Әрқашан біздің қалауымыз бола бермейді

 Балалар бұл жолы сіздерге отбасының маңыздылығыбауыр мен сіңлііні қарым— қатынасы, бауырмашылық жайлы Хейди Ховарттың «Әрқашан біздің қалауымыз бола бермейді» атты кітабын ұсынамын.

      Алғашында бауырларының болғаны қонжыққа ұнамайды. Анасы оған жақын сәбидің жарық дүниеге келетіні туралы айтқан кезде Қонжық аңырып, абыржып қалған еді.

      Дегенмен Қонжыққа енді өзімен бірге ойнайтын інісінің болатыны ұнады. Ал енді онымен қоса қарындасымен де ойнайтыны туралы ол ойлаған да, тіпті жоспарлаған да жоқ еді.

      Орманға барарда ол анасынан кішкентай тентектерді ертпеуін сұрайды. Бірақ анасы «Кешір, балақай. Әрқашан біздің қалауымыз бола бермейді», — деп жауап берді Ана-Аю.

     Інісі мен қарындасы жол бойы ағаларының мазасын аладыолар сотқарлау болатын. Өздерінің сүйікті алаңқайларына жақындаған сайын Қонжық ашулана бастадыІнішегі оның құйрығын тартып келе жатқанҚарындасы болса оның құлағын созыпекеуі мұның аяғына орала берді.

    «Маған жәрдем етші, Қонжық. Інің мен қарындасыңды өзенге апаршы. Олар балықты көрсін».

     Ана-Аю егіздерді шөпке отырғызып, оларға былай деді: «Кішкентайларым менің, өзеннің ағысы қатты болады, сондықтан ағаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Ол сендерге бас-көз болады. Келістік пе?»

     Екеуі бастарын изеді, Қонжық оларды өзін зеріктіреді деп есептесе де, бұл жолы олардың алдында өзін ересек, маңызды әрі байсалды сезінді.

     Бауырларын өзенге апара жатып, өзінің үлкен әрі басшы екеніне масаттанған Қонжық маңғазданып ақыл айтып келе жатып, кішкентай тентектердің тығылып қалғанын байқамайды.

     Екі қонжық бірдей жоғалып кетіпті…

     Әрі қарай не болғаны жайлыҚонжық қалай іні мен сіңлісін қауіптен құтқарғаны және Қонжыққа аға болғаны ұнады ма,  ертегі немен аяқталғанын осы кітаптан оқып білесіздер.