Жамбыл облысына — 85 ж.

Биыл қасиетті мекендегі Жамбыл облысы үшін ерекше жыл. Киелі құт дарыған өлкенің облыс болып құрылғанына 85 жыл. Бұл мереке облысымыздың өткені мен бүгінін жалғап тұрған межелі мезет, жетістік жаршысы десек те болады. Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Жамбыл өңірі – береке-бірлігі жарасым тапқан елдіктің тұғырлы мекені.  Жамбыл облысы Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауынан – Қаратауға, Қырғыз Алатауынан Бетпақдалаға дейінгі алқапты алып жатқан аймақ. Қазақ жерінің қасиетті де құнарлы, шуақты өлкесі. Жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл атамыздың атын иемдеген ежелгі Әулиеата жері – «алтын құрсақты» өңір. Күміс көмей әншілер мен дәулескер күйшілер, білікті билер мен білекті батырлар өткен бұл берекелі аймақ ән мен жырдың кені Кенен Әзірбаев, қылқобызды қүйқылжытқан Ықылас Дүкенұлы, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза сынды біртуары азаматтар осы өлкеде өмірге келген.

Облыс орталығы Тараз қаласының шежіресі төл тарихымыздың ажырамас бір бөлігі іспеттес. Тараз – еліміздегі ең көне, тарихи да тағдырлы шаһардың бірі. Әулиеата өңірі берекелі, шуақты өлке.

                                                                                                  Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға «Жамбыл облысына 85 жыл» атты виртуалды көрмемізді  ұсынамыз.

 

Көрмені қараңыз…