Халық ақыны, күміс көмей әнші әрі композитор Кенен Әзірбаев.
1937 жылы Кенен Әзірбаев КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Ал 1939 жылы әнші-композитор Әзірбаев КСРО Композиторлар одағының мүшесі атанды. Сол кезде халық ақындары ішінде екі бірдей одаққа мүше болған адам тек Кенен Әзірбаев болатын.