Тараз мұралары. Көптомдық. 80 т. Шона Смаханұлы. Өткірдің жүзі

Адамға қызмет — абыройлы міңдет екенін ерте сезінген ақын-сатирик Шона Смаханұлы шығармашылық мұрасында ұлтқа, халық мүддесіне қатысты мәселелердің бәрі -баршасына ерекше ден қойып әзіл-ажуа, сынсықақ, шымшымалары арқылы қоғам-кезең көріністерін, өмір-тұрмыс сырларын, адам мен оның еңбегін жоғары бағалап, зор маңыз берді.

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға, Ай кітабы бетіне ана тілінің жанашыры, Алматы қаласының қазақ мектептері мен балабақшаларын қазақыландыруға айтулы үлес қосқан, сайыпқыран сатирик, шоқ тілді ақын ретінде ерте танылған қаламгер Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай көптомдық «Тараз мұралары» атты кітабынің 80-ші томында сатириктің «Өткірдің жүзі» жинағын ұсынамыз:

Тараз мұралары [Мәтін]. Көптомдық. 80 т. Шона Смаханұлы. Өткірдің жүзі / [жауапты ред. М. Рысдәулет ; құраст. Т. Мұқашев, Б. Мақашев]. — Тараз : Galaxy, 2019. — 304 б.

Бұл кітапқа ұлттық әдебиеттегі сатира жанрының дамуында өзіндік орны бар дарынды қаламгер, қайраткер тұлга  Шона Смаханұлының әр жылдары жарық көрген туындылары еніп отыр. Қаламгердің туындыларында заманның бағыт-бағдары, қоғамның даму арнасы және онда орын алып отырған кемшіліктер сатираның уытты тілімен шынайы баяндалады.

Өмір кезеңдерінен айқын аңғарылатынындай, Жамбыл облысындағы Талас ауданының Ойық ауылында туған Шона Смаханұлы әке-шешеден ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді.

Сатирик-ақын Шона Смаханұлы артында мол әдеби мұра, азамат ретінде елеулі із қалдырған. Тоталитарлық заманда білім беру саласындағы солақайлықтарды сынап, қазақ мектептерін көбейту жолындағы белсенді іс-әрекеттері үшін «ұлтшыл» атанған күрескер ақын Шона Смаханұлының ұлттық рух, ата-баба дәстүрлерін жаңғыртуға бар қуатын арнаған. Ол бар саналы ғұмырын елін, Отанын сүюге арнап, сол жолда қызмет етіп, мемлекеттік тіліміздің нығаюына ерекше серпін күш беріп, қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан асыл азамат еді.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.