Біз өз мемлекеттілігіміздің тарихын санауда 550 жылдықпен шектеліп қалмай, өз жерімізде арғы-бергі замандарда дәуірлеп өткен мемлекеттермен тарихи тамырластық және сабақтастықты сақтауға тиіспіз.
Мәселен, 545 жылы Ашина Бумын қаған Түркі Елін, Қағанатты құрды.
Демек, алдағы 2015 жылы түркілер тарихындағы тұңғыш мемлекеттің құрылғанына 1470 жыл толады. Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға ықпал ететін осындай айтулы даталарды мерекелеуге бағытталған іс-шаралар бір жылмен шектелмей, үйлесімді түрде 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жалғасуға тиіс.
Осылайша, қазақстандықтар бойында мемлекеттік ой-сана бекиді және егемендігіміздің қуатты тұғырына айналады.
Асқар ОМАРОВ, түрколог