Құстар адамды үнемі қызықтырды. «Құстар» деген не? Одар қандай тіршілік иелеріне жатады? Әйгілі америкалық орнитолог Роджер Тори Питерсонның құстар туралы көпшілікке мәлім тамаша кітабы былай басталады: «Бүкіл жоғары сатыдағы жануарлардың ең әдемі, ең тәтті әуездісінің құстар екені сөзсіз, одар еріксіз өзіне тәнті етеді, адам көбінесе соларды зерттеп, қорғайды. Құстардың саны, басқа омыртқалылардың барлығынан едәуір артық, сондай-ақ олар жер шарының барлық жеріне дерлік — поляр мұздарының жиегінде және ең биік тау беткейлерінде өмір сүреді».
Шынында да құстар бардық жерде адамның айналасынан талбылады, тіпті кей кезде табиғи орта ретінде тұспалдауға келмейтін осы заманғы қала жағдайларынан кездестіре аламыз. Мұны адамдар көп жүретін қаланың кез келген жерінен байқап көруіне болады.
Біздің кітапхана кішкентай оқырмандарына «Атамұра» баспасынан жарық көрген А.Ф. Ковшарьдың «Қазақстан жануарлары» сериясынан «Құстар» атты мектеп энциклопедиясын ұсынады.
Ковшарь, А.Ф. Құстар [Мәтін] : мектеп энциклопедиясы — А.: Атамұра, 2010. – 352 б. -: сүр.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі — «Құстар класының жалпы очеркі», мұнда құстардың дене құрылысынан бастап, таралу және өмір сүруіне дейінгі құстар класына сипаттама беріледі. Осы бөлімнің бірінші және екінші тарауларынан құстар туралы мынадай жалпы түсінік берілген:
олар қандай тіршілік иелері; олардың жануарлар әлемі жүйесіндегі орны;
олар қашан және неден пайда болған;
олардың дене құрылысы тіршілік ететін ортасына қалай реттеліп бейімделген;
ұшу әрекеті деген не және ол құсқа не берді — құстарда ұшпайтын омыртқалы жануарлармен салыстырғанда қандай артықшылықтар пайда болды.
Үшінші тарауда құстардың жер шарында таралуына, олардың түрінің сан алуандығына, суда, су маңында, жер бетінде, орманда — өмір сүретін, яғни дүние жүзіндегі барлық құстар туралы жалпы түсінік беріледі.
Құстардың көбеюіне арналған төртінші тарауда, құсойнаққа, ұя салуға, жұмыртқалар инкубациясына және басқа ұя салу айналымының кезеңдеріне өте айқын мысалдар келтіріледі.
Келесі тарауда құстардың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы туралы баяндалады. Соңғы тарау алдыңғы тақырыпты жалғастыра отырып, құстарды қорғау қажеттігін дәлелдейді. Кітап туған өлке тірі табиғатының тіршілігіне қызығушыларға арналған.