Дулат Бабатайұлы — көрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері, тарихшы. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға болады.
Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. Дулаттың ақындық өнері XIX ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді.