Ер Қайраттың ерлігі ұмытылмайды
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тарих бетінде өзінің ақтаңдақ таңбасын қалдырғаны даусыз. Жастардың бейбіт шеруінің соңы қанды қақтығысқа ұласып, талай боздағымыз қыршыннан қиылды. Мұзды алаңда айтылған жастардың жалынды сөзін кеңес билігі күшпен басуға тырысқанымен, бұл көтеріліс Қызыл империяның құлауына әкеліп соқты. Желтоқсаншылардың Тәуелсіздікке қосқан үлесі зор. Олардың арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің да ерлігі ерекше. Ел үшін туған ер көзі тірі болғанда биыл 55 жасқа келер еді.
Жалпы, Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Моxadйынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1973-1981 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров атынxadдағы мектеп-интернатта білім алған. Жасxadтайынан күреспен шұғылданған. Мекxadтеп қабырғасында жүріп-ақ шынxadшыл, сынxadшыл, бетке тура айтатын мінезіxadмен ерекxadшеленген. Сондай-ақ кітапты көп оқып, сөзге де шешен болған.
Қайраттың анасы Дәметкен Асанбаева сауыншы болса, әкесі Ноғайбай бақxadташыxadлықпен айналысқан.
«Қайраттың бетке тіке айтатын мінеxadзін жора-жолдас, ұстаздары мен бүкіл ауыл халқы білетін. Өзге бауырларынан ерекxadшелігі – ол ақжарқын да ақпейілді, ешкімxadнің көңілі қалмаса екен деп өскен ұл еді. Оның үстіне өз замандастарының арасында үлгілі де қадірлі болатын», – деп Дәметкен ана қаһарман ұлын еске алғаны есімізде.
Қайрат мектеп-интернатта сегіз жыл оқып, үздік бітіреді. Осыдан кейін 1981-1983 жылы Бірлік ауылындағы орта мекxadтепте білімін тереңдетіп, бір жыл Көктерек совхозында мал бағады. Ал 1984 жылы әскер қатарына шақырылып, екі жыл Амур өлкесіндегі Белогор қаласында Отан алдындағы борышын өтейді. 1986 жылы мамырда әскерден оралғаннан кейін сол жылдың тамызында Алматыxadдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі.
Міне, осы білім ордасында оқып жүріп Қайрат көппен бірге алаңға келеді. 1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат таңғы сегіз жарымдар шамасында Алматы қаласының орталық алаңына жиналған екі мыңға жуық жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді. Бейбіт шеру қанды қақтығысқа ұласқан кезде Қайрат бір топ жігіттермен Байсейітова көшесінің бойымен Абай даңғылына түседі. Жастар қолдарына таяқ ұстайды, Қайрат та жерде жатқан бір бұтақты көxadтеріп алады. Қолына таяқ ұстаған Қайxadратты біреулер сол кезде суретке түсіріп алған екен. Тағы бір деректерге сүйенсек, қазақ қыздары поxadлицейxadлер тараxadпынан соққыға жығылып жатқан кезде Қайрат бастаған жігіттер араша түсіп, қақтығысқа араласыпты. Алайда тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алғанына қарамастан, Қайратты адам өлтірді деген жаламен ату жазасына кеседі. Бірақ Батыс қауымxadдастығының қысымыxadнан соң Кеңес одағының басшысы Михаил Горбачев Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековке шыxadғарылxadған ату жазасын 20 жыл түрмеде отыруға ауыстырады. Алайда Семей түрxadмесіне жеткізілген Қайрат небәрі 21 жаxadсында камерасында өлі табылады. Бұл Желтоқсан оқиғасына байланысты ең үлкен құпияxadлардың бірі болып қалды.
13 наурыз күні Қайрат Рысқұлбековтің жерлестері батыр ұлдарын еске алып, рухына құран бағыштады. Ең әуелі Мойынқұм ауданының орталығы Моxadйынxadқұм ауылында Қ.Рысқұлбеков атынxadдағы саябақтағы ескерткішіне гүл шоқxadтары қойылып, қаһарман ұлды еске алу шарасы өтті. 1 минуттық үнсіздіктен кейін аудан әкімі Мәден Мұсаев сөз алып, қазақтың қайсар перзентінің өмір жолына тоқталып, оның ерлігі мәңгілік ел есінде, ұрпақ жаxadдынxadда қалатынын жетxadкізді. Ал Желтоқсан оқиғасына қатысушы Нұржан Сәденов мұндай шаралардың маңызын тілге тиек етіп, ұйымдасxadтырушыларға алғысын білxadдірді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Желтоқсан оқиғасына айxadрықxadша бағасын берді. Президент: «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толаxadды. 1986 жылы өрімдей ұл-қызxadдарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелxadсіздігімізді жариялауымызxadдың символдық мәні зор. Бұл орайда азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһарманxadдарыxadның азаматтық ерлігі лайықты бағаxadсын алып, жоспарлы түрxadде насихатталуы керек», – деді. Раxadсында біз желтоқсаншылxadардың ерлігін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, батыр ұл-қыздардың ерлігін жан-жақты насиxadхаттауымыз қажет. Әсіресе, Қайрат Рысxadқұлбековтей батырдың болxadмысы кейінгі буынның үлгі тұтар тұлғасына айналуы қажет. Сондықтан бүгінгідей шаралардың тәрбиелік және патриоттық маңызы зор. Сол бір мұзды алаңдағы қанды оқиғаны егеменді елдің жастары енді көрмесін деп тілеймін. Қаһарман ұлдарын ұлықтап жатқан жергілікті билік өкілдеріне айтар алғысым шексіз, – деді Нұржан Сағадинxadұлы.
Ал Қайратпен тай-құлындай тебісіп бірге өскен ауылдасы Ләйлә Қожагелдиева өткен күнді еске алып, көз жасына ерік берді.
– Жерлесім Қайрат ауылда менен бір сынып жоғары оқыды. Әкем Шайбай Қожагелдиев сол мектепте математика пәнінен дәріс берді. Мектеп қабырғаxadсында жүргенде жалындаған өжет, өткір өрен еді. Әкем Қайраттың осы қасиетін ерекше бағалайтын.
Желтоқсан ызғарын өз көзімізбен көрxadдік. Қазір еске алудың өзі өте ауыр. Кейінгі жастарымыз сол кездегі жазықсыз қыршыxadннан қиылған боздақтардың тағдырын кешпесін, қайталанбасын деп тілейміз.
1986 жылдың 17 желтоқсан күні бір топ студенттермен сабаққа кетіп бара жатқанда ұсталдық. Алматы қаласы АІІБ-лары ұсталған адамдарға толған соң, бізді Қаскелеңге апарып, суретке түсіріп, түxadсінікxadтеме алып, оқу орнымызға хабарлама жіберді. Түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 07.00-де жаяу жатақханамызға әзер жетxadтік.
Күнде тексеріс, жиналыс. Комсомол, кәсіподақ жиналыстарына салды. 100 студент оқудан шығарылды. Жақсы оқыxadғанымның арқасында сөгіс алып, жазам жеңілдеді. Алайда 3 ай бойы тергеу жүрxadгізді. 10-15 тәулік сұрақтың астында болxadдық. Өзім 3 тәулік Целинный киноxadтеатрының астындағы жертөледегі КГБ-ның түрмесінде жаттым. 40 қыз бір камеxadраға қамалдық. Сол кезде Қайратты көрxadдім. Ол жалғыз адамдық камерада отырды. Полицейлерге дәлізді жуып береміз деп сұранып, тергеуге алып бара жатқан Қайxadратxadты көзім шалып қалып жүрді.
Ержүрек жерлесіміз көзі тірі болғанда биыл 55 жасқа келер еді. Қайрат Рысxadқұлбеков – халқымыздың батыры, қаһарxadманы. Қайраттың патриоттық рухын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп дәріптеуіміз қаxadжет.
Келешекте де Қайраттың 100 жылдыxadғын тойлауды нәсіп етсін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бейбітшілік өмір болсын деп тілеймін, – деді желтоқсаншы.
– Қайрат қолындағы барын бөліп беxadретін жомарт еді. Ол жапа шеккен, зәбір көргендерге жаны ашып, қолынан келген жәрдемін аямайтын. Өзім кішкенxadтайымxadнан әкемнің туған апайының қоxadлында өстім. Ол кісінің қайтыс болғанына көп уаxadқыт бола қойған жоқ еді. Мектеп-интерxadнаттың басшылары бір күні оқушыxadларға киім үлестіре бастағанда, маған пальто мен етік тиді. Сонда мұғалімдер мені шешесі жоқ деп, мүсіркеп беріп отырxadған шығар деп көңілім әбден құлаxadзып, мұңайып қалxadдым. Сол кезде Қайрат менің қасыма кеxadліп: «Сәлима, сен бұған ренжіме, бұл киімxadдерді түсіне білсең, ата-анаңа көмек реxadтінде беріп отыр ғой» деп жұбатқаны әлі есімнен кетер емес, – дейді Қайраттың тағы бір сыныптас құрбысы Сәлима Исаева.
Өзінің өмірі қыл үстінде тұрғанда кім өзгенің өміріне ара түсе алар екен? Осынxadдай өнегелі де өрелі ерлік Қайраттың бойынан табылды.
– Тергеушілер Қайратпен беттестіріп: «Мына мұғалімдерің емес пе, сендерді алаңға шығыңдар деп үгіттеген» дегенде, ол: «Бұл кісіні танымаймын, алаңға өзіміз бардық» деп мені қаймықпай, ашық қорxadғаxadды. Егер ол басқаша айтқанда ату жазаxadсына мен кесілетін едім, – деп ұстазы, Сәуxadлет-құрылыс институтының доценті Әркен Уақов та өткен күнді еске алады.
Мойынқұм ауданындағы шара соxadңынxadда Қайрат пен өмірден ерте озған боздақxadтарxadдың рухына бағышталып құран оқылды. Сондай-ақ еске алу кеші Бірлік ауылында да ұйымдастырылып, қаһарман ұлдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылxadды. «Желxadтоқсан» атауы берілген Мәдеxadниет үйінде кеш ұйымдастырылып, ауылxadдастары жауxadжүрек ұлын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа ерxadлігін дәріптеді.
Ер Қайрат пен желтоқсаншылардың ерлігі ұмытылмайтыны анық.
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы
Aiqyn. — 2021. — 16 наурыз