Кітап – руханият тірегі

      2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Кітап апталығы» өтті.

 Апталық аясында М.Әуезов және Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханаларда балалардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту, кітап оқу мәдениетін дәріптеу мақсатында дәстүрге сай кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітаптар шеруі, «Қызықты кітаптар әлемі шақырады» ашық есік күні, «Ертегілер еліне саяхат» әдеби ойын, «Журналдардың сендерге айтары бар» атты балалар журналдарына шолулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылған ойын түріндегі көріністер көрсетіліп, балғындарға халық ауыз әдебиеті, қызықты сиқырлы әңгімелер, балалар әдебиетінің алтын қорынан алынған шытырман оқиғалы әдебиеттер таныстырылды.

Назым Мухамбетиярова,

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі директорының орынбасары

Jambyl-Taraz. – 2024. – 30 наурыз