«ӨЗ БІЛІМІҢ –СӘУЛЕТІҢ, ӨЗ БЕДЕЛІҢ –ДӘУЛЕТІҢ»

«ӨЗ БІЛІМІҢ –СӘУЛЕТІҢ, ӨЗ БЕДЕЛІҢ –ДӘУЛЕТІҢ»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында «Жастар кітап әлемінде» жобасы аясында жастардың өсіп өркендеуі біліммен байланысты екенін ашып көрсету мақсатында «Өз білімің –сәулетің, өз беделің –дәулетің» атты тич-ин өткізілді.

 

«ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН»

«ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН»

М.Әуезов атындағы кітапханасында оқырмандарға Қазақстанның Халық Қаһарманы, ерлік пен адалдықтың символы болған Ғазиз Байтасовтың туғанына 55 жыл толуына орай «Ел тыныштығын күзеткен» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

«ҒАЖАЙЫП КІТАПТАР ЕСІМІ»

«ҒАЖАЙЫП КІТАПТАР ЕСІМІ»

№7 кітапханасында оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғажайып кітаптар есімі» атты ойын саяхат өткізілді.

«ҰЛТ ЖАДЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЛАМГЕР»

«ҰЛТ ЖАДЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЛАМГЕР»

№5 кітапханасы «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлт жадындағы ұлы қаламгер» тақырыбына бейне –ақпарат өткізілді.

 

«ҚҰЛМАМБЕТ – АҚЫНДЫҚТЫҢ АҢСАРЛЫ ҮНІНДЕЙ»

№6 кітапханасында оқырмандарға қазақтың көрнекті жырауы Құлмамбет Байзақұлының туғанына 200 жыл тоуына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында «Құлмамбет – ақындықтың аңсарлы үніндей» атты әдеби- сазды кеш  өткізілді.

«ТЕАТР – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ ОРТАСЫ»

«ТЕАТР – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ ОРТАСЫ»

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай М.Әуезов атындағы кітапханасы  оқырмандарға театр өнерінің адам тәрбиесіндегі, рухани дамуындағы маңызын түсіндіру мақсатында «Театр – тәлім-тәрбие мен тағылым ортасы» атты ауызша журнал өткізді. Ауызша журнал барысында театрдың құрылу тарихы, М.Әуезовтің қазақ драматургиясына қосқан үлесі, сахна саңлақтарының шығармашылығы туралы мағлұмат берілді.

 

«СУ АСТЫ ӘЛЕМІ»

«СУ АСТЫ ӘЛЕМІ»

 

М.Әуезов атындағы кітапханасының балалар бөлімі №13 орта мектебінің 4-сынып оқушыларына арналған «Су асты әлемі» атты медиа саяхатын ұйымдастырды. Бұл шара барысында оқушылар су асты әлемінің қызықты құпияларымен танысып, теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің ерекше әлеміне саяхат жасады.

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК»

   «ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК»

 

Ақбұлым алабының кітапханасында кітапхана оқырмандарының діни сауаттылығын арттыру және радикалды ағымдардың ықпалына түспеу жолдарын түсіндіру мақсатында «Жастар және діни қауіпсіздік» атты пікір алмасу шарасы өткізілді. Шара барысында оқырмандарға діни экстремизм мен радикализмнің қаупі туралы ақпарат беріліп, жастардың теріс идеологиялардың ықпалынан сақтану үшін қандай шаралар қабылдауы керектігі жөнінде кеңестер ұсынылды.