Тәуелсіздік жылдардағы ең жарқын жетістік – болашақпен жарысқан жаһандық мегаполис Астана Елбасының ғаламат идеясының жүзеге асуы және Қазақстан халқының ерен еңбегінің жемісі.
Астана бүкіл елді магистральді локомотив тәрізді алға сүйреді. Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала.
Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей Елорда, әлемдегі ең жас қала.
Кең даладағы жай ғана қала емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны.