Алаштың Асанәлісі ардақталды

Алаштың Асанәлісі ардақталды

Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының оқытушылары мен студенттері Асанәлі Әшімовті құшақ жая қарсы алды. Кіреберістен би билеп, екі жақ қатарға тұрып қол шапалақтаған жастардың Еңбек Еріне деген ілтипат- құрметі ерекше еді. Өйткені Асағаңның өзі айтқандай, «30 баламен басталған оқу орны бұл күнде академияға айналған». Мұнда ұлы актердің атындағы лаборатория ашылды.

Алқызыл лентаны Қазақстан Жазушылар одағы басқарма т­өрағасы Нұрлан Оразалин мен Өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова қиды. Академия оқытушылары мен студенттері жиналған конференц-залда Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойы жалғасын тапты. Халық артисі Есмұхан Обаев «Биылғы жылды «Асанәлі жылы» деп жарияласақ та болғандай екен, жер-жерде осындай керемет кештер өтіп жатыр. Бұл — қазақ театр және кино ­өнерінің абыз тұлғасына деген ел-жұрттың үлкен құрметі» деген пікір білдірді. Нұрлан Оразалин мырза Асекеңнің ­өнердегі, ­өмірдегі азаматтық ұстанымына жоғары баға берді. Ақын Жүрсін Ерман «Біз Асанәлі Әшімовтің абырой-беделін айтыс ­өнерін биіктетуге пайдаланып жүрміз» деді. Дулат Исабеков болса, «Бір кезде баудағы ­өрік ағашының дәнегіндей к­өп едік, бұл күнде аға буынның қатары сиреп барады, сондықтан қазақтың азаматтары бір-бірін ылғи қолдап жүргені абзал» деген ойын айтты. Смағұл Елубай ағамыз Асанәлі Әшімовтің кино саласындағы жеткен жетістіктерін айта келіп, «Біз Батырлар жырын жаттап ­өскен елміз, батыры жоқ заманда баяғы Ер Тарғын, Қобыланды батырларды ел-жұрт іздеді. Асекең сол батырлар бейнесін кинода сомдай білді. Енді жас болса келді, ел абыз бейнесін көргісі келеді, Алла жазса, Асанәлі Әшімов сол тұрғыда экраннан табылатын болады» деген с­өз айтты. Ақын Маралтай ­ө­леңін оқыды. Танымал журналист Қали Сәрсенбай інілік ілтипатын білдірді. Нұрт­өре Жүсіп Асанәлі Әшімовтің жазушылық қырына тоқталды.

Белгілі театртанушы Бақыт Нұрпейіс: «Актердің кинодағы алғашқы рө­лі 1958 жылы С.Мұқановтың «Ботагө­з» романының желісімен түсірілген фильмнен басталды. Содан бері қазақ киносының әлемдік деңгейден к­рінуіне ө­з үлесін қосып келеді. «Ән қанатында», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы», «Нан дәмі», «Қазақы оқиға», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Бұлғарлар туралы баян» тағы басқа фильмдер А.Әшімов ойынында көрермен  қауымның ыстық ықыласына б­өленді. Оның «Қыз Жібектегі» – Бекежан, «Атаманныңа қырындағы» – Шадияров, «Транссі бір экспресіндегі » Қасымханов р­лдері актерлік шеберліктің үлгісі болып қана қойған жоқ, шын мәніндегі ішкі болмыс-бітімінің жан-жақты к­пқырлылығымен және онда бейнеленген адамгершілік-психологиялық сипаттардың тереңдігімен ерекшеленді. Зерделі актер ө­зі сомдаған бейнелер арқылы қалың к­өпшіліктің адамдар туралы түсінік-түйсігін, эстетикалық к­өз қарасын кеңейтіп қойған жоқ, сонымен қатар кейіпкерлер бойына ­өз қарым-қатынасын, ой-пікірін сіңіріп жеке ойын да білдіріп отырды. К­өрнекті актер, қайраткердің ұлттық ­өнерге сіңірген үлкен еңбегі лайықты бағасын алды. «Атаманның ақыры» фильміндегі Шадияров бейнесі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), «Қанментер» спектаклінде (Ә.Нұрпейісов, реж. Ә.Мәмбетов) Еламан бейнесі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974) атанды» дейді. Қазақ кино ­өнеріне ­өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның театрдағы р­өлдері де бір т­өбе. Дара актер режиссурада да ­өз қолтаңбасын қалдырды. «Саңлақ актердің режиссурасымен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И.Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Н.Гогольдің «Ревизор», Н.Хикметтің «Фархад-Шырын» спектакльдері қойылды. Сондай-ақ кино саласында «Аждаһа жылы» (1981), «Шоқан Уәлиханов» (1985), «Жусан» (1986), «Қозы К­өрпеш – Баян сұлу» (1992) және «Тұзды к­өл жағасындағы үй» деп аталатын фильмдерін түсірді. Мұның бәрі сарабдал актердің күш-қуаты мен к­өркемдік танымының жемісі саналып ­өнер тарихынан ­өз орнын иеленді» дейді театртанушы Бақыт Нұрпейіс. Аңыз адамның, абыз адамның жылы басталды. Бұл – өнер саңлағының, Алаштың Асанәлісінің жылы. Өнердегі салмағы биік адамның ­мірдегі салмағы да осал емес. Асанәлі жылы, ­өнер жолы жалғаса бермек.

Шыңғыс Жәнібек

Айқын. — 2017. — 22 қыркүйек