 б.
- Байбосынов, К. ТАРАЗ-2000. Неутомимый исследователь /о Каллауре В.А. // Жамбыл-Тараз. - 2002. - № 11. - 8 б.
- Байбосынов, К. Төменгі талас аңғарындағы тарихи жәдігер [Мәтін] : [төменгі Талас аңғарындағы тарихи жәдігер] // Ақ жол. - 2005. - 17қараша (№ 166-168). - 7 б.
- Байбосынов, К. Уникальные находки говорят [Текст] : [об экспонатах Жамбылского областного краеведческого музея] // Знамя труда. - 2007. - 5 июля (№ 75). - 3 б.
- Байбосынов, К. Через века резная глина все колдует [Текст] : [об археологических памятниках Таласской долины, резной терракоте] // Знамя труда. - 2007. - 9 февраля. - 14 б.