Әулиеата жастары

xa0 xa0 Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Білім мен ғылымның салтанат құруы Отанның еңсесін ешкімге бастырмауға сеп болатынын бүгінгі заман дәлелдеп отыр. Жамбыл өңірінің жастары да қашанда бастамашыл және ел тағдырына белсене араласуға дайын.

xa0 xa0 Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызғаxa0 сәуірxa0 айында — Ай кітабы бетіне, «Әулиеата жастары» облыстық жастар энциклопедиясын ұсынамыз.

xa0 xa0 Әулиеата жастары [Мәтін] : облыстық жастар энциклопедиясы / [құраст. Ғ. Абылай]. — Тараз : Формат-Принт, 2023. — 172 б.

xa0 xa0 Бұл кітапта киелі Әулиеата топырағында дүниеге келіп, әр түрлі салада өңір дамуы мен ел өркендеуіне үлес қосып жүрген жастардың өмірбаяны мен жетістіктері жинақталған.

xa0 xa0 Оқушы, студент кезінен бері белсенділік танытып, мемлекеттік жастар саясатына аяқ басқан патриот жастар, ауылдың спортынан тәлім алып, байрақты бәсекелерде еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшылар, ғылымда жаңашылдық әкелген білімді жастар, әдебиет пен мәдениетте ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген жас ақын-жазушылар т.б. ізденісте жүрген жастар «Әулиеата жастары» энциклопедиясына еніп отыр.

xa0 xa0 Жастар энциклопедиясының I томына студенттік жылдардан әлеуметтік лифт қалыптастырып, бүгінгі күнде ел мақтанышына айналған 186 жас енсе, II томдаxa0xa0 «Әулиеата үміті — 2022» жастар сыйлығының жеңімпаздары мен Әлем чемпионаттары мен халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарған, соңғы жылдары жетістікке жетіп, Әулиеата атын асқақтатқан 169 жас қамтылды.

xa0 xa0 Кітап көпшілік оқырмандарға арналады.