«КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ- ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫ ЖАУҺАРЛАРЫ»

«КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ- ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫ ЖАУҺАРЛАРЫ»

Абай атындағы орталық кітапханасында Тәуелсіздік күніxa0 қарсаңында оқырмандарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуxa0 мақсатында «Көркем әдебиет- ұлтымыздың құнды жауһарлары»xa0 атты оқырмандар байқауы өткізілді.

Байқауға 21-29 жас ерекшеліктерімен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Ережеде көрсетілгенxa0xa0 уақыттаxa0 проза және поэзия жанрлары бойыншаxa0 өзін таныстыру, ақпараттық шолу, көркемсөз шебері, сұрақ-жауапxa0 сынды байқаудың шарттарымен тапсырмалар орындады.xa0xa0 Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың шығармашылығын бағалау мақсатында олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамы бойынша жеңімпаздардыxa0 анықтады.

Проза жанры бойынша І-ші орынды Сәбеков Сұлтанбек, ІІ-ші орынды Аймахан Жәнібек,xa0 ІІІ-ші орындыxa0 Досым Сұлтан иеленді.

Поэзия жанры бойынша І-ші орындыxa0 Ілиясова Лаура, ІІ-ші орынды Балтабаев Мұқағали, ІІІ-ші орынды Апбасов Дидар иеленді.xa0xa0 Жеңімпаз оқырмандар әрбір номинация аясында алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.