«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық бірегейліктің тірегі»
«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық бірегейліктің тірегі»
№6 кітапханасы қалалық мәдениет үйімен бірлесіп, 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық бірегейліктің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің әдіскері Жүнісов Айдосxa0 Батырбекұлы және білімгерлер қатысып, Тәуелсіздіктің басты нышандары мен мемлекеттік идеологияның негізі – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндігін білдіретін мемлекеттік рәміздер болып табылатыны туралы ой бөлісті. xa0Шара барысы рәміздер тарихы, маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, пікір алмасуға ұласты.