Қазақ халқына мың алғыс

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздық ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Осы мерекеге орай Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында мәдени-көпшілік шаралар өтті.

Айталық, Абай атындағы орталық кітапханасында «Қазақ халқына мың алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушылары Ольга Цой, Инна Герасименко, ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің 1-бөлімше сарбаз атқышы Дәулет Қасеновпен, М.Әуезов атындағы кітапханасы Жамбыл облысы өзбек қоғамдық бірлестігінің өкілі Абдрахман Зайнутдиновпен «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты сұхбат, №5 кітапхана Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандары Валентина Досыбаева, Жазира Шілдебаева, «Тараз-Болашақ» медициналық орталығының медбикесі Күлшат Дәрібаева «Алғыс айту – парызым» атты «дөңгелек үстел» отырысын,  №6 кітапхана зейнеткер Пак Еленамен және №32 орта мектебі мұғалімі Алина Штокаловамен «Алғыс айту – асыл қасиет» атгы кездесу кештерін өткізді.

Кеш қонақтары оқырмандармен елімізде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп жатқаны, елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіретін күн екені, мерекенің мән-мағынасы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Гүлдана ҮСЕНБАЕВА,

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің әдіскері

Jambyl-Taraz. – 2024. – 8 наурыз (№19). – 6 б.