Жер — жаһан ертегілері

     Балауса шағында ата-әженің ертегісін тыңдап өскен әрбір перзенттің бір тамыры руханият деп соғары анық. Ежелден ертегімен өренін тәрбиелеген, қиялын дамытып, арманын асқақ етуге мән берген халқымыздың осынау жанры әдебиеттің әліппесі секілді көрінетіні анық.

Ертегі әдебиеттін ең ежелгі жанрларының бірі, бірегейі, ауыз әдебиетінің іргетасы, негізі іспетті. Жылдарды, ғасырларды соңына қалдырып, халықпен бірге жасап келе жатқан ертегілерде ұлттың мәдениеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, арман-мақсаты, ерекшеліктері мен мінез-құлқы да бар. Ертегілер ғасырлар бойы тәлім-тәрбиенің оқу құралы қызметін де атқарып келеді.

Құрметті достар, сіздердің назарларыңызға «Жер — жаһан ертегілері» атты кітапты ұсынамыз.

   Жер — жаһан ертегілері [Мәтін] / [жинақтаған Ү. Кеңесбаева ; ред. Б. Хасанова ; «Мазмұндама» қоғамдық қоры]. — Алматы : Мазмұндама, 2022. — 324 б.

Әр ұлттың ертегісінде сол халықтың дүниетанымы, арманы, аңсары, тіршілігі мен өмір салты көрініс табады. Тіл мен кітап-халықтар арасындағы қарым-қатынастың негізгі құралы.

Ана тілінің ең бай қазынасы — халық ертегісі.

Заманалар өзгеріп, қоғамдар алмасып жатса да, ертегілердің бүгінгі, тіпті келер ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі, ұсынар үлгі-өнегесі ескірмейді, уақытпен бірге жасай береді.

Міне достар сан ұлттардың ертегілерінде жалпы адамзатқа тән, ортақ құндылықтар әр қырынан көрініс тауып, жинақтала келе, тәрбиелік мәні зор құнды дүниеге айналады.

Достар, сіздерге еліміздің аумағында тұратын түрлі халықтардың ертегілерін оқуға шақырамыз.