«Старостаның» баламасы – «Сақа» (Мейрамбек Төлепбергенов)

«Старостаның» баламасы – «Сақа» (Мейрамбек Төлепбергенов)

десек, әріптесіміз Мейрамбек Төлепбергенді дәл сипаттау үшін бұларға үшінші «саңлақ» сөзін де қосу керекxa0

Староста. Бұл сөз мектептен құxadлаққа сіңген. Аударылмаған. Аударылмас та. Жарты ғасыр бұрын оқыған мектепте қай оқушының староста болғаны есте жоқ, ал елу қиырдан құйылған елу студенттің ішінен екі топқа екі староста шыққанда, бірі – Мейрамбек Төлепxadберген еді. Онда Төлепбергенов. Түскен оқуымыз – Қазақ мемлекеттік универxadситетінің журналистика факультеті.

Журфактың деканы – Қожакеев. Ол тұста «партия десең – Ленин еске түсеxadтіні» сияқты бұлар да біріне-бірі кінxadдігінен байланған егіз ұғым еді.

Темірбек Қожакеев жайында бірнеше кітап шықты. «Мықшеге» деген кітапты өзіміз құрасxadтырып, Қожакеевтің және бір алғыр шәкірті Мұхтар Құл-Мұхаммед басып берген. Сол кітаптардың өзегі журфак деканының жыл сайын орыстілді, қазақxadтілxadдісі бар екі бөлім, төрт топқа бөлінетін жүз балаxadны қалай адам етемін, қайткенде журналист қылаxadмын деп жүз түрлі тәсілге барғаны жаxadйында. Қаталдық пен әділдік те, тездік пен сөз түріндегі кездік те деканxadxadның бойынан табылатын. Жазықты студентxadтердің жатақханадан шығып, стипенxadдиядан қағылуы – жазаның оңай түріне жатады. Осындай тағдыр қыл ұшына ілінген кезде шырылдайтын біреу бар – топтың старостасы.

Бұл старостаның міндетін жиырма бес қыз-жігіт оқу бітіріп, Темекеңнің темір шеңгелінен шыққанша Мейрамбек адал атқарды.xa0Тіпті жанын сала жүгірді десе де болады. Деканның қабағын қателеспестен бағатын мықтыға басқа кафедра меңгерушілерінің, оқытушыxadлардың қыбын табу қиын емес қой, сынақ кітапшамызды Мейрамбектің портфеліне жиып салып беріп, «кітапxadхана емес, сырахана қайдасың» деп кеткен кез болған шығар. Қазір ойласаң, өкіxadнішті.

Айтпақшы, сол кезден қолына портфель ұстады. Кейін облыс әкімінің орынбасарының портфелін ұстаxadғанда таңырқамағанымыз сондықтан. Бірақ ол студенттер старостасынан облыстың екі-үш басшыxadсының біріне дейінгі жолды оңайлықпен жүріп өтпегені хақ.

Сол университеттегі жылдары Мейxadрамбектің бойынан бірнеше қасиетті көргенбіз. Біріншісі – білімділік. Иә, білім жарыстыра алатын аз ғана үздікxadтің бірі болды. Жұмабек Кенжалин, Шархан Қаxadзығұл, Әмір Оралбай, кейін қосылған Кәрібай Мұxadсырман… Президент әкімшілігінде, Үкімет кеңсеxadсінде, «Қазмұнайгаз» сынды мығым мекемеде қызмет істеу, ақпарат саласында республикалық деңгейдегі акционерлік қоғамды басқару, Парламент деxadпутаты болу – біздің курстастардың қиналмай алxadған биігі. Биікке жеткеннің бірі – Мейрамбек те білімxadділігімен және білімге құмарлығымен тәнті етті.

Оның бойындағы келесі қасиет – жауапкершілік аталса керек. Тал боxadйынан қылдай мін табылмаса, сол қасиетінен. Өткенде Елбасы туралы бір зертxadтеуxadмен танысқанбыз. Ресейлік деректанушы-жазушы, атақты мемлекет басшылары мен қолбасылар 14 тілде шыққан кітаптардың авторы Николай Зеньxadкович былай дейді: «Әр азамат иығыxadмен үш жүкті көтереді, олар: Отанxadның, отбасының және жеке басының жүгі. Назарбаев осы үштіктің ішінен әрдайым алдымен Отанның жүгін көтеруді бірінші кезекке қойды». Біздің старостамыз тәуелсіздік тәй-тәй басқан шақта біраз уақыт Елбасының сапарxadларын сипаттап жазатын «президенттік пул» аталатын топта жүрді. Отаншылдық сезімі сол сындарлы шақта жүрекке терең ұяласа керек.

Отан алдындағы, отбасы алдындағы, жеке өз басы алдындағы жауапкершілікке адал болу абырой баспалдағы екен.xa0Үлкен атақтарға жетті. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайxadраткері» атағы берілді. Басқа да мемлеxadкеттік наградалары болуы керек. Бірақ төсіне тағып, кеудесіне сыңғырлатып жүргенін көрмеппіз. Қазақстан Респубxadликасы Президентінің Бұқаралық ақxadпарат құралдары саласындағы сыйлыxadғынан бастап, бірқатар құрметке жетті. Бәрібір атаққа емес, иықтағы жауапкерxadшілікке жұмыс істейтіні сонау диплом алып Алматы облыстық «Жетісу» газетіне қызметке барған күнінен белгілі еді. Иә, қызметке тұрардың о жақ-бұ жағында сұлу Светаны қолынан жетекxadтей кеткен, содан бері отбасы алдындағы жауапкершілікті де бір сәт ұмытпаған.

Қызметке тұрардан бұрын диплом алдық. Диплом алар, бір-бірімізбен қоштасар күндерде біз елу курстастың әрбіріне аттарын атап, бір-бір шумақ өлең шығардық. Қадыр Мырза Әлидің атақты «Студенттер» өлеңіндегі «Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы» дегені айна-қатесіз біздердің де басымызға келген. «Бірін-бірі қолынан ұзатып салған» қыздар, «бірін-бірі қолыxadнан үйлендірген» жігіттер шынында қалай қиыссын?!

Сол қимастық әсерімен бәріне бір-бір шумақ арналғанда Мейрамбекке былай жазыппыз:

–Болған жоқ ренжуің, кектесуің,

Болған жоқ мақтануың, көп бөсуің.

Мейрамбек староста ылғи өстіп,

Аман өт ортасынан от пен судың.

«От» – азуын айға білеген декан Темірбек Қожаxadкеев те, «су» – староста жауап беретін топтағы қаперxadлеріне түк кірмей жайылып жатқан жиырма бес жүгірмек.xa0Осы арада Мейрамбектің және бір қасиеті жатыр. Тіл табысу. Әрқайсысы әр қиырға ауа жайылатын жиырма бес болашақ «классик» пен диірмені дүрілдеп тұрған деканның аралығына дәнекер болғаны сондықтан.

Ол кіммен де болсын тіл табыса алады. Өйткені түсінік пен таным әлемі кең. Ел мен жер жайында сұрасаң да, тарих пен тілге тереңдесең де, ғарыш пен техника тақырыбына салсаң да, ішкі саясат пен сыртқы саясатты талқылатсаң да суырылып шығады. Кешегі өзіндей өндір студент пен Кеңес Аухадиев сынды абыз ақсақалды екі жағына алып, тонның ішкі бауындай болып ортасында отыру – оған түк те қиын емес.

Және бір қасиеті, шамасы қоғамға пайдалы, бірақ өзіне пайдасы азы – ақиқатты айтатыны.xa0Студент кезімізде 45 минуттан қосарланған бір жарым сағаттық дәрісі жалықтыратын доцентке «аға, мына лекцияңыз түк қызық емес» дегенді айта алса, Мейрамбек айтатын. Басын кесіп алса да шындықтан жалтармайтын. Сабақты дұрыс өткізе алмаған ұстазға ол мінін бетке айту – студент үшін оңай ма? Жоқ. Бәлкім, деканымыз Мейрамбекті староста қойғанда осы тайсалмайтын, жалтарxadмайтын мінезін бағаласа керек.
«Қоғамға пайдалы, бірақ өзіне пайдасы аз» деуіміз тегін емес. Беріде үлкен мекеменің елеулі буынын басxadқарып тұрғанда жоғарыдағы министрдің қисынсыз талабын орындаудан бас тартады. Жай бас тартпайды, «мыxadнауыңызды орындайтын болсақ, онда тура керісінше жүзеге асады» деп хабарлайды. Нәтижесі… біздің турашыл досымыздың бұл қызметті өткізіп беруімен аяқталған.

Жылдар жылжыған сайын ол мінезден қайтпады, қайтқан не өткірлей түсті.xa0Осы мінезі оны депутат етті. Жамxadбыл облыстық мәслихатына. Республиxadканың парламентіне біздің курстан бір азамат депутат болды. Облыстық және республикалық бағыныстағы қалалық мәслихатқа депутат болған үштің бірі – осы Мейрамбек досымыз.
Студент кезінде бәріміз оны Мейрамбек деп айтқанда, жалғыз қыз оған «Сақа» деп сөйлейтін. Ол қыз – Оңлагүл Арзықұлова старостамызбен бір ауылда өсіп, бірге оқыса керек. Мектепxadте, сосын факультетте бірге оқу – ерекше құбылыс. Екеуі туған топырақтың қасиетінен болса керек деп санаймыз.

Оңлагүлден білсек, оны бала кезінде бүкіл ауыл Сақа деген екен.xa0Кейін бір кітабына алғысөз жазғанда рухани ағасы Шерхан Мұртаза да оны «Сақа» атаған.
Сақа. Ол да, біз де – асық атқан ауыл баласымыз. Сақа басқа асықтан анағұрлым ірі, сондықтан салмақты, қолға ұстағанға қолайлы келеді. Бояп қойса, тіпті көрікті. Иіріп, тастап жібергенде алшы түссе, өзіңді де айқұлақтандырып жібереді. Көзің түскен асықты шертіп атып қалғанда қалай мерейіңді үстем етеді.

Сақа – кезінде біз аударылмас деп жүрген староста сөзінің баламасы екен.xa0Оның қызметін құйып қойғандай дәл бейнелейді. Сөйтіп, декан Қожакеев жиырма бес студенттің ішінде сақа тағаxadйындаған Мейрембекке өмір кейін де осы міндетті жүктеп отырды.

Мейрамбек Төлепбергеннің сақалыxadғы кейін өмір сатысының түрлі басқышxadтарында байқалып тұрды.xa0Айталық «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаxadниясында департамент директоры болған жылдары. Қарамағындағы бірнеше қызметкерімен бірге біздің досымыз анау-мынау электровоз тарта алмас жүкті діттеген жерге жеткізіп жүрді. Онда Қорғастағы Алтынкөл стансасын және басқа комxadмуникациялық нысандарды салу енді басталған. Мейрамбек топты журналисті ертіп болашақта мұндай қандай сәулетті қала, экономикалық аймақ, логистикалық орталық болатынын түсіндіретін. Тілші қауымын ол жерде темір жол тұрмақ, кеден, экономика, сыртқы сауда, құрыxadлыс және басқа салалардың жілікті мамандары күтіп тұратын, кез келген сұрақтарға жауап берілетін.
Мейрамбек топты журналисті жинап алып, «Ақтөбе Қостанаймен, Арқалық Жезқазғанмен, Жезқазған Қызыxadлорxadдамен, Шалқар Бейнеумен байланысады әлі» деп сайрап тұратын. Тура геограxadфиядан сабақ беріп жатқандай. Онда Шар мен Өскеменді қосқан жол бітіп, Ақсу мен Курчатов арасындағы жол енді-енді салынып жатқан шығар. Мейрамбек ертек айтып тұрғандай көрінетін. Біледі екен, білген соң айтады екен. Енді бір кездегі курсxadтастар картаxadсымен айтсақ, Мылтықбайдың (Торғай даласы) ауылынан Әмірдің (Сыр бойы), одан Мұраттың (Маңғыстау түбегі) ауылына бір пойызбен жетуге болады. Соның бәрін әттең Сақамыздың осы үш курстасы да көрмей кеткені өкінішті.
Жоғарыдағы сөзімізде оның облыс әкімінің орынбасары болғанын тілге тиек етсек керек. Мұндай қызметке журналистер сирек жетеді. Біздің көз алдымызда облыс басқарған журналист Мұхтар Құл-Мұхаммед ғана. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне қалам ұстаған қауымнан Шыңғыс Мұқан, Мақат Садық, Рауан Кенжеханұлы сияқты аз ғана азамат жетсе, соның бірі Мейрамбек дейміз.

Мұнда да сақалығын көрсетті. Денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларын дамытуға үлес қосты. Таразxadдың мерейін асырған спорт сарайлары салынды. Қаншама әлеуметтік және өнер орындары жаңадан іске қосылды, ескілері жөнделді. Рас, қаржыны бюдxadжеттен депутаттар бөлгізетін шығар, бірақ Мейрамбектің талап қойғыштығы байқалмай қалмады.

Кейбіріне облыс әкімінің орынxadбасары ретінде тікелей жауапты болып, кейбіріне оның алдында немесе кейінірек ел-жұртқа жаны ашитын, жөн білетін ағалардың қатарында жүріп Тараздағы талай іргелі мәдени-рухани шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.xa0Иісі қазаққа ортақ Кененнің, Баукеңнің мерейтойлары тұсында, көзі тірі Шерхан Мұртазаны, Асанәлі Әшімовті, Күләш Ахметова мен Қаxadйырбек Асановты елге шақырып құрметxadтеуде бірқатар шаруаларға Сақамыз бас-көз болғанын білеміз.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Тараз қаласы таңдалғанда, бұл – аймақтағы атқамінерлерге де, менмін деген азаматтарға да үлкен сын еді. Сол сыннан сүрінбей өтуге кеңес беріп қоймай, білек түре кіріскеніне куәміз. Елдік тойын теледидар арқылы қазақ даласы тұрмақ, түркі әлеміне көрсету мақсатымен барғанымызда Мейрамбеxadгімізді аймақтағы қолынан нақты іс келген басшылар тобынан көріп, марқайғанбыз.
Сақа болмаса, депутат сайланар ма? Бергі үрдісте облыстардағы, Астана мен Алматы сияқты қалалардағы депутаттар тобында қалталы адамдар көптігі байқалатын. Орынды қаржысымен бірдеңе етіп ала ма, жоқ ақшалы адамнан аз да болса артық пайда келер деп халықтың өзі сене ме, мұны социологтар анықтай жатар. Біздің білуімізде, бұта басын шалар бизнесі жоқ журналистер: Мейрамбек Төлепбергеннің Жамбыл облыстық, Ержан Байтіxadлестің Қызыxadлорда облыстық, Қали Сәрсенбайдың Алматы қалалық мәслихаттарына депутат болуы – демократияның көріxadнісі. Ұлттық жаңғыру жорыxadғының баxadсында жүрген осындай әріптестеxadрімізге сүйсінеміз.

Депутат достарымыз сессияларда әкім баянxadдамасына бас шұлғып отырмай, дүр сілкінтер мәселе көтерxadгенде жаңғырығы Астанадағы бізге жетіп жатады. Осындайда журналисxadтердің «төртінші билік» деген алдамшы сөзді қанағат қылмай, биліктің нақты үш бұтағының бірі – заң шығарушы дәрежесіне жеткені қуандырады.

Сақа ретінде енді Қазақстан телерадио корпоxadрациясының Жамбыл облыстық филиалын басқаxadрып отыр.xa0Төңірегінде: жас журналист, режиссер, оператор, дизайнер, тағы басқалары. Оларға журналистикада не істеуді өзі үйретеді. Студент кезімізде «ойыншы-жаттықтырушы» деген ұғым болды. Әсіресе, командалық ойындарда: футxadбол, баскетбол, регбиде кездесіп жаxadтатын. Біздің досыxadмыз – соның дәл өзі. Күніне ондаған бағдарлама шығатын «Қазақстан – Тараз» телеарнасындағы «Сыр-перненің» автор-айташысы. Эфирді жүргізгеннің қалай екенін бастан өткізген тұлғаның телеарнаны басқарғандағы жетістігі ерекше болмақ. «Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген 180-ге жуық хабарды өз авторлығымен эфирге шығарды». Бұл 2016 жылдың басындағы есеп болса, алдағы уақытта футболда Криштану Рональдудың соққан доптары сияқты бұл санның да өсе түсері күмәнсіз.

Өмірдің ғажаптығына таң қалмасқа болмайды. Студенттік жылдарды бір аудиторияда өткізген староста досыxadмызбен міне, алпыстың асқарына іліккенде тағы да бір мекемеде қызмет етіп отырмыз. Ол әлі сақа. Саны сексенxadнен асатын қызметкері бар ұжымның басшысы. Баяғы 25 баланың жауапxadкершілігіне қарағанда, мұнда талап үлкен. Мемлеxadкеттік ақпараттық саясат. Күнделікті және суыт жаңалықтар. Қоғамды жаңғыртудағы Елбасы қойған міндеттер. Аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы. Тіпті «Тараз» командасының қалай доп тепкеніне дейін. Бәріне эфирден орын берілуі керек.

Доп тепкен демекші, бұл досыxadмыздың тағы бір қабілеті – спорт комментаторлығы.xa0Кезіндегі Қынаxadбай Аралбаев марқұм, қазір «Жетісу» арнасынxadдағы басшылардың бірі Мейрам Жанділдин сияқты сексенінші жылдар басындағы көгілдір толқында тікелей репортаж жүргізіп шыныққанның бірі. Содан шығар, ара-тұра қазіргі «Қазақxadстан» мен «Казспорт» телеарналаxadрындағы комментаторлардың орашалақ тілі мен қарадүрсін ойларын сынап көш-құлаш шолу жолдайтыны бар. Ерікxadкеннен емес, жаны ашығаннан.
Сонымен, біздің курстың сақасы енді үлкен ұжымның басшысы ретінде дүбірге толы мына дүниенің тынысын Қордай асуынан Шақпақ асуына дейінгі, Алатаудың өрінен Бетпақдаланың ортасына дейінгі алқаптағы қалың елге жеткізуде. Үлкен жауапкершілік. Қазіргі кезде күнділікті , үйреншікті тіршіліктен басқа террористік лаңкестік әрекеттер, су тасқыны, жердің дүмпуі де кездеспей қалмайды. Мұндай ақпаратты жеткізуде жеделдікпен қатар, жауапкершілік те үлкен. Сол сыннан бір ұжымның басxadшысы Мейрамбек Төлепберген сүрінген емес. Сүрінбесін де.

Саңлақ. Бұл сөзді үшінші сипатxadтама ретінде таңдап едік. Саңлақ журналист екені даусыз. Оны оқу бітіре салып орналасқан Алматы облыстық «Жетісу» газетінде дәлелдеген. Бұл – өте ерекше газет. Облыстық басылым болса да редакциясы ол жылдары астана Алматыда орналасып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің баспасының баспаханасында басылып шығатын. Редакцияның өзі «Социаxadлистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерімен, «Қазақстан коммунисі», «Ара» және басқа мүйізі қарағайдан басылымдармен бір ғимаратта еді. Осының өзі газеттің басқа облыстағы қатарластарына қарағанда, қағазының және безендірілуінің сапалы болуымен қоймай, ішіндегі материалдарының салмақты шығуына себеп болаxadтын.

Жұмабек Кенжалин «Социалистік Қазақстанда», Қали Сәрсенбаев, Дүрәлі Дүйсебаев үшеуіміз «Лениншіл жаста», Комунар Тәбеев, Болатбек Орманов «Қазақстан пионерінде» дегендей, бірнеше курстас ертеңгілік-кешкілік сол старостамызбен бір есіктен кіріп-шығатынбыз.

Алматыда басылатындықтан «Жетісу» газеті аптасына бес күн ертемен сиясы кеппеген қалпы алдымызда жатады.xa0Басқа достар: Әмір Оралбаев, Уәлихан Тоқпатаев, Өтеген Наукиев, Мылтықбай Исмағұлов, Иса Тасқұлов, Мұрат Әбуов және басқалаxadры не жазғаxadнын оқу үшін Алматыдағы бас почтамп жанындағы аллеяға баратынбыз. Алxadлеяның екі шетінде әйнектелген тақтайxadшалар тұратын. Оған облыстық газетxadтердің Алматыға келген жаңа нөмірлерін (анығында үш-төрт күн бұрынғы) айқара беттерін іліп тастайтын. Содан курсxadтардың фамиxadлиясын іздейтін едік. Енді мына интернет, элекxadтронды-сандық заманда ертек айтып отырған сияқтыxadсың.

«Жетісудан» журналист әріптесіxadміздің талай мақаласын қызыға, құныға оқып едік.xa0Кейбірі әлі есте. Одан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдаxadрының басында егемендікке иек арттық. Жаңғырту (ол кездегі Горбачевтің үкілеген атауы – қайта құру) желімен «Халық кеңесі» газеті шығатын болды. Жаңа республикалық күнделікті басылымға сайдың тасындай іріктелген журналистер жиналды. Жанболат Аупбаев, Марат Тоқашбаев, Самат Ибраиxadмов, Нұрдәулет Ақышев, Бақытxadжан Тобаяxadқовтармен қатар Мейрамбек те осында шақырылып, белсене қызмет атқарды. Ана тіліне мемлекеттік мәртебе әперу, республиканың тәуелсіздігі мен тұтастығына көз алартқандарға тойтарыс беру, Қазақстанның ғарыш державасы болуын негіздеу, ұлтаралық алауызxadдықты қоздырмақ болғандарды сабаxadсына түсіру – ол жылдардың басты әрі өзекті тақырыптары еді. Мылтығы, анығында қаламы қолыxadнан түспеген Мейрамбек Мылтықбайұлы осы жауапты шептерде елдікті қорғаған тілшілік күзетте тұрды.

Сосын елдің ең басты газеті «Егемен Қазақстанға» қызметке келді. Бұл – республикада жаңа Констиxadтуция арқылы экономикалық, құқықтық, әлеуметтік реформалар басталған тұс. Біздің сақамыз енді саңxadлаққа айналып, ең қажетті тақырыптарды толғады.

Жалпы, «Жетісу», «Халық кеңесі» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет еткен жылдары жазxadған мақаxadлалары бірнеше кітаптың өзегіне айналxadды.xa0«Сағасында Таластың бір ауыл бар», «Ақиқат алдында», «Саңырақ баxadтыр», «Баһадүр Бақтыораз», «Қос жүрек – бір тағдыр», «Заман сөзі» тура қазір біздің алдымызда жатыр. Көбін баспадан шыға сала оқығанбыз. Баспадан шыққан не, талайы мақала кезінде сол газет беттерінде тамсандырған. Қарап отырxadсақ, бәрі әлі өзекті.

«Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты филоxadлогия ғылымдарының докxadторы, профессор Әлімхан Жүнісбеxadковпен сұхбаты осыдан он жыл бұрын «Атамұра» баспасынан шыққан «Замана өзі» кітаxadбына басылған.xa0Оқыңыз: «Әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар: біріншісі – әліпби, екіншісі – таңба, үшіншісі – емле-ереже деңгейі». Міне, қазіргі күннің бағдарламасы.

Қазір Мемлекет басшысының ұлттық сананы жаңғырту жайындағы айтулы мақаласы қоғамға қозғалыс түсірді.xa0Бұл орайда Мейрамбек телеарна басшысы ретінде де, жеке журналист ретінде де өзіxadнің тың үлесін қосар, ал ХVІІІ ғасырда ел қорғаған Саңырық батыр, ХІХ ғасырда қазақ айтыс өнерінің жауһары болған Ұлбике Жанкелдіқызы, ХХ ғасырда бұрын ата-бабасы мінбеген әскери ұшаққа мініп Отан қорғаған Бақтыораз батыр, қазақ даласына соны спорт түрі, кейін Олимпиада алтынының кеніxadшіне айналған боксты әкелген Шоқыр Бөлтекұлы туралы зерттеу кітаптары – ұлттық сананы жаңғырxadтудың іргетасына құйылған материалдар деу керек. Әркім ұлттың рухани көгіндегі 100 есімді айқынxadдайды десек, біздің курстасымыз газеттегі, кітаптағы мақала, телеэфирдегі сұхбаттары арқыxadлы ондай тұлғалардың талайын насиxadхаттаған. Ұзақ жыл үкімет басқарған Бәйкен Әшімов, қаламгер Әкім Тарази, Қаратау қазынасын тапқандардың бірі геолог Хасан Исмурзин, кешегі күркіреп өткен соғыстың талай ақтаңдағын ашқан тарихшы Төлтай Балақаев – журналист кейіпкерлерін санап тауыса алмаймыз.

Мемлекет басшысының мақалаxadсында туған жерге қатысты терең ойлар бар емес пе?!xa0Бұл орайда Мейрамбек Төлепберген жиырма екі жыл бұрын шыққан «Сағасында Таластың бір ауыл бар» кітабыxadнан бастап әлі күнге туған жер жайындағы толғаныстан арылған емес. Еліне арнайы апармаса да ауылыxadның әрбір адамы, әрбір сайы мен тасы бізге таныс болып кеткен. Жазбалары арқылы да.

Электронды ақпарат саласындағы еңбегі тағы бір төбе. Өзінің «Қазақстан – Тараз» арнасындағы қазіргі хабарын айтпағанда, «Хабар» мен «Жетісу» және «Қазақстанда» көптеген бағдарламасы эфирден өтті. Жетісу өңіріндегі елге елеулі, халыққа қалаулы Кеңес Аухадиев, Бижамал Рамазанова, Сәкен Иманасов, Әбілсейіт Айханов, Ізбасар Балтағұлов, Алмабек Нұрышев, Нүсіпбек Әшімбаев сияқты аға-апалар оның «Аманат» хабарына қатысып, іргелі ойларын, жарқын естеліктерін айтты. Осы және басқа кейіпкерлердің кейбірі енді о дүниеге аттанып кеткенін ойласақ, олардың бейнесінің телевизияда, яғни ұлттық жадыда сақталып қалулары – Мейрамбектің тілші ғана емес, азамат ретіндегі еңбегінің арқасы.

Шерхан Мұртаза туралы деректі фильмінің атының өзі неге тұрады – «Шындықтың жебесі».xa0Төле би туралы фильмін қалай үкілеген – «Қазақтың кемеңгері». Мұндай журналистік ізденістер ізсіз кетуі мүмкін емес, ол үшін Мейрамбек Төлепберген респубxadликалық байқауларда талай жүлде алған.

Бір сөзбен, журналистика саңлағы.

Үш тарауды қосып түйіндесек, стаxadроста, сақа, саңлақ – біздің Мейрамбек.

Қайнар ОЛЖАЙ

Айқын. – 2017. – 3 мамыр (№64)


xa0
xa0