Ақкөздің ерлігі — Ұлт-азаттық көтерілісі
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa01916 жылдың маусым айында орыс патшасы Николайдың халықты тыл жұмыстарына пайдалану үшін әскер қатарына шақыру туралы жарлығы қазақтарды дүр сілкіндірді. Әр аймақта болыстар әскер қатарына қазақтардан шақырылуға тиіс 19 бен 45 жастағы азаматтардың тізімін жасап, уезд басшыларына тапсыру керек болатын. Біраз адамдар жастарын кішірейтіп, енді бірі жастарын үлкейткенімен қазақтың көбісі әскерге кететін болды. Алайда, патша жарлығына қарсы әр жерде көтеріліс тұтанып, келіспеушілік көбейді. Жұрт болыстардың үйлерін қиратып, тізімді жоюға қарсы шаралар ұйымдастырып, әскерге адам жібермеуді ойластырып, наразылық білдіре бастады. Тарихтан белгілі, осындай көтерілістің ең үлкені Торғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің бірін Алматы маңында Бекболат батыр ұйымдастырды.
Мұндайxa0наразылықxa0Меркіxa0менxa0Шуxa0жеріндеxa0деxa0бұрқxa0етті.xa0Бұл көтеріліске Ақкөз Қосанов жетекшілік етеді. Көтерілісшілердің саяси жетекшісі – Тұрар Рысқұлов. Ақкөз Қосановтың көмекші хатшысы болып Ысқақ Асимов бекітіледі.
Осыxa0көтерілістіңxa055xa0жылдығыxa0қарсаңында, 1971xa0жылы,xa0солxa0кездегіxa0«Еңбекxa0туы» (қазіргіxa0«Ақxa0жол»)xa0газетінеxa0мақалаxa0жазғанxa0едім.xa0Көтеріліске қатысқан бірнеше адамнан алған шағын сұхбатымның облыстық газетке жарияланғаны да есімде. Кейіннен Ақкөз Қосановтың туған-туыстары табылып, есімі Меркідегі Калинин мектебіне беріліп, алдына ескерткіші қойылып еді. Ал енді Ақкөз Қосановтың көтерілісі туралы айтатын болсақ, 1916 жылдың маусым айының аяғында Аспара болысы жақтағы қазіргі Алтын арық ауылының маңында 5-6 мың адам жиналып, оған Шу бойынан сиқым, жаныс руынан, Меркіден ботбай, шымыр руларының азаматтары келіп, елге сыйлы, беделді, батыр мінезді Ақкөз Қосановты ұлғайған жасына қарамастан, көтерілістің басшысы етіп сайлаған. Олар алдымен Шу өзенінің маңында орналасқан Новотроицк селосындағы орыс әскерін жойып жібереді. Кейіннен Меркі бекінісіне жасырынған орыс әскерлерін жойып, жау жағының біраз қару-жарағын жинақтап, қолдарындағы айыр-күректерін қаруға айырбастап алады. Көтерілістің саяси күреске айналуына Т.Рысқұлов басшылық етеді. Әулиеатадан келген орыс әскерлеріне де аямай соққы беріп, жеңеді. Бірақ, көп ұзамай Ташкенттен жеткен, Г.Савченко бастаған жазалаушы отрядтың 5-6 зеңбірегі, 10-нан аса пулеметі, атты әскер жасағы мен жаяу әскерлері болады. Қарулары аз, соғыс өнерінен хабары жоқ көтерілісшілердің қолға түскенін Меркі мен сол кездегі Луговойдың арасындағы бағаналардың әрқайсысына іліп азаптайды. Т.Рысқұлов Ташкентке, Ысқақ Асимов Бішкекке кетіп, бой тасалайды. Ал А.Қосанов Шу маңындағы шымырлар мен сиқымдардың арасына кетіп қалады. Дегенмен, көп ұзамай біреулердің айтуымен қолға түскен оны Новотроицк селосы маңына орналасқан орыс әскерлері ұрып өлтіреді. Осы көтерілісте менің атам Қоқай жараланып, көп ұзамай алған жарақатынан қайтыс болады. Міне, Ақкөз Қосанов көтерілісі осылайша біздің әулет үшін де қайғылы аяқталады. Ақкөзге атқосшы болған Андабай батыр бір аяғынан айырылады. Көтерілісшілерге аспаз болған өзбек жігіті Салижан да берірекке дейін ғұмыр кешті. Андабай да, Салижан да 1980 жылдары өмірден озған. Кезінде мен ол кісілермен кездесіп, сұхбаттасқан едім. Совет үкіметі орнаған соң Ысқақ Асимов Меркі ревкомының алғашқы төрағасы болып сайланады.
1916xa0жылғыxa0Ақкөзxa0көтерілісіxa0ұлт-азаттықxa0қозғалыстың,xa0тәуелсіздікxa0үшінxa0күрестіңxa0алғашқыxa0қарлығашыxa0десеxa0деxa0болады.xa0Осындай сан қилы қасіретке толы көтеріліске биыл 100 жыл толып отыр.
Мәскеу Ноқрабеков,
журналист.
Меркі ауданы
Ақ жол. – 2016. – 7 сәуір. – 3 б.
xa0
xa0