«Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар»

«Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар»

xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М.Әуезов атындағы кітапханасыxa0 «Жастар — кітап әлемінде» Жобасы аясында 12 тамыз Халықаралық Жастар күнінxa0 мерекелеу мақсатындаxa0 Шерхан Мұртазаxa0 атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Қалиев Сауран Қалиұлымен «Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар»xa0 аттыxa0xa0 сыр сұхбат өткізді.xa0 Кеш қонағыxa0 әрбір елдің ертеңі – жастар екендігі, сол себепті жастар саясаты деген ұғым қалыптасып, жастар мен жас мамандарға жан-жақты қолдаулар көрсетіліп жатқандығы туралыxa0xa0 әңгімеледі. Сонымен қатар қаламыздың жастар саясатын жүзеге асыруда аса маңызды орталықтарының бірі – Жастар ресурстық орталығы туралы, бойларында отанға деген сүйіспеншілігі бар, көзқарасы мен пікірі қалыптасқан, білімді азаматтарды тәрбиелеуге өз үлесін қосып жүрген кітапханалар туралы,xa0 еліміздің керегесі берік, шаңырағы мәңгі болуы үшін қанатын қомдап, туған жерінде еселі еңбек етіп келе жатқан жастар қауымы туралы ойларымен бөлісті. Оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жастарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарынxa0 ояту, әдебиеттерді насихаттау мақсатындаxa0 ұйымдастырылған xa0«Жастар бүгін және ертең» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалынды.