Құрметті достар!
xa0 xa0 xa0 Бүгін, біз сіздерді ерекше бір кітаптың әлеміне саяхат жасауға шақырамыз. «Батыр-елдің жүрегі» — бұл тек кітап емес, нағыз ерліктің батылдықтың, және отансүйгіштік рухтың тарихы!
Бұл кітапта батыр бабаларымыздың ел қорғаудағы ерлігі, олардың мейірімділігі мен қайсарлығы туралы қызықты оқиғалар баяндалады.
Сіздерге ұсынғалы отырған кітап, балалар жазушысы Маркиза Базарбайқызының патриоттық тәрбиеге негізделгенxa0 «Батыр-елдің жүрегі»xa0 атты әңгімелер жинағын xa0назарларыңызға ұсынамыз:
xa0 xa0 xa0 xa0 Базарбайқызы, М. Батыр — елдің жүрегі [Мәтін] / Маркиза Базарбайқызы. — Алматы: Sardar G, 2024. — 144 б.
Бұл кітапты оқығанда сіз тек батырлардың ерліктері туралы біліп қана қоймай, сол дәуірдің тарихын түсініп, өз Отаныңызды сүюдің маңыздылығын сезінесіз.
Ер жүрек батырлар — елдің қорғаны Олар текxa0 қылыштың күшімен емес, жүректеріндегі әділдік пен сүйіспеншілік арқылы жеңіске жеткен.
Қымбатты балалар! Келіңіздер, «Батыр-елдің жүрегі» кітабынxa0 бірге оқып, батырлар әлеміне сапар шегейік. Бұл кітап сіздің жүрегіңіздеxa0 отансүйгіштік сезімін оятып, батыл болуға шабыт береді!
Әр бетінде сізді таңғажайып оқиғалар күтіп тұр! Ерліккеxa0 толы тарихты бірге оқиық!