Сәлем достар!
Балалар әдебиеті — үлкендерге де, кішкентайларға да шабыт сыйлайтын әлем. Сәбит Дүйсенбиевтің «Қағаз қайық» кітабы бізді балалалық шақтың шынайы әлеміне жетелейді. Бұл шығармада қағаз қайық сияқты қарапайым заттардың өзі терең ойға, қызықты оқиғаларға толы екенін байқамаймыз. Кітаптың әр беті бала қиялын ұштап, өмірдің маңызын түсіндіруге көмектеседі.
Сен кітап оқығың келсе, «Қағаз қайық» ал да, оқи бер. Сенің де қызықты оқиғаларға еніп кететініңе сенімдіміз. «Қағаз қайық» деген не? Ол қағаздан жасалған кішкентай қайық қой. Сен оны жасап, суға жіберген шығарсың, иа? Міне, осы кітапта сондай қызық оқиғалар айтылады. Сәбит ата бізге достық, мейірім, адалдық туралы әңгімелер жазған. Онда кішкентай балалар мен үлкендердің өмірі суреттеледі. Мен оқып отырып, өзімді сол кейіпкерлердің арасында жүргендей сезіндім. Кітапта табиғатта, адамдарда өте әдемі суреттелген. Мысалы, қайықтың суда қалай жүзіп бара жатқанын елестетсең көз алдыңда әдемі сурет пайда болады. Бұл кітапты оқығанда, сен де қағаз қайық жасап, оны суға жібергің келеді.
Сендердің назарларыңа Сәбит Дүйсенбиевтің «Қағаз қайық» атты керемет кітабын ұсынамыз:
Дүйсенбиев, С. Қағаз қайық [Мәтін] : әңгімелер, ертегілер, повестер, жолжазба, аудармалар / Сәбит Дүйсенбиев. — Алматы: Дәуір, 2024. – 304 б.
Жинаққа енген шығармаларда ұлттық бояу басым. Бала мінезі мен бала психологиясын жетік меңгерген автордың кез келген туындысы балалардың өзіндей мөлдір де таза, тәрбиелік мәні зор, әрі қиялға бай, ең бастысы жас ұрпақты туған елін сүюге, табиғаттың сырын білуге, үлкендерді құрметтеуге үндейді.
Кітап жас оқырмандарды нәзік сыршылдығымен, ғибраттылығымен, қарапайым бала тілімен баурап алары анық.
«Қағаз қайық»- әр отбасы оқуға тиіс көркем әрі маңызды туынды. Оқы да, қайықтай жеңіл армандардың қанатында самға!