Кітапханашыдан сұра
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОКЖ ВИРТУАЛЬДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) ОКЖ-ның онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға Абай атындағы Орталық кітапхананың Библиография және ақпараттық ресурстар бөлімі, сондай-ақ кітапхананың басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жауап береді.
Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі — тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.
Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?
Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Одан басқа нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.
Сұраққа берілген жауаптарда:
— ОКЖ электронды каталогі немесе Интернет мәліметтері дереккөздеріне
сілтеме;
— әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);
— сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;
— құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.
Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.
Шектеулер
Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.
Біз физика, математика, құқық т.б пәндері бойынша есептерді шешумен айналыспаймыз. Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.
Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.
Егер Сіз бірнеше сұрақ жіберген болсаңыз, біз өз қарауымызша оның біреуіне ғана жауап береміз.
Сұрақ қою
-
21 ноября 2023
Саламатсыздар ма! Сіздерде Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов туралы мәлімет бар ма?Сәлеметсіз бе, Ақтөре! Біздің кітапханаларда, Кеңес Одағының батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов туралы мәліметтер бар, сізге әдебиеттер тізімін ұсынып отырмыз:- Жақып, Т. Генерал Нұрмағамбетов [Мәтін] - Астана: Елорда, 2005. – 256 б. -: сурет
- Бектұр, А. Сардар Сағадат [Мәтін] : [қазақтың зиялы азаматы Сағадат Нұрмағамбетов – бар саналы ғұмырын туған елінің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласын нығайтуға арнаған әскери қайраткер. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. Тұңғыш Халық қаһарманы] / Айым Бектұр // Aiqyn. - 2021. - 7 мамыр (№ 67). - 4 б.
- Дәуешұлы, Е. Жеңіске үлес қосқан жерлестер [Мәтін] : [екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 78 жыл толып отыр] / Еркін Дәуешұлы // Astana aqshamy. - 2023. - 6 мамыр (№ 53-54). - 7 б.
- Дәуішұлы, Е. Батыр ауылын білесіз бе? [Мәтін] : [астанадан Бурабай бағытына шыққанда тоқсан шақырымдай жерде орналасқан Еңбек ауылы. Бұл - Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, егемен еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов ағамыздың туған жері]
- Жармұхамедов, Д. Елбасы және армия [Мәтін] : [Қазақстан Президентінің 1991 жылдың 25 қазанындағы Жарлығымен Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды] / Дидар Жармұхамедов // Aibyn. - 2021. - № 4. - 4-8 б.
- Нұралықызы, Н. Сарбаздан сардар шығады [Мәтін] : [Елордадағы армия генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі жабылды] / Наима Нұралықызы // Astana aqshamy. - 2021. - 6 мамыр (№ 52-53). - 5 б.
-
16 ноября 2023
Добрый день, есть ли у вас книги Сергея Молозёмова о правильном питании? СпасибоДобрый день! К сожалению, в наших книжных фондах нет изданий Сергея Малозёмова о правильном питании. Можем предложить Вам доступ к книгам автора в сети Интернет, которые можно читать онлайн и бесплатно: Система здорового питания, 50 полезных пищевых привычек, Живая еда и мн.др. Приятного чтения! https://flibusta.su/author/9317-sergey-malozyomov/ -
16 ноября 2023
ВопросОтвет