Балалардың сүйікті ақыны. Совет Әлімқұлов тірі болса 80 жасқа толар едіҚазақ жазушыларының қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар Одағының үйінде табаны күректей он төрт жылдай қызмет істегенім өмірімнің ішіндегі ең бір белесті кезең ғой деп есептеймін. Өйткені «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істей жүріп, қазақтың қаншама қабырғалы қаламгерлерімен танысып, үлкеніне іні, кішісіне аға болдым десеңізші… Совет Әлімқұловтың туғанына 80 жыл толып отыр. Жерлес балалар ақыны Луговой ауданында 22 ақпанда дүниеге келген. Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесі мен қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Луговой, Меркі, Красногор ауданы газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Жамбыл ауданында «Шұғыла» газеті редакторының орынбасары және «Әулиеата» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Лирик ақынның тырнақалды туындысы 1958 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланған. Ал алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» деген атпен жарық көрген. Сол жинақта «Ленин және балалар» деген атпен бүлдіршіндерге арналған топтама өлеңдеріне ерекше тоқталған Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қалижан Бекхожин: «Совет үлкендерге жазудан гөрі балалар тілін табуға икемді екен. Ізденсе, осы жеңісінен қол үзбесе, бала жанын баурап әкететін дүниелер беруге икемділігі беки түсер, бәлкім» – деп атап көрсеткен. «Сол пікір ой салып, балауса балғындардың тілін тапсам деген үлкен талап қолына жармастым» депті балаларға өлең арнаудан алдына жан салмаған ақын өзінің бір жазбасында. Ақынның «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан «Жайсаң жер» (1968), «Күн көсем» (1970), «Қыран» (1971), «Еліктің лағы» (1972), «Өрімтал» (1974), «Қол айна» (1980), «Сыбызғы» (1982), «Ықылас» (1984), «Ораласың ба, көктемім?» (1986) жыр жинақтары мен бір актілі «Нұрлы дүние» пьесасы да басылымдардан жарық көрген……………(жалғасы бар) Қайырбек Асанов («Ұмытып кетпе мені» кітабынан 18.02.2013 ж.) |
|
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ. csmb@bk.ru, Разработано: Агентство «5-й Элемент» |