Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл (1894-1938).

Ілияс Жансүгіров қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.

Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмасы қазақ поэзиясының қаймағы. Ілияс Жансүгіров шығармаларында еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ашып көрсетеді.