Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.
Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
Осы атаулы датаға орай оқырмандар назарына «Тәуелсіздік – ел тағдыры» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылып отыр.