Берден Байқошқаров биігі

Берден Байқошқаров биігі

Берден Байкошқаровты алғаш көрген сәтте түсі сұсты, суык адам болып көрінген. Жо-жоқ, олай болмады. Дәл сол алғашқы кездескен сәттің өзінде ұзақ әңгімелескенбіз. Мен туып-өскен «Ойык» кеңшарын жақсы біледі екен. Институтты жаңадан бітірген жылдары біздің кеншарда гараж меңгерушісі, механнк болыпты. Әкемнің ағасы, ақындығымен Таласқа танымал болған Несіпбай көкемді жақсы танитын болып шықты. Басқаларға суык болса суық шығар. Өзіме сол сәттен шуағын төгіп, жақын тартқаны рас. Берден Байқошқаров өзінің туып-өскен Аманкедді (қазіргі Тамабек) ауылынан мешіт салдырып, оған қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың атын берген: Осылайша, өзіне жанашыр болған ұлы адамға ұлкен сыйлық жасағанына бәріміз куә болғанымыз бар.

Берденнің балалығы соғыс жылдарына тап келді. Бәлкім бала болып, қатарларымен алқұн-жұлқын алысып ойнамаған да болар. Әкесі Байкошкар майданға кетті. Аман оралды. Әкесі елге келген соң аз ғана күн тынығып, еңбекке араласып кетті. Ұзамай колхоз төрағалығына сайланды. Байкошқар бастық болған жылы егін бітік шықты. Сол жылы гектарына 25 центнерден астық бастырылды. Жылқы саны 1200 басқа, қой-ешкі саны 25 мың басқа жетті. Осындай айрықша елеулі еңбек көрсеткіштері ұшін бірден ауылдың 6 еңбеккері Социалистік Еңбек Ері атанды. Олардың ішінде Байқошкар Мұсірәлиев те бар.

Сол Еңбек Ері атанған кайран әке «Менін он жасар Берден деген балам бар. Соған мұра етіп калдырар байлығымнын ең үлкені — адалдығым» деген екен. Берден Ақкелдегі мектепті күміс медалмен бітірді. Білімге күштар бала бірден Алматы ауыл шаруашылығы институтының механика факультетіне түсіп кетті. Білімдіге қайда да жол ашық кой. Ал Сәбира жеңгеміз болса кыздар институтына 1957 жылы келіп түскен екен. Ол кезде Берден болса ауыл шаруашылығы институтының 3- курсында оқитын. Бір жарым жыл бойы кездесіп сөйлесіп жүрді. Институтты бітірген бойда үйленіп, шаңырак көтереді. Студент досы, ақын Әбдірахман Асылбеков бұлардың тойына арнап «Жар-жар» әнінің жаңа мәтінін жазды. Осы мәтіндегі «Жар-жар» Берден мен Сәбираның үйлену тойында алғаш рет орындалды. Бұл — 1958 жылы болған еді.

Содан бері «Жар-жардың» бұл мәтіні мыңдаған жастардын шаңырак көтерген тойларында шырқалды.

Қолына диплом алысымен бірден Жамбылға тартты. Жүрегі алып ұшып облыстық ауыл шаруашылығы баскармасының табалдырығынан аттады. Баскарма бастығы кезекті іс сапармен жолға шығып кеткен екен. Оның кадр мәселесімен айналысатын орынбасары Гречухин деген жас жігіт орнынан табылды. Кезегі келіп, Гречухиннің кабинетіне беттеген Берденмен бейтаныс қартаңдау кісі бірге кірді. Бұл сол кезде Талас ауданының кұрамында болған «Қызыл октябрь» колхозы басқармасының төрағасы Байбатшаев екен. Гречухин жасқаншақтап отырып, сыпайы сөйлеген Берденге оң ықылас танытты. Тіпті оны Байбатшаевқа да жақсылап таныстырды.

Осылайша Берден «Қызыл октябрь» колхозынан бірақ шықты. МТМ меңгерушісі жұмысына белсене кірісті. Ұшымжардың бұзылып тұрған машина-тракторлары шетінен «оталып» қатарға қосыла бастады. Байбатшаев та үнемі жас маманды қолдап, демеу болып, жылы сөзін арнап жүрді.

«Ер туған жеріне» демей ме казақ. Арада бір жыл өткенде Талас ауданындағы «Ойық» совхозына оралды. Совхоздың сол кездегі директоры Әнуарбек Тәжімбетов жас маман-инженерді жылы қабылдады. Совхоздың механигі әрі машина-трактор жөндеу шеберханасының менгерушісі қызметін сеніп тапсырды.

Байкошқаровтың бұл қызметтегі тың ізденістері, еңбекқорлығы, табандылығы сол жылдардағы Талас, Сарысу аудандары бойынша аумактық өндірістік баскармасының бастығы Төребай Ақбозовтың назарына ілікті. Көп ұзамай мұны Ақбозов өзіне шакыртыпты да, бірден басқарманың бас ішженерлігіне ұсынды. Ал бұл қызметті аткарып жүрген Руденко деген кісі — ғылым кандидаты, әрі Социалистік Енбек Ері болатын. Бұл болса «Тым болмаса, бір жыл сол Руденкоға көмекші болайын, сосынғысын көре жатарсыз» деуге батылы жетті. Арада 3 ай өткенде Байқошқаров аумактық өндірістік басқармасының бас инженерлігіне тағайындалды. Көп ұзамай осы басқарма басшының орынбасарлығына жоғарылады.

1969 жылы ерте көктемде Талас ауданының «Кеңес» совхозына директорлық қызметке жіберілді. Бұл шаруашылықта 44 мың бас кой бар еді. 1968-69 жылдын «әйгілі» кысынан кейін 5700 бас ғана кой қалған. Байқошқаров алғашқы мақсаттарының бірі — мал басын өз төлінен еселеп көбейту болды. Жыддан жылға мал басы көбейе берді. Берден өзі де тыным таппайды, өзгеге де тыным бермейді. Мал шаруашылығына арнап 28 жаздық қора салдырды. Бұл іске Сыздык, Көбей, Нает, Бөкір секілді ел ағалары көмекке келді. «Юбилейный», «Бөлекқызыл» су коймаларын тұрғызды. «Юбилейныйға» 1,5 миллион, «Бөлеккызылға» 20 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік туды. Совхоздың егіндік даласына, ауыл турғындарының бау-бақшалығына сылдырап су келді. Ал төрт тулік малдың басы 1969 жылғы деңгейге жетті.

1972 жылдың 12 желтоқсаны. Дәл осы күні Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Дінмухамед Қонаевтың 60 жаска толған еді. Берден болса айтулы күннің карсанында Алматыға «Кеңес» совхозының тұрғындарына үйме-үй тораптық-құбырлык су жүйесі аркылы түщы су тартқызу ниетімен, соны жоспарға енгізу максатында Алматыға барған. 11 каңтар куні Республиканың Халыкка тұрмыстық қызмет көрсету министрінің бірінші орынбасары Атымтай Қисановтың қабылдауында болады. Айтқан шаруасын сол жерде шешіп берген Қисановтың:

-Қазактың болайын деп тұрған бір баласы екенсің. Алыс ауылдан елдің мәселесімен келіпсің. Бірінші хатшының ертең туған күні. Құттыктап шыкпайсың ба?- дегені.

Берден   болса   таң-тамаша.   Бірінші   хатшыға   қалай кіреді? Ол — кім. бұл Берденнің таңданысын сезген

Қисанов бірден Қонаевқа телефон соғып, жағдайды айтып, Берденге жол ашып берді. «Таңертең сағат 9-00 -де кабылдаймын» депті.

Ертеңше белгіленген уақыттан сәл ертерек барды. Қабылдау бөлмесінен Димекеңнің көмекшісі Дүйсетай Бекежановты да жолықтырды. Жүрегі қобалжулы. Қанша дегенмен, оңай ма? Екеуі 30 мннут әңгімелесті. Димекең Берденге оң кабақ таньтыпы. Кетерінде :

—    Берден, есіңде болсын, саған кабинетімнің де, үйімнің де есігі ашық,- деді. Берден үлкен кісінің алдынан коңілі көтеріліп, қуанып шықты.

1973 жылдың жазында мұны облыстык партия комитетінің бірінші хатшысы Хасан Бектұрғанов шақырып, Сарысу аудандык партия комитетінің екінші хатшысы кызметіне баратынын айтты. Сарысуда да сол еңбекқор қалпынан таңған жок. Мұнда да үлкен су қоймасының салынуына ықпал етті. Өзі басы-қасында жүрді. Ауданның үлкен-кішісіне түтел қадірлі болды.

Көп ұзамай Қордай ауданына әуелі аудандық атқару комитетінің төрағасы, араға 6 ай салып Қордай аудандык партия комитетінің бірішпі хатшысы болып сайланды. Қордай ауданын табаны күректей он жыл басқарды. Кеңседе отырып алмай, аяғына бірде керзі, бірде резіңке етік киіп, малшылар мен диқандардың арасында жүрді. Бұл ауданда да «Қарақоңыз» су қоймасын салдырды. «Өрікті» мал бордақылау алаңын ұйымдастырды, Қордай ауданы ұзақ жыл облыста көрсеткіштері бойынша бірінші орыннан тұспеді. Істің адамы, қашанда істің адамы. Сол Қордайда жүргеңде он жыл катарынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды…

Берден көкенің кұдай коскан косағы Сәбира апамыз:

— Бердекең қайтыс боларынан аз ғана бұрын облыстык ардагерлер кеңесінін төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған оншакты ел азаматтарын үйімізге қонак еткеңбіз. Бұл Бердекеннін облыска белгілі танымал кісілермен соңгы рет арка-жарқа сөйлесуі екен. Әлде жүрегі бірдеңені сезді ме? Сол жиында өте көңілді отырды. Әр нәрсені ақтарылып қозғады. Солтыбаев «Ойпырм -ай, Сіздін мұндай әңгімешіл екеніңізді білмеппін» деп таңқалып отырды. Бой жазғаны ма екен, сол жолы көп сырласып. көп сөйлесті. Облыстың Құрметті азаматы атағына ұсынылған еді. Үлгере алмады. Бердекеңнің қазасына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев орынбасарларымен бірге келіп, көңіл айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көп жәрдем етті. Елге сыйлы, танымал бауырлары тік тұрып кызмет жасады. Жаназаға жиналған халықта есеп болған жок. Осының барлығы елдің Бердекеңе деген құрметі, халыктың Берденді бағалағаны деп білемін. Бердекеңнің болмысы осындай еді,-деп ағынан жарылғаны бар бізге.

ТҮЙІН: Иә. Биік шыңдар аласармайды. Алатау деңгейлес биік адамдар да аласармайды. Олардың арасында халық үшін аянбай еңбек еткен ардақты ақсақал, Қордай ауданының Қурметті азаматы, ауыл шаруашылығы өндірісінің көрнекті ұйымдастырушы болган Берден Байқошқаровтың шоқтығы биік. Берден көтерілген белесті биік шыңга теңеуге болады. Сол шың басында Бердекең абыройлы жүрді. Шың басынан абыройлы түсе білді. Жоқ, ол кісі әлі де биікте, шыңның басында!

Берден Байқошқаровтың биігі аласармайды!

 Есет ДОСАЛЫ.

 Ғұмыр дария. 2017. – 23 наурыз