Құрметті балалар!
xa0 xa0 xa0 Сіздердің назарларыңызға кітапханамызға түскен жаңа кітаптарды ұсынамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі — өнеге мен тәрбие аламыз.xa0 Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына — кітап.
xa0 xa0 xa0 Халқымыздың тарихы тым ұзақ әрі дәстүрге бай. Сондықтан арғы тегі наным-сенімнен, шаруашылық еңбек тәсілінен келіп шыққан құндылыққа ие ұлттық ойындарымыз, халқымыз жаугершілік заманды, босқын тірлікті басынан кешсе де, жадынан шығармай, оны жалғастыру арқылы бүгінге жеткізіп отыр.
xa0 xa0 xa0Осы жолы ұсынылып отырған кітап халық арасына кең тараған балалар ойындарына арналған.
xa0 xa0 xa0ҚХР мемлекеттік, Шынжан және Іле облыстық жазушылар, фольклор қоғамның мүшесі Байахмет Жұмабайұлының «Қазақ балаларының байырғы ойындары» атты кітабын ұсынамыз.
xa0 xa0 xa0Жұмабайұлы, Б.xa0Қазақ балаларының байырғы ойындары [Мәтін] : [халық арасына кең тараған балалар ойындарына арн.] / Байахмет Жұмабайұлы. — Алматы : Абзал-Ай, 2020. – 256 б. : сур.
xa0 xa0 xa0Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын бұл кітап қашан да өз құндылығын жоймай, болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ақыл-парасатын жетілдіріп, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды құрал.
xa0 xa0 xa0Ежелгі ойын түрлері — «Жақ лақтыру», «Мұнданақ», «Атаман доп» сияқты 150-ге тарта түрі өз-өз алдына қызықты да алуандылығымен ғана емес, ұлттық даралығымен де назарға ілігеді. Соның ішінде «Балуан» (күрес) өнерін алсақ, оның өзіндік дара тарихы, іс-қимылы басқа ұлт күресінен өзгеше, әрі бұл күнде халықаралық күрес қатарынан орын алып отырғанын мақтаныш етуге болады.
xa0 xa0 xa0Халқымыз өзінде бар қызықты да қиян-кескі ұлттық ойындарымызды ежелден көз қарашығындай сақтап, бүгінгі ұрпақтарға аманат етіп отыр. Тіпті осы ойындардың бірлігі балалардың ақыл-ойы мен жалпы дене қуатына үйлестіре әзірленгендіктен, жалпы халықтық ойын түрлерімізді «Ересектерге және балаларга арналған ойындар» деп екі түрге бөліп қарастырылған.
xa0 xa0 xa0Екеуінің де мақсаты — адамның ақыл-парасатын жетілдіріп, дене қуатын арттыруға арналған. Сондықтан ұлттық ойын деуден гөрі ұлттық «Спорт ойын түрлері» деп айтуғаxa0xa0да болады.
xa0 xa0 Атадан балаға мирас болып жалғасын тауып келе жатқан осы ойындар бүгінгі ұрпақ үшін барынша құндылығын сақтап, ұрпақтың жадына сіңіру арқылы осы мұраларымызды дамытып, жетілдіріп бабалар аманатын орындап, ұрпақтың болашағына жауапкершілікпен қарау, міндетттің орындалғанның бір белгісі.
xa0 xa0 xa0 Бұл кітапта балалардың ақыл-парасатын жетілдіріп, дене қуатын арттыратын нағыз байрығы ойындарды талдап-саралап енгізілген.