Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл (1924-1944).

Қазақ Кеңес Одағының Батыры, мерген, ефрейтор. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

«Қазақ әдебиеті» газетіне – 90 жыл (1934)

«Қазақ әдебиеті» газетінің бірінші саны 1934 жылдың 10 қаңтарында жарық көрген. Маңдайшасына «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!» деп жазылған басылым алғашқы жылдары Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде жарық көріп тұрды. Алайда 1940 жылы газет шықпай қалды, тек араға 15 жыл салып, 1955 жылы қайтадан оқырманға жол тартты.

Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл (1904 —1973).

Әбілхан Қастеев — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Ол қолөнерге, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған.

Оның «Биік таулы мұз айдын», «Гүл ашқан алма», «Менің Отаным», «Жайлаудағы автодүкен», «Қашпағай ГЭС-і» сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен елдің назарын аударады.

Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл (1663-1756)

Қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында «бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз қалған тарихи тұлға.

Қожықов Сұлтан-Ахметтің туғанына 100 жыл (1923-1988)

Қазақ режиссері, сценарист, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өткен ғасырдың бағалы мұрасын жасаған аңызға айналған «Қыз-Жібек» кинофильм режиссері.

Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл (1893-1938)

Қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оқырмандарды өзінің талантының күшімен, жүрегінің құмарлығымен және шығармашылық қолжазбасының бірегейлігімен баурап алды.

 

Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл (1802-1847)

Кенесары Қасымұлы мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі.

Кенесары Қасымұлы өмірі қысқа болды, бүкіл өмірін өз халқының бостандық құқығын қорғауға жұмсады. Қазақ хандығының соңғы ханы.

Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.

Кенесарының саяси мұрасы халық жадында мақтанышы ретінде сақталды.