Күндерімнің куәсі

Тарих – ұлттың өзегі, жаны екені даусыз. Батыр бабаларымыз тұлпар тұяғын дүрілдетіп өткен Ұлы Дала елінде, атажұртта отауын тігіп, қоныс тепкен қазақ халқының арғы-бергісінде қаншама тарихтың ізі  жатыр. Ал ол ізді тірілтіп, рухымызды өсіруге еңбек сіңірген ұлтымыздың маңдайы жарқыраған тұлғалары бізге күш береді. Ал сондай аяулы есімдердің бірі әрі бірегейі – филология ғылымдарының докторы, Мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға сайтымыздың Ай кітабы бетіне Мемлекет және қоғам қайраткері, аса ірі түріктанушы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың 85 жас мерейтойына орай «Күндерімнің күәсі» атты жеке күнделігін ұсынамыз:

Жолдасбеков, М. Күндерімнің куәсі [Мәтін] / Мырзатай Жолдасбеков. — Астана : Фолиант, 2017. – 320 б.

Автордың 1993-1996 жылдар арасын қамтитын күнделік жазбалары «Елшінің күнделігінен» деген атпен 1997 жылы «Ел тағдыры — ер тағдыры» дейтін кітабында жарияланған болатын. Одан кейін «Күндерімнің куәсі» (2007), «Күнделік сөйлейді» (2010), «Күндерімнің куәсі» (2012, екі том) дейтін күнделіктері  жарық көрді.

«Күндерімнің куәсі» де — сол күнделіктердің жалғасы, 2012-2016 жылдар арасын қамтиды.

Қай қаламгердің болмасын күнделігін оқып отырып, оның өмір өткелдерін, сол сәттегі көлеңкесіз көңілін, қуанышы мен мұңын, сағынышы мен сезімін көз алдыңызға әкелетініңіз анық. Мырзатай Жолдасбеков күнделігінің ерекшелігі — Тәуелсіз мемлекетімізбен замандастарымыздың өсу, калыптасу жолдарын тайға таңба басқандай көрсетіп отыр.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.