Дрон сайыпқырандары

Құрметті жас оқырмандар!

     Бұл кітап — тек әскери техника мен дрон жайлы дерек емес, ол — ерлік пен намыс, отанға деген адалдық пен заманауи қаһармандардың шынайы бейнесін баяндайтын тағылымды еңбек. 

    Бұл туынды — қазіргі заманның батырлары туралы жазылған жас буынға үлгі болатын туынды. Технология мен рух, ұлттық сана мен жауынгерлік рух бір арнаға тоғысқан бұл кітап оқырманды терең ойға жетелеп, Отанды қорғаудың жаңа қырларын танытады. 

     Сіздердің назарларыңызға Неджати Акбабаның «Дрон сайыпқырандары» атты кітабын ұсынамыз.

     Акбаба, Н. Дрон сайыпқырандары. Жаңа өнертабыс [Мәтін] / Неджати Акбаба. ; [түрік тіл. ауд. Г. Файзулла]. — Астана: Фолиант, 2025. — 200 б.

     Неджати Акбабаның «Дрон сайыпқырандары» шығармасы. Ярен, Үміт және Окан — жақын достар. Үшеуі мектептің ең зерек оқушыларының қатарында. Олар қазір мектеп зертханасында дрон жасап жатыр. Үшеуінің арманы — нарықтағы қарапайым емес, көрінбейтін және өз-өзін қуаттайтын дрон ойлап табу.

     Мектептің бұзық балалары Неждет пен Кенан болса оларға қызғанышпен қарап, іздерінен аңдып, жобаларының күл-талқанын шығармақшы.

     Тіпті бірде олардың дронын құлатпақшы болып қауіпсіздік қызметкерлерінің аңшы дронына шабуыл жасады.

     Кенан мен Неждет қауіпсіздік қызметкерлеріне әрекеттерінің себебін қалай түсіндіреді? Ал дрон жасаушы үш дос алдарында кездескен қиындықтарды жеңіп шыға ала ма?

     Балалар осы сұрақтарға жауап беріп көрініздерші.

     Автор оқырманды түрік халқының рухы мен қайсарлығын, сондай-ақ болашақ соғыстардың сипатын терең ұғына білуге жетелейді. «Дрон сайыпқырандары» — жаңа буынды ұлттық мақтаныш пен жауапкершілікке баулитын әсерлі шығарма.