Динозаврлар — жер бетінде мезозой дәуірінің басым бөлігінде үстемдік етіп, сондай-ақ, жойылып кеткен омыртқалы жануарлардың Dіnоsauгіа атты жоғары тобына жататын өкілдері. Бұл дәуір үш кезеңді қамтиды:
Триас (шамамен 252-201 млн жыл бұрын), Юра (201-145 млн жыл бұрын) және Бор кезеңі (145-66 млн жыл бұрын). Алғашқы динозаврлар триас кезеңінде пайда болып, тез арада барлық құрлықтарға таралып, түрлі экологиялық орталарда тіршілік ете бастаған.
Динозаврлардың басты ерекшелігі — олардың аяқтары денені тік ұстап тұру қалпы. Бұл ерекшелік оларды басқа жорғалаушылардан ерекшелендіріп тұрады.
Жас оқырмандар, сіздерге ГүльжанНазымбетованың (ғылыми-танымдық кітап) «Қазақстан динозаврлары» атты кітабын ұсынамыз.
«Қазақстан динозаврлары» атты ғылыми-танымдық кітаптан, оқырман көне дәуір кезеңінде динозаврлардың Қазақстанның қай аймағында тіршілік еткенін, олардың өмір сүру салты мен жойылып кету себептерін біле алады.
Жинақта динозаврлардың сыртқы бейнесі, мінез-құлқы мен өмір сүру ортасын көрнекі түрде сипаттайтын 65 түрлі-түсті иллюстрация берілген. Бұл көрнекі материалдар, динозаврларды жақсырақ түсініп, ежелгі жануарлардың түрлерін есте сақтауға көмектеседі.
Кітап оқушыларға, студенттерге, мұғалімдерге және оқытушылар мен ғалымдарға, сондай-ақ, дүниежүзінің көне тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған