№7 кітапханасында ұлттық ойындарды насихаттау арқылы балалардың дене қимылын дамыту, қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық ойын-халық мұрасы» атты қызықты ойындар сағаты өткізілді
№7 кітапханасында ұлттық ойындарды насихаттау арқылы балалардың дене қимылын дамыту, қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық ойын-халық мұрасы» атты қызықты ойындар сағаты өткізілді
«ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – ТАҒЫЛЫМ МЕКТЕБІ»
Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні. Осы мерекеге орай Абай атындағы кітапханасы әке тұлғасын құрметтеу, отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Әке тәрбиесі – тағылым мектебі» атты әдеби шолу өткізді.
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ АРДАҚТАҒАН МЕКЕМЕ»
№5 кітапханасы «Нұршуақ» балабақша қызметкерлерімен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін насихаттау, мекемелерде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тілді ардақтаған мекеме» атты әңгіме-сұхбат өткізді.
«ПАЙДАЛЫ КӨКІНІСТЕР»
Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында оқырмандарға денсаулыққа пайдалы көкіністер мен жеміс жидектердің пайдасын айту мақсатында «Пайдалы көкіністер» атты әдеби дастархан өткізілді.
«ҚИЯҒА САМҒАҒАН ҚЫРАН – АҚЫН»
Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Жұмекең Нәжімеденовтың өмірі мен еңбектерін насихаттау мақсатында «Қияға самғаған қыран – ақын» атты жыр аялдамасын өткізді.
«МӘДЕНИ МҰРА – АСЫЛ ҚАЗЫНА»
Қызыл жұлдыз алабының кітапханасында «Мәдени мұра – асыл қазына» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ МЕНІҢ МІНДЕТТЕРІМ»
Ақбұлым алабының кітапханасында «Менің құқықтарым менің міндеттерім» атты ақпарат сағаты өткізілді
БАЛАЛАРҒА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ
Абай атындағы орталық кітапханасы №39 мектеп-гимназиясы жанынынан ашылған жазғы лагерь демалушыларына кітапханалық саяхат өткізді.
«ҚИЯЛДАР ӘЛЕМІ»
№6 кітапханасында «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында «Қиялдар әлемі» атты шығармашылық жұмыс жинақтары ұйымдастырылды
«ТЕМЕКІ – ДЕНСАУЛЫҚ ДҰШПАНЫ»
№5 кітапханасы оқырмандарға зиянды әдеттердің, әсіресе темекі шегудің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ақпарат беру мақсатында «Темекі – денсаулық дұшпаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды