Сәлем достар!
xa0xa0xa0 xa0 Мен жақында бір ерекше кітап оқыдым — аты xa0«Үкілі домбыра»! xa0Бұл кітапта біз қазақтыңxa0 ең кереметxa0 аспабы — домбырамен жақынырақ танысамыз. Домбыраның үні неге ерекше екенін сен білесіңбе? Ал оның үкісінің қандай xa0сыры бар екенін ше?xa0 Егер білмесең, бұл кітапта бәрі жазылған! Дәнеш ата бізге домбыраны сырлы әлемін ертегі сияқты әдемі етіп түсіндіреді. Сен де оқы, домбыраны одан сайын жақсы көріп кетесің!
xa0xa0xa0 xa0xa0Дәнеш Ахметұлыныңxa0 «Үкілі домбыра» кітабынxa0 оқуға шақыру — қазақтың өнері мен мәдениетінxa0 насихаттаудың тамаша жолы. Бұл кітапxa0 балаларға ұлттық аспап-домбыраның тарихын, оның ерекшеліктерін, сондай-ақ өнердегі алатын орнын таныстырады. xa0
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Сіздердің назарларыңызға, қазақ халқының рухани мұрасына айналған, өнерпаздықтың шынайы үлгісін көрсеткен Дәнеш Ахметұлыныңxa0 «Үкілі домбыра» атты шығармасынxa0 ұсынамыз:
xa0 xa0Ахметұлы, Д. Үкілі домбыра [Мәтін] : хикаяттар, ертегілер / Дәнеш Ахметұлы. — Алматы: Sardar G, 2024. — 304 б.
xa0Бұл туынды ұлттық өнеріміздің мәні мен маңызын терең ұғындырып, ұрпақ санасында мәңгілік орын алуға лайықты шығарма. Жазушы жинақтың хикаяттарға арналған бөлімінде, негізінен алғанда адам мен қоршаған орта, адамдардың жан-жануарларға деген кіршіксіз сүйіспеншілігін риясыз сөз етеді.
xa0 xa0 xa0 xa0Ертегілердің тақырыбы да, оқиғасы да алуан түрлі. Қай ертегіні алып қарасақта бала жанына әсер ететін ізгілік, адами асыл қасиеттер, кішіпейілділік пен сыйластық секілді өміршең жайттарды кездестіруге болады.
xa0 xa0 xa0 Кітап оқу арқылы домбыраның әуезді әлеміне саяхат жасаңыздар! Ұлттық xa0мұрамызды бірге дәріптейік! Оқыңыздар, шабыттаныңыздар және рухани азық алыңыздар!