Тараз қ. ОККЖ-дегі өлкетану жұмысы бойынша жобалық қызметі 

Тараз қ. ОККЖ-дегі өлкетану жұмысы бойынша жобалық қызметі 

 

Суретте: Әулие-Атадағы алғашқы велошеру қатысушылары.

       Тараз қ. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Оңтүстік Қазақстандағы баспалық өнімдер және басқа да тасымалдаушылар ақпараттарын жинақтауға ие бірден-бір аймақтағы ірі ақпараттық орталық. Жамбыл облысының және Тараз қ. мәдени жетістіктерін сақтау жауапкершілігін түсіне отырып, қалалық кітапханалар жүйесі қорларды сақтау және консервациялау бойынша қызметті – өзінің бірден-бір кәсіби бағыты санайды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осыдан 7 жыл бұрын бұл бағыттағы алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Олар кітапхана қорындағы неғұрлым құнды және қызықты баспалық құжаттарды сақтау және оқырмандардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз етуден туындаған болатын.

Бүгінгі таңда орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорының 3000-нан астам құжаты сандықталды, олар негізінен газет-журналдар мақалалары. Электронды көшірмелері кітапхана серверінде сақталады, барлық пайдаланушылар кітапхана сайтынан олармен еркін таныса алады.

Электронды кітапхананы құрудың алғашқы кезеңі мерзімдік басылымдардағы өлкетану материалдарын сандықтау мен «Оңтүстік меридиан» толық мәтінді ДҚ ұйымдастырудан басталды. Барлық толық мәтінді қор «Оңтүстік меридиан» ЭДҚ-да көрініс тапқан және кез-келген оқырманның компьютерден оқуға, шығарып алуға немесе дискетке жазып алуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда ол Word, JPEG, html, PDF нұсқадағы 2500-ден астам құжатты қамтып отыр.

Бұл бағыттағы келесі кезең «Құнды өлкетану құжаттарын сандықтау» электронды жобасын жасау және жұмыс практикасына енгізу болып табылады. Жобаның мақсаты Қазақстан мәдени мұраларының бөлігі ретінде  – Тараз қ. және Жамбыл облысының құжаттық мұраларын сақтау және Интернет желісі арқылы оларға бірмезгілде кең көлемде қолжетімділікті  ұсына отырып, сирек кездесетін өлкетану қорларын сақтауды қамтамасыз ету.

Осы жоба аясында ОКЖ кітапханалары ұзақ мерзімге арналған өздерінің электронды жобаларын жасады. Мәселен, № 6 электронды кітапхана «Үлкен химия қадамдары» (Жамбыл облысының химия өнеркәсібінің даму тарихы туралы) тақырыбы бойынша өлкетану материалдарын жинақтауды қолға алды.  М. Әуезов атындағы кітапхана филиалы Тараздың ескерткіштері, көшелері, айтулы орындары туралы материалдардан тұратын «Тараздың әсемдік құпиялары» тақырыбы бойынша ЭДҚ жасауда.   Ғ. Мұратбаев атындағы филиал «Жамбыл облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлері» электронды жобасы бойынша жұмыс жасайды: ҰОС ардагерлерінің өмірбаяндық мәліметтерінің электронды картотекасы жасалынады, 2000 жылдан бергі екі тілдегі жергілікті мерзімдік басылымдардың тақырып бойынша материалдары іріктеледі т.б.  №5 филиал «Тараз қаласының жергілікті жазушылары және ақындары» жобасын жасауда. Бұл тақырып тектен-тек алынып отырған жоқ. Міне бірнеше жылдан бері осы кітапхананың негізінде «Дарын» әдеби бірлестігі жемісті еңбек етіп келеді. Оған Болашақ колледжінің білімгерлері қатысады. Қазіргі кезде кітапхана қызметкерлері жергілікті ақын, жазушылар өмірбаяндарының электронды дерек қорларын жасау үстінде, сондай-ақ олардың шығармаларының электронды пішіндегі коллекциясын құрастырады.

М. Шолохов атындағы филиалдың «Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктер» электронды жобасы да пайдаланушылардың қызығушылығын тудырары сөзсіз. Кітапхана қызметкерлері бұл жобаны қолға алмас бұрын алдын-ала үлкен зерттеушілік жұмыстар жүргізді. Пайдаланушылар қазірдің өзінде жер аударылған кәрістер, немістер, Закавказьяның  саны аз  халқының тарихы бойынша: Тараз қ. және Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктер қызметінің жаңа тарихы жөніндегі ақпараттарды қамтитын электронды дерек қорларға қол жеткізе алады.

Жоба аясында Жамбыл болысының белгілі өлкетанушысы                         Т. Ш. Достанбаевпен шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім жүргізілді.  Ол Жамбыл облысының тарихы бойынша өз жұмыстарын сандықтау үшін ілтипатпен ұсынды. Сол сияқты С. Әбсадықұлы, М. Еркімбекқызы, Н. Кузнецов, П. Вотинцев, Б. Мырзамбетұлы, Д. Вайсбеккер-Иванов, М. Рысдәулет, Д. Ахметова т.б. жергілікті жазушылармен келісім шарт жасалды.

Осындай ынтымақтастық туралы ұсынысты кітапхана қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен облыстық құжаттарды мұрағаттау басқармасына да жасады. Аталған  мекемелер қызметкерлері бұл ұсынысты аса қызығушылықпен қарсы алды, оның үстіне өз қорларын сандық түрге көшіру жұмысын олар бастап кеткен. Қазірдің өзінде қалалық кітапхана пайдаланушылары  облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы фототмұрағатына қолжеткізуге мүмкіндік алып отыр. Неғұрлым қызықты фотосуреттер WEB-сайтқа орналастырылған.

«Құнды өлкетанулық құжаттарды сандықтау» жобасына негізделген электронды деректер қорында қазірдің өзінде 1300-ден астам құжат бар.

Тараз қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің өлкетанулық қызметі белсенді түрде даму үстінде. Кітапхана пайдаланушылары өлкетану материалдарының бірегейлігі мен қажеттілігін бағалай алады. Біз алдағы уақытта Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тарихи-мәдени мұрасын ұрпақ келешегі үшін сақтауға ынталы патриоттар, пікірлестер көптеп табылады деп үміттенеміз.