Мәдениеттің өзегі — ұлттық тарих

Мәдениеттің өзегі — ұлттық тарих

xa0 xa0Халқымыздың рухын көтеру бағытында тап бүгін атқарылып жатқан істер бұрын-соңды қолға алынған емес. Елбасының халқымыздың санасын ұлттық құндылықтарымызды дамыта отырып қалыптастыру ұстанымыxa0 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»xa0 бағдарламалық мақаласы мен үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айшықталған. Оны Мемлекет басшысының биылғы Жолдауда айтқан мына сөздерінен анық байқауға болады. Елбасы: «Ұлттың әлеуетін артыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямыздыxa0 одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән – маңызы даxa0 нақ осында. Өзінің тарихын,xa0 тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық және жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалынаxa0 айналуы тиіс» деген болатын. Міне, сондықтан да Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыxa0 бұрын қолға алынған өрелі істерді одан әрі дамыта отырып,xa0 өңір тұрғындарыныңxa0 бабалар мен аталардан мұра болып қалған мәдениетімізді ұлттық тарихымыз арқылы тануы бағытындаxa0 жаңаша жұмыс істеудіxa0 үйлестіруде.xa0xa0

Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны ортағасырлық Тараз қаласының айналаxadсынxadда көптеген қалалар мен қорғандар, қамалxadдар мен керуен сарайлары бар. Соларxadды саралай келіп, бұрын көп зерттелxadмегендерін жаңғыртуды қолға алдық. Атап айтқанда, 2018 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарланған нысанxadдарxadдың ішінен Жамбыл ауданы Бектөбе ауылынxadдағы ортағасырлық Бектөбе (Жувикат VII-XII ғасырлар) қала жұрты таңдалынып, нысандарға қарастыxadрылған қаражат біріктіріліп, қалашықта 74 милxadлион теңгеге кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу көзделуде. Алдымен, оның Шахриxadстан бөлігіндегі шығыс қақпасы, оған жапсарлас жатқан көшелері мен тұрғын үй құрылыстарын, қоғамдық ғимараттардың (мешіт, медресе) бірін аршып зерттеу және археологиялық жұмыс жүргізіледі.

Ескерткіштің болашақта туристік нысан ретінде қалыптасуына мүмкіншілігі зор.xa0Ол Тараз қаласының батыс қақпасынан 2,5 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш «Көне Тараз» археологиялық саябағы, Қарахан, Айша бибі кесенелерін біртұтас туристік маршрутқа айналдыру қарастыxadрыxadлуда. Сонымен бірге, Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облысxadтан енген 8 тарихи-мәдени ескертxadкішxadтер айналасында нақты жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Олардың қатарына Тектұрxadмас, Қарахан, Айша бибі, Бабажы Хатун, Байзақ батыр кесенелері сәулет ескертxadкішxadтері, Ақыртас сарай-кешені, Ежелгі Тараз қалашығы, Меркі-Жайсан ғұрыптық кешені археологиялық ескертxadкішxadтері енді. Сондай-ақ Қазақстанxadның жергілікті мәндегі кіші қасиетті орынxadдарыxadның картасын жасау үшін жинақxadтаxadлып жатқан 500 ескерткіштің тізіміне Жамбыл облысыxadнан 27 ескерткіш ұсынылды.

Биыл «Әулиеатаның киелі жерлерінің картасы» жобасын іске асыру жоспарxadланып отыр.xa0Жоба аясында бағдарламаның мақсатына сәйкес, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген нысандардың фотосуреттері, сызбалары, аэрофотолары архивтік құжаттары және аңыз әңгімелері жинақталады. Жинақxadталxadған материалдар негізінде «Әулиеатаның киелі жерлерінің» картасы және кітап-альбомы дайындалады. Дайын болған карталар мен кітап-альбомдар баспадан шығарылады, ғаламтор желісіне «Сакралxadды картаның» 3D форматы және галограмxadмасы енгізіледі.

Сонымен қатар «Жамбыл облысының архитектуралық ескерткіштері» голограмxadмасы бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану музейіне орнатылды.xa0Бұл голоxadграмxadмаға облысымыздың киелі орындары енгізіліп, келушілердің тарихи-мәдени нысандармен жан-жақты тамашалауына мүмкіндік жасалды.

Тағы бір қуанышты хабар – көптомдық әдеби энциклопедия шығару.xa0Оны жүзеге асыру үшін ақылдастар алқасы мен арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы мақсатта және кітапқа керекті тың дерекxadтер алу үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен шығармашылық байланыс орнатылды. Сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстандағы дерек көздеріxadнен тарихи құжаттар жинақтау бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

Тұрғындардың мәдени-рухани сұраныxadсын қанағаттандыру мақсатында бірқатар тың жобалар іске асырылды.xa0Оның ішінде «Жаңарған Жамбылым» халықаралық ән конкурсы, «Туған жер – тал бесігім» атты республикалық ақындар айтысы, «Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбында Президент Архивінің Жамбыл облысындағы күндері және тағы да басқа 7 республикалық, 30-дан аса облыстық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ал көпшілік куә болған Жамбылдың туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республиxadкалық айтыс жоғары дәрежеде өтті.xa0Сонымен қатар жыл соңына дейін бірқатар халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі фестивальдер мен конкурстар ұйымдастырылады. Алдағы жылдары облыс әкімінің бастамасымен «Ежелгі Тараз» ашық аспанасты мұражайы кешенінің «Шахриxadстан» бөлігінде ортағасырлық үлгідегі бірxadнеше мәдени нысан бой көтермекші. Соныxadмен қатар Тараз қаласының саябақтары, скверлерлері жаңартылып, Бауыржан Момышxadұлы, Азамат және Ұлы Отан соғыxadсы жылдарында қаза тапқандарға құрxadмет, жауынгер интернационалистер, Жамбылxadдық жауынгерлер ескерткіштері Жеңіс саяxadбағында бой көтереді. Ұлы Отан соғыxadсыxadна қатысушыларының тізімі нақтыxadлаxadнып, арнайы мәрмәр тақтаға қашалып жазыxadлаxadды. Сондай-ақ Жамбыл атындағы «Рухаxadният» орталығы «Жамбыл атындағы музей» болып ашылып, «Руханият» орталығына жаңа заманауи үлгідегі ғимарат соғу мәсеxadлеxadсі қолға алынды. Жоғарыда айтылxadған жұxadxadмыстардың басым көпшілігі басталып кетті.

Атқарылған және биыл жүзеге асатын нақты істердің бәрі Елбасының Жолдауынxadда айтылған қағидаларды жүзеге асыруға бағытталған.xa0Бір сөзбен айтқанда, Жолдауxadда қойылған міндеттерді орындау рухани байлығымызды асқақтатып, мәдениетімізді көтеріп, тарихымызды тануға жол ашады. Мұның бәрі сананы жаңғыртуға, өзімізді өзіміз тануға, жас ұрпақтың Тәуелсіз Қазақxadстаxadнxadға деген мақтаныш сезімін молайтады. Ал бұл біздің басты мақсатымыз болып қала береді.

Дүйсенәлі Бықыбаев,

xa0Айқын. — 2018.xa0 —xa017 сәуір


xa0
xa0