Құрметті жас оқырмандар!
«Денсаулық — зор байлық» — орынды айтылған сөз, және жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы — қоғамның байлығы деуге болады. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» — деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатыны анық. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып, салауатты өмір салтын ұстану, және де дұрыс тиімді тамақтану болып табылады. Осы орайда оқырмандарымызды дұрыс тамақтану және тағамдағы минералдардың маңыздылығы туралы хабардар етуді жөн көрдік.
Сіздердің назарларыңызға «Тағамдағы минералдар» — танымдық энциклопедиясын ұсынамыз. Бұл кітаптан минералдар, олардың пайда болуы мен қолданылуы туралы көптеген қызықты жайттарды оқи аласыздар.
Тағамдағы минералдар [Мәтін] : балаларға арн. энциклопедия / [Талғар жоғары медициналық колледжі ; жалпы ред. басқарған: А.О.Қасымбекова ; құраст. М. У. Кенжебаева]. — Алматы: Дәуір, 2025. — 48 б.
Адам ағзасына тіршілік етуі үшін қоректік заттар қажет. Қоректік заттар макро және микроэлементтерге бөлінеді.
Микроэлементтер — дәрумендер және минералдар.
Минералдар — өте маңызды қоректік заттар, олар ағзаның қалыпты жұмыс істеуі және денсаулықты сақтау үшін қажет. Адам ағзасынан 70-тен астам химиялық элементтер табылды, бұл тамақтану тұрғысынан жалпы минералдар деп аталады. Адам ағзасына қалыпты жұмыс істеу ушін кем дегенде 20 элемент қажет.
Мысалы: минералдар ірі минералдар (кальций, калий, магний, фосфор) және кіші минералдар (темір, мырыш, мыс, йод, селен, марганец және т.б.) болып бөлінеді.
Минералдар көп қызмет атқарады. Олар негізінен сүйекті құрайды, денедегі сұйықтықтар және көптеген зат аламсулардың бөлігі болып табылады, зат алмасудың белсенділігін реттеуші ретінде өте маңызды қызметтер атқарады.
Адам ағзасына минералдардың жетіспеушілігі келесі жағдайларда болуы мүмкін:
- адам бірыңғай біркелкі тамақ ішкенде;
- адам ұзақ уақыт бойы майлы тағамдарды немесе қантты жиі жегенде пайда болуы мүмкін;
- нәрестелерде, жүкті, бала емізетін әйелдерде, қарттарда, спортшыларда және белгілі бір ауруларға байланысты кейбір минералдарға қажеттілік артады;
- кофе, алкогольді шамадан тыс тұтынуда, сондай-ақ темекі шегу сияқты зиянды нәрселерді көп тұтынғанда минералдардың қалыпты сіңуі төмендейді.
Балалар, тағамдағы минералдар туралы толық мәлімет алу үшін осы кітапты оқып, онда айтылғандарды есте сақтап, күнделікті өмірде қолданып «Салауатты — өмір салтын» бірге ұстанайық.